§2. КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ҚҰРАМЫ
Көркем тілдік амал-тәсілдер әр текті және сан алуан қырлы болып келеді. олар жүйе құрайды, осыған P.O. Якобсон мен Я. Мукаржовскийлердің қатысуымен жазылған "Прага лингвистикалық үйірмесінің тезистерінде" (1929) назар аударылып, поэтикалық тілді зерттеу бойынша формалды мектептің жасағандарының қорытындысы шығарылды. Онда көркем тілдің басты қатпарлары белгіленген.
Бұл, біріншіден, лексика-фразеологиялық амал-тәсілдер, яғни, шығу төркіндері, эмоционал "айтылуы" әр қилы: жаңдан пайда болған сөздерді қосқандағы жалпы қолданыстағы және сирек қолданыстағы; төл және кірме сөздер; әдеби тілдің нормасына жауап беретін және одан ауытқитын, тіпті түбегейлі бейәдептенетін: вульгаризм мен "былапыт" лексикадағы сөздер мен сөз тіркестерін іріктеп алу. Лексика-фразеологиялық бірлікке тілдік морфологиялық (грамматикалық) құбылыстар да енеді. Мысалға, орыс фольклорындағы еркелету, кішірейту мәндегі суффикстер тап сондай. Көркем тілдің грамматикалық қырына P.O. Якобсонның жұмыстарының бірі арналды, онда Пушкиннің "Я вас любил..." и "Что в имени тебе моем" өлеңдеріндегі есімдіктер жүйесіне (бірінші және үшінші жақтағы) талдау жасау тәжірибесі қолға алынды. "Түрлі уақыт пен санның контрастары, ұқсастықтары мен аралас-құраластығы етістік формалары мен етістерде өлеңдердің жекелген композициясында тіпті жетекші рөлге ие болады" деп тұжырымдайды ғалым. Және де, осындай поэзиядағы (ажарсыз, яғни, меңзеуден ада) "грамматикалық фигуралар" тұспал образдарды басып жаншитындығын аңдайды[594].
Бұл, екіншіден, сөздің тар мағынасында сөйлеу семантикасы: ауыспалы мағыналы сөздер, астарлау, троптар, ең алдымен, А.А. Потебня поэтикалық пен образдылықтың бірден бір бастау көзі деп таныған метафора мен метонимия. Көркем сөз өнері өзінің осы қырынан халық пен қоғамның бай тілдік қызметіндегі сөздік ассоциацияларды қайыра түлетіп, жаңғыртады [595].
Көпшілік жағдайда тура және ауыспалы мағына арасындағы шекара (әсіресе, XX ғ. поэзиясына тән) жоғалып, бір сөзбен айтқанда, заттардың төңірегін тегіреуніді айналсоқтап, тікелей таңбаламайды. Ст. Малларме, А. А. Блока, М.И. Цветаева, О.Э. Мандельштам, Б.Л. Пастернактардың көптеген өлеңдері ретсіз ой түйіндеу немесе сипаттауға ие болып келіп, сырттай шатасқан өздік сөз саптаудың тілі күтпеген ассоциациялануға ұшырайды. Бұл ақындар сөз өнерін сөзді ұйымдастырудың логикалық нормаға басы байлылылығынан құтқарды. Хал кешу сөзде еркін де, қысылып-қымтырылмаушылыққа айналды.
Смычок запел. И облак душный
Над нами встал. И соловьи
Приснились нам. И стан послушный
Скользнул в объятия мои...
Не соловей -то скрипка пела,
Когда ж оборвалась струна,
Кругом рыдала и звенела,
Как в вешней роще тишина... ;
Как там, в рыдающие звуки
Вступала майская гроза...
Пугливые сближались руки,
И жгли смеженные глаза...
Блоктың осы өлеңіндегі образдылық көп қырлы. Бұнда табиғаттың ормандағы тамылжуы, бұлбұлдың сайрауы, мамырдағы найзағай бейнеленеді; және де махаббат толқуы турасындағы еске алу әңгімесі; зарланған скрипка әуенінен әсер алу суреттеледі. Және де (ақын еркі бойынша) оқырман үшін не шындық болмыстан, не лирикалық кейіпкердің фантазиясынан туындағандығы түсініксіз болып қалады; бұнда таңбаланушы мен сөйлеушінің көңіл-күйі арасындағы шекара өтеді. Біз ишара және ассоциация тілімен ғана айтып жеткізуге болатын күй кешулердің тереңіне бойлаймыз. О.Э. Мандельштам өз жанына жақын заманалық поэзия туралы: "Шынымен зат сөздің қожасы ма? – Сөз – Психея. Тіріг сөз затты таңбаламайды, оны өз еркімен үй қарастырғандай, белгілі бір заттық маңызы, заттылығы тартымды пошымына қарай таңдайды. Және де сөз заттың төңірегінде өзі тастап шыққан бірақ денесін ұмытпаған жан сияқты кезіп жүреді" деп жазды[596].
Ары қарай (үшіншіден, төртіншіден, бесіншіден...) көркем тіл оқырманның ішкі естуіне арналған қатпарларды өз бойына сыйғызады. Бұл интонациялық-синтакситік, фонетикалық, ырғақтық бастау көздер, біз енді осылар турасында сөз ететін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |