Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет69/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118
§9. ТАБИҒАТ. ПЕЙЗАЖ

Әдебиеттегі табиғаттың көрініс беру формасы сан алуан. Бұл әрі мифологиялық әлеуетті ендірілім, әрі поэтикалық кейіптеу, әрі эмоционалды реңтегі (мейлі ол жеке үн қосу немесе тұтастай монологтар болсын) пікір білдіру және де хайуанаттарды, өсімдіктерді суреттеп, басқаша айтар болсақ, портреттерін сомдап, ақыр соңында, пейзаждың өзін (фр. pays - ел, өңір) – кең кеңістікті бейнелу.


Адамзат тәжірибесінде табиғатты туралы ұғым әу бастан өзгеріссіз маңызға ие. Мифологияның ең ірі зерттеушілерінің бірі А.Н. Афанасьев 1860-ші жылдары "табиғатты сезімдік пайымдау" ең әуелі "тілдің өмірге келу дәуірінде", архаикалық мифтер кезеңінде ілесе жүрді деп жазды[542].
Фольклорда және әдебиеттің ежелгі кезеңдеірнде табиғаттың пейзаждан тыс образы үстемдікке ие болып: оның әлеуетті мифологияланып, кейіптеніп, персонданып кейбірде осы сипатында адамдар өміріне араласты. Оның айқын мысалы – "Игорь жасағы туралы сөз". Адами әлемді заттар мен табиғат құбылыстарымен салыстыру кеңінен орын алды: қаһараманды – бүркітпен, сұңқармен, арыстанмен; әскерді – жасақпен; қару-жарақ жарқылын – найзағаймен және т.с.с., сондай-ақ, аталымдардың эпитеттермен ұштасуы, әдетте, өте тұрақты болып келеді: "высокие дубравы", "чистые поля", "дивные звери" (соңғы мысалдар "Орыс жерінің құруы туралы сөзден" алынды). Тап осындай образдылық бізге таяу дәуірлердің әдебиетінен де ұшырасады. Пушкиндік "Өлі патшайым мен жеті батыр туралы ертегіні" еске түсірейік, онда ханзада Елисей өзіне қалыңдық іздегенде күнге, айға, желге сұрау салады, ал, олар оған өз жауаптарын береді; немесе лермонтовтың өлеңдеріндегі "Аспан бұлттары...", онда ақын тек табиғатты суреттеп қана қоймайды, сонымен бірге онымен әңгімелесді де.
Ғасырлар бойы хайуанаттардың образдары да қалыптасып, адами әлемге қатысты не болмаса, оған ұқсасып келді. Ертегілер (мифтерден бастау алған) және мысалдардан өрбіген арқау жіп Франциска Ассизскийдің "Гүлшелеріндегі" "бауырым бөрі" және "Сергей Радонежскийдің ғұмырындағы" аю, ары қарай – толстойлық "Холстомер", лесковтық "Тағы", бұнда жосықсыз жәбірленген аю король Лирге теңеледі, чеховтық "Каштанка", рассказ В.П. Астафьевтің "Трезор мен Мұхтары" және т.б. туындыларға ұласады.
XVIII ғ. әдебиетінде пейзаждар сирек ұшырасады. Бұл табиғатты "ережесінен" гөрі көзге ұрып тұратын өзгешелік еді. Дж. Боккаччо "Декамероннның" үшінші күнінің новелласындағы ғажайып бақты суреттеу бір мезетте хайуанаттар бағы да болып табылады. Немесе "Мамай қырғыны туралы сөзде" бірінші рет ежелгі орыс әдебиетінде пайымдаушы және сонымен бірге бір мезетте табиғатқа деген терең ықылас танытушы көзқарас көрініс табады [543].
Пейзаждың сөздік-көркем образдылықтың буыны ретінде өмірге келуінің уағы – XVIII ғасыр[544]. Суреттеме поэзия (Дж. Томсон, А. Поуптарда) табиғат келбетін кеңінен айшықтап, ол кезде (кейінен де!) көпшілік жағдайда өткеніне опынған элегиялық әуен басым болып келді. Ж. Делильдің "Бақтар"поэмасындағы қараусыз қалған ғибадатхана образы тап сондай. В.А Жуковскийдің ("Ауыл зираты", 1802) тәржімасы арқылы орыс поэзиясына жол тартқан Т. Грейдің атақты "Ауыл зиратында жазылған Элегиясы" дәл осындай. Ж.Ж. Руссоның "Тәубесіндегі" (автор-әңгімеші, ауыл ландшафтына (жер райына) сүйсіне отырып, өз қиялында өткеннің ғажайып, суретін төмендегідей төгілтеді: "мәймие қайысқан дастархан мен көгалдағы қызықты ойындар", "ағаш басындағы мәуелі жемістер") және (зор ауқымда) Н.М. Карамзинде (бейшара Лиза суға кеткен тоғанның суреттемесінде) элегиялық әуезедегі пейзаждар ұшырасады.
XVIII ғ. әдебиетіне енген рефлексия табиғатты пайымдауды жетеледі. Және тап осы жайт әдебиеттегі пейзажды бекемдей түсті. Бірақ та, жазушылар табиғатты бейнелей отырып, белгілі бір жанрға біршама деңгейде бағынышты, мейлі саяхат, элегия немесе сипаттама поэма ол болсын, стереотипке, клишеге ортақ жерлерге тәндіктің құрсауында қалды.
Пейзаждың сипаты XIX ғ. алғашқы он жылдығында Ресейде А. С. Пушкиннен бастап қатты өзгерді. Ендігі жерде табиғаттың образы алдын ала кесіліп-пішліп қойған жанр мен стиль заңына, әлдебір заңдылықтарға бағынышты болмай, әр көрініс беруінде қайтадан жаңара туындап, ешкім күтпеген және батылданушылық болып айшықтала түсті. Дербес-авторлық табиғатты пайымдаудың дәуірі туып, дәурені жүрді. XIX-XX ғғ. әр ірі қаламгері басым жағдайда пейзаж формасындағы өзінің ерек те, айырықша табиғат әлемін өмірге әкелді. И.С. Тургенев пен Л.Н. Толстойдың, Ф.М. Достоевский мен Н.А. Некрасовтың, Ф.И. Тютчев пен А.А. Феттің, И.А. Бунин мен А.А. Блоктың, М.М. Пришвин мен Б.Л. Пастернактың туындыларында табиғат авторлар және олардың кейіпкерлерінің тұлғалық маңыздылығы ретінде игерілді. Бұл жерде сөз табиғат пен оның феномендерінің әмбебаптығы турасында болып отырған жоқ, қайта оның қайталанбас, жекелік көрініс берулері жайында: дәл сол арада, тап қазір көрінетін, естілетін, сезілетін адамның көңіл күйіне қозғау салушылық және туындатушылық төңірегінде қозғалып отыр. Оның үстіне, табиғат аумалы-төкпелі болып келіп, түрлі қалыпта көрініс тауып отырады. И.С. Тургеневтің "Орман мен дала" жазбасынан бірнеше фраза келтірейік: "Аспан шеті сулеленді;... Жарық асау ағындай құйылды ..." "Соғыс және бейбітшілікте" Л.Н. Толстой еменнің тұрған орнына қатысты бірнеше күнге созылған соғыс қимылдарының қалай өткендігін танытады. М.М. Пришвинде табиғаттың таусылмас алапат қимылы танылады. Оның күнделігнде: "Қарасам болды бәрі басқаша күйге түседі; маусымдар түрлінше болып алмасады да; жұлдыз бен ай аспан көгінде қилынша орын тебеді..."[545].
XX ғ. әдебиетінде (әсіресе, лирикалық поэзияда) табиғатқа субъективті көз тігу заттылықтан, жер жағдайының нақтылығынан басым түсіп, белгілі бір кеңістік өңдеуге ұшырайды не болмаса, тіптен жоқ болып кетеді. Блоктың көптеген өлеңдері тап осындай, ондағы пейзаждық нақтылық тұман мен сағымды қараңғылықтың қойнауына сүңгіп жоғалады. 1910-1930-шы жылдардағы Пастернакта әлдене (басқаша, "көңілділік" реңктегі) сезіліп тұрады. Осылайша, "Қайыра туудағы" "Толқын" өлеңінде табиғаттан алынған әсер кеңістік келбеті (өздік пейзаждар) түрінде айшықталмайды. Бұндай жағдайда, табиғатты эмоционалдық күш-қуатпен қабылдаушылық кеңістік-түршілдік, "ландшафтық" тұстардан үстем түседі. Сәттің субъективті маңызы бұл арада "алға шығарылып, ал, пейзаждың заттылықпен толықтырылуы екінші кезеккке ысырылады "[546]. Бүгінде қалыпты лексикаға сүйене отырып, бұндай табиғат орразын "кейігпейзаждық" деп атаймыз.
Табиғат образ (әрі пейзаждық, әрі басқалары) терең және мүлдем бөлек мазмұндық мәнге ие болып келеді. Адамзаттың көп ғасырлық мәдениетінде адамның табиғаттың тұтстығының ізгілігі мен мәнділігі туралы, олардың терең де, бір-бірінен ажырағысыз байланыстылығы жайында ұғым-түсінік тамырын тереңге жіберіп отыр. Бұл көрініс беру көркемдікпен түрлінше бой көрсетеді. Табиғаттағы адам күтіп-баптап, жайтақан бақ мотиві барлық елдер мен барша дәуірлердің сөз өнеріне тән болып келеді. Бақ кейде бүкіл әлемді символдайды. "Бақ қашанда әлем жайындағы, адамның табиғатқа қатысы турасында әлдебір философияны айшықтайды, бұл өзінің идеалды сөз кестеленуі бар шағын әлем" деп атап көрсетеді Д.С. Лихачев [547]. Інжілдік Эдем бағын (Быт. 2:15; Иез. 36:35) немесе гомердің "Одиссейіндегі" Алкинойдың бағын,.. еске түсірейік. И.С. Тургеневтің романдары, А.П. Чеховтың ("туындылары Шие бағында" "... барша Ресей біздің бақ" деген сөздер айтылады), И.А. Буниннің поэзия мен прозасы, А.А. Ахматованың өлеңдері авторларының жүрегіне жақын, патша ауылы тақырыбындағы бақтар мен саябақтарсыз мүлдем мүмкін емес.
Тұмса табиғаттың ілкі құндылығы мәдени-көркем сананың игілігіне тек таяу уақытта ғана айналды. Бұндағы шешуші рөлді, әлбетте, романтизм (Бернарден де Сен-Пьер мен Ф.Р. де Шатобрианды еске түсіретін) дәуірі ойнады. Пушкин мен Лермонтовтардың (ең бастысы өңтүстік, кавказдық) поэмалары жарық көргеннен кейін тұмса табиғат бейнесі отандық әдебиетте бұрынғыға қарағанда кеңінен айшықталып, адами әлемінің құндылығы ретінде өзектене түсті. Адамның тұмса табиғатпен және оның стихиясымен тілдесуі дербес тұлғаның рухани байығуының ұлы ізігілігі, ерек бастау көзі сипатында таныла бастады. Оленинді (Л.Н. Толстойдың "Казактар" хикаятындағы) еске түсірейік. Кавказдың ғажйаып табиғаты оның өмірін ажарландырып, оның күй кешуін анықтайды: "Оның ойында да, сезімінде тек таулар, таулар орын алды". День, проведенный Олениннің орманда өткізген күнінде (XX б. – "өте толстойлық" айқын табиғат суреті орын тебеді), өзін қырғауыл немесе масаға ұқсастығын айқын сезініп, қоршаған ортамен тұтастықта болуды іздеуіне, жани сәйкесімдікке сене түсуіне түрткі бола түседі.
Адам мен табиғат әлемі арасындағы терең тамырлас байланысқа қол жеткізу, жазушы-философ М.М. Пришвиннің шығармашылығында бой көрсетіндігін бәріміз білеміз, "табиғатсыз мәдениет тез демігетіндігіне" және тіршіліктің поэзия өмірге келетін терең түпкірінде "адам мен түз тағысы арасында еш йаырмашылық болмйады" дегенге қаламгер сенімді болып келеді[548]. Жазушыға түсініктісі сол: хайуанаттар мен өсімдіктер әлемін адамдармен біріктіретін және үнемі ынтықтыратын "ілкілік", заманалық пен өркениеттік. Пришвин табиғатқа қатысты табандылықпен табиғаттағы: "Әр жапырақ бірін-бірі ұқсамайтын"[549] индивидуалды қайталанбайтын бастау көздерді және адам жанына жуықтылықты қарастырды. Қаламгер ницшелік дионистік концепциямен кіндік үзе отыра, табиғатты гумандықпен сорпасы қосылмайты, көзсіз дүлей стихия ретінде емес, адаммен тұтасқан, рухани төркіндескен: "Ізгілік пен әдемілік табиғат сыйы, жаратылыс әлеуеті" деп ойлап, күй кешті[550]. Пришвин өзінің күнделігінде көрген түсі турасында (ағаштар оған бас иеді): "Сколько грациозной ласки, привета, уюта бывает у деревьев на опушке леса, когда входит в лес человек; и потому возле дома непременно сажают дерево; деревья на опушке леса как будто дожидаются гостя..."деп ой толғайды[551]. Қанша жерден адамдар табиғатпен кіндіктес десе де, соынмен бір мезетте Пришвин адамдары кері табиғат аясына шақыратын (Руссо рухы мен Ницше мәнеріндегі) бағдарламалардан, табиғат құшағына біржола сіңісетін жалған "алтын ғасырға" өтуден аулақ: "Адам жерге табиғатты жалғастырмайтын жаңаны береді, ола адами жаңа қондырылым: жаңа үн, жаңа, күәнадан арылушы әлем, жаңа аспан, жаңа жер – бұл турасында "өмір" дінінің расулдары мойындағысы келмейді[552]. Жазушының адам мен табиғат туралы ойлары оның көркем прозасында, әсіресе, XX ғысырдағы орыс әдебиетінің ең үздік туындысы болып табылатын "Жень-шень" (1-ші ред. -1933) хикаятында айқын көрініс тапты. Табиғат және оның адами болмыспен қатысы турасындағы пришвиндік концепциясымен әр халық үшін өзі-өсіп-өнген және өмір сүруін жалғастырушы "топырақтарының" мәдениетпен байланысы ажырағысыз маңызды да ізгі деп ой түйіндеген белгілі тарихшы Л.Н. Гумилевтің идеясы үндесіп келеді[553].
XIX-XX ғғ. әдебиеті адам мен табиғаттың достық және ізгі тұтасуының жағдаятына ғана емес, сонымен бірге, әрқилы түсіндірілетін олардың арасындағы ірге ажыратушылық пен қарама-қайшылыққа да қол жеткізді. Романтизм дәуірнен бері қарай, табандылықпен адам мен табиғаттың ірге ажыратуы трагедиясының қайғылы, дімкәс мотивінің үні естіліп келе жатыр. Бұл жерде көшбасшылыққа Ф.И. Тютчев ие. Міне, осы авторға тән оның "Певучесть есть в морских волнах..." өлеңіндегі мына бір тармақтар:
Невозмутимый строй во всем,
Созвучье полное в природе,
Лишь в нашей призрачной свободе
Разлад мы с нею сознаем.
Откуда, как разлад возник?
И отчего же в общем хоре
Душа поет не то, что море,
И ропщет мыслящий тростник?
Соңғы екі жүз жылдықтың әдебиеті табиғатты қайыра түлетушілер мен бағындырушылар турасында талай мәрте сөз етті. Осы тақырып И. В. Гете "Фаустының" финалының екінші бөлігінде және А. С. Пушкиннің "Мыс салт аттысында" трагедиялықпен көрініс тапты. Бұл тақырып басқа реңкте қуанышты-эйфориялықпен кеңес әдебиетінің көптеген туындыларына тән болып келеді. "Адам айтты Днепрге:/ Қабырғаға қамаймын,/ Сен биіктен құлайсың,/ Ағындаған суыңмен/ Машина аттйа шабады/ Пойыздар шығар өкіріп". Осындай өлеңдерді 1930 жылдардың оқушылары ауыздарынан тастамай айтып жүрді.
Писатели XIX-XX вв. жазушылары талай мәрте суық өңді табиғатқа жаткөздікті айшықтады.
Төңкерістің алғашқы жылдарындағы шығармашылықта, әсіресе, В.В. Маяковскийге тән "Портсигар в траву ушел на треть..." (1920) өлеңінде адам қолынан шығатын өнімдерге табиғаттан асыра мәртебе беріледі. Онда "құмырсқасымақтар" мен "шөпсымақтар" күміспен өрімдеп әсемделген портсигарға шектерін тарат таң қалса, ол жек көрушлікпен: "Эх, сен... табиғат!" Құмырсқасымақтар мен шөпсымақтар "өзінің теңізі мен тауы бар табиғат адамның қасында түк емес" деп байыптайды ақын. Міне, табиғат анаға қатысты осындай қатынас М.М. Пришвинді қағыс қалдырмай дау-дамайға түскізеді.
Модернистік, әсіресе, кейігмодернистік әдебиетте табиғаттан бойды аулақтау қатаңдау сипатқа ие бола түсіп: "табиғат бұдан былай табиғат емес, табиғи құбылыстың сыртқы кейпін ғана сақтаған "тіл", үлгілеуші санаттамалардың жүйесі ғана болып табылады"[554]. XX ғ. әдебиетінің "тірі табиғатпен" байланысының әлсіреуі, біздіңше, жазушылар арасында орын алған бүгінгі әдеби санадағы кәсіби, корпоративтік-үйірмелік, қалалық тар ауқымды "тіл марапасымен" ұғындырған оңдымды. Біздің заманымыздың осы әдеби бұтақтануы өзін түгелдей түгесімей, ХХ ғасырдың екінші жартысында да қаламгерлер тарапынан өз жалғастығын тапты. Бірақта табиғат орбазы сөз өнері үшін қашанда мәңгілік тақырып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет