Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет70/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118
§10. УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК

Көркем әдебиеттің кеңістік пен уақытты игеруде өзіндік ерекшелігі бар. Музыка, пантомима, би, қоюшы режиссуралықпен қатар, ол өнерге жатады да, ондағы образдар қабылдау кезінде қатаң ұйыдастырылған уақыттық созылмалыққа ие болып келеді. Бұл оның пәндігімен байланысты осы турасында Лессинг: сөз өнері туындысының өзегінде – іс-әрекет жатыр, яғни, уақытта ішінде болатын, не болмаса, сөз уақыттық созылмалылыққа ие болатын процестер деп жазды. Кеңістікте орныққан қозғалыссыз заттардың жағдаятын сипаттау оқырманды зеріктіретіндіктен сөз өнері үшін қолайлы емес, сондықтан да: "... кеңістіктегі денелерді салыстыру бұнда уақыттағы сөз жүйелілігімен соқтығысқа түседі" деп пайымдайды Лессинг[555].


Соынмен бірге, әдебиет кеңістіктік ұғымының аясына енеді. Сұңғат пен сурет өнерінің өзгешелігі, олар тікелей сезімдік нақтылыққа, материалдық толықтық пен көрнекілікке ие болып келмейді, тек жанамалықпен ғана үйлесіп қабылданады.
Дегенмен, әдебиет болмысты ең алдымен уақыттық созылмалық арқылы игереді деп есепеген Лессингтікі көп жағдайда дұрысты пікір. Сөздік образдылықтың уақыттық бастауы кеңістіктікке қарағанда үлкен нақтылыққа ие болып келіп: монолог пен диалогтар құрамындағы суреттелетін уақыт пен уақыттың қабылдануы не көп, не аз мөлшерде бір-бірімен сәйкеседі де, драмалық туындылардағы көріністер (әңгімелеуші жанрлардағы олармен туыстас эпизодтар) уақытты тікелей нақтылықпен айшықтайды.
Әдеби туынды бойына шексіз және сан алуан және терең мәністегі уақыттық және кеңістіктік көрініс табулар сіңірілген. Бұл арада ғұмырнамалық (балалық, жастық, азаматтық, кәрілік), тарихи (дәуір мен ұрпақтар ауысуы, қоғам өміріндегі ірі оқиғалардың сипаттамалары), ғарыштық (мәңгілік және ғалам жайындағы тарихи ұғым-түісніктер), күнтізбелік (маусым ауысымы, жай күндер мен мерекелер), тәуліктік (күн мен түн, таң мен кеш) тұрпаттардағы , сондай-ақ, өткенге, бүгінге және болашаққа қатысты қозғалыс пен қозғалыссыздықтың ұғынымдарының образдары тән болып келеді. Д.С. Лихачевтың айтуынша, дәуірден дәуірге аяқ басқан сайын әлемнің, уақыт образының өзгермелігі туралы түсінігі кеңейе, тереңдене түсіп, әдебиетте үлкен мәнділікке ие болды да: қаламгерлер "қозғалыстың көп формалығын", "уақыт өлшеміндегі әлемге билік жүргізе білулерін" айшықтай алатындықтарын барынша толық айқын аңғарады[556].
Әдебиетте кеңістік келбеті түрлі сипатта: тұйық және ашық, жер мен ғарыш, ақиқат және қиял кеңістік образдары, нәрселік жақындық пен алшақтық туралы ұғым-түсініктер ұшырасады. Әдеби туынды жақындастыру, түрлі тектегі кеңістіктерді бір арнаға тоғыстыру қасиетіне ие: "В Париже из-под крыши / Венера или Марс / Глядят, какой в афише / Объявлен новый фарс" (Б.Л. Пастернак. "В пространствах беспредельных горят материки...").
Ю.М. Лотманша, әдеби шығармашылықта "кеңістік ұғым-түсінігінің тілі" "ілкі және негізгі болып табылады". Н.В. Гоголь шғыармашылығын қарастырған ғалым кеңістікке бағытталған көркемдік маңыздылыққа ие кеңістік шекарасын тұрмыстық фантастикалық, жабық және ашық деп сипаттады. Лотман Дантенің "Құдіретті комедиясының" образдық негізін басты кейіпкердің жүзеге асыратын қимыл-қозғалыстарындағы әлем құрылымның әмбебап бастауы сипатындағы жоғары және төмен ұғымдары құрайды; ал, М.А. Булгаковтың "Шебер мен Маргарита"романында ең бастысы үй мотиві, бұндағы "тікелей ұғымдар" "кеңістік тілін" айшықтау мақсатында қолданылады деп тұжырымдайды[557].
Әдебиетте айшықталатын әлдебір біртұтастықты түзетін уақыттық және кеңістіктік ұғымдар М.М. Бахтиннің ізін ала хронотоп (көне. -гр. chronos – уақыт және topos -орын, кеңістік) деген атауды иеленді. "Хронотоп, деп тұжырымдайды ғалым, -определяет әдеби туындының көркем бірлігінің шындық болмысқа қатысын анықтап береді <...> Әдебиетегі уақыттық-кеңістіктік анықталу <...> қашанда эмоционалды-құндылықты реңке ие". Бахтин идиллиялық, мистериалдық, карнавалдық хронотоптар, сондай-ақ, жол, жол айырық (дағдарыстар мен күрт өзгерістер аясы), қорған, қонақ үй, салон, шет аймақтық қала (сұрықсыз өмірлі) хронотоптары да бар деп қарастырады. Ғалым хронотоптық (мекенжай-Б.Майжанов термині) құндылықтар, хронотоптың сюжеттүзуші рөлі турасында сөз етеді де оны формалды-мазмұндық санаттама деп атайды. Ол деп атап көрсетеді. н подчеркивает, что көркем-мағыналық (өздік мағыналық) сәттер уақыттық-кеңістіктік анықтама беруге көнбейді, бірақ та, сонымен бірге, "кез келген мағына аясына аяқ басушылық тек хронотоптар қақпасы арқылы жүзеге асады"[558]. Бахтиннің бұл айтқандарына алып-қосарымыз, әдеби туындыдағы хронотоптық бастау көз оған философиялық сипат үстеуге, тіпті, егерде қаһарман мен әңгімегі пәлсәпа соғуға бейім болмас да әлем келбетіндегі тұрмыс образына тұтастық ретіндегі сөздік тін "енгізуге" қабілетті.
Әдеби туындыда уақыт пен кеңістік екі ұшты айшықталады. Біріншіден, көбіне мотив және лейтмотивтер түріндегі (басым жағдайда лирикада) символдық сипатқа ие болып, белгілі бір әлем келбетін таңбалайды. Екіншіден, олар біз құлық қоятын сюжеттердің негізін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет