Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет114/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§2. ӘДЕБИ ДАМУДАҒЫ КЕЗЕҢДІЛІК

Әдебиеттануда түрлі елдер мен халықтардың әдеби дамуында жалпылық (қайталанбалық) сәттердің ұшырасуы турасындағы, үлкен тарихи уақыттағы "поступательном" қозғалыстың біртұтастығы жайлы ұғымдар ешкім дау тудырмайтындай болып орнықты. Д.С. Лихачев өзінің "Әдебиеттің болашағы зерттеу тақырбы" атты мақаласында әдеби шығармашылықтағы тұлғалық бастау көздің өрістей өсе түскені турасында, оның гуманистік сипатының күшейе түскені жайында, реалистік тенденциялардың және қаламгерлердің форма таңдаудағы зор еркіндігінің кең қанат жая бастағындығы жөнінде, сонымен қатар, тарихи көркем сананың тереңдей түскені хақында сөз етті. "Сананың тарихилығы адамнан өзінің өздік санасының тарихқа қатысты пайымдалуын талап етеді. Тарихилық "өздік бас тартумен", өзінің парасатының шектеулігін сезіне білу қабілетімен байланысты" деп тұжырымдады ғалым[909].


Әдеби процес кезеңінде батыс еуропа елдеріндегі, әсіресе, роман елдеріндегі біршама айқындылықпен және толықтай өзін таныту адамзат тарихының белгілі бір кезеңіне сай келетіндігі дағдылы жайт. Осыған байланысты әдебиет ежелгі, орта ғасырлық және өзіндік даму кезеңдері бар (Қайта Өрлеудің ізін ала – барокко, классицизм, Ағартушылық өізнің сентименталистік бұтағымен, романтизм, ақыр соңында, модернизммен табысты бәсекеге түсіп, XX ғ. өмір сүрген реализм) Жаңа уақыт әдебиеттері деп бөлінеді.
Ғалымдар Жаңа уақыт әдебиеті мен оған дейінгі жазба әдебиеті арасындағы кезеңдік айырмашылықтарды біршама деңгейде түсіндіріп бере алды. Ежелгі және орта ғасыр әдебиеті туындыларда көркемдіктен тысқары функциялардың (діни-мәдени, жоралғылық, ақпараттық және іскер және т.б.) молынан ұшырасуымен; кең тарған анонимдікпен; "шығармагерлікке" қарағанда ауызша аңыздар мен бұрыннан бар мәтіндерге жүгінуді құп көретін жазба әдебиетіне қарғанада ауызша сөз өнерінің үстемдік құруымен сипатталды. Ежелгі және орта ғасыр әдебиетінің басты нышан-белгісі мәтіндердің тұрақсыздығы, ондағы "өз" және "өзгелік" оғаш қоспалардың ұшырасуы, нәтижесінде тұпнұсқа мен аударманың арасындағы меженің "шайылып кетуі" болып табылды. Жаңа уақытта әдебиет өздік көркемдік құбылыс ретінде эмансипатцияланады; жазбашалық сөз өнерінде басымдыққа ие формаға айналады; ашық индивидуалды авторлық белсене түседі; әдеби даму үлкен динамизмге ие болады. Бұның барлығы еш дау тудырмайды.
Ежелгі және ортағасырлық әдебиеттің ара жігін шектеу өте қиын. Бұл Батыс Еуропаға (ежелгі грек және көне римдік антикалық "солтүстік" елдердің орта ғасырлық мәдениетінен түбегейлі өзгеше) қатысты проблема тудырмаса да, ең алдымен өзге, шығыс, аймықтық әдебиеттерге зер салған шақта күмән мен дау-дамай тудырады. Иә, ежелгі орыс әдебиеті де шын мәнісінде орта ғасырылық жазба әдебиетінің типі болды.
Әлем әдебиеті тарихындағы пікірталас туғызып отырған басты сауал: Қайта Өрлеудің көркем мәдениеттегі, оның ішінде, сөз өнеріндегі географиялық шекарасы қандай? Мәселен, Н.И. Конрад пен оның мектебінің шәкірттері Қайта Өрлеу тек қана Батыс емес, сонымен қатар шығыс аймақтардағы қайталанушы, әрі вариациялы жаһандық құбылыс деп санаса[910], басқа беделді мамандар Ренессансты батысеуропа (ең бастысы итальяндық) мәдениетке тек қана тән ерек және төлтума құбылыс деп қарастырады: "Итальян Ренессансың бүкіл әлемдік маңызға ие бола алмауының себебі, басқа орын алған ренессанстар арасында өл өзінше типтік, әрі үздік еді, ал басқа ренессанстар болған жоқ. Сондықтанда ол жападан жалғыз еді"[911].
Оның үстіне замана ғалымдары батысеуропалық Қайта Өрлеуді апологетикалық дәстүрлі бағалаудан бойларын аулақ салып, оның қосарлылығын айқындады. С одной стороны, Ренессанс бір жағынан – мәдениетті толық еркіндік және тұлға тәуелсіздігі концепцияларымен, адамның шығармашылық мүмкіндігіне көзсіз сену идеяларымен байықтырса, екінші жағынан – қайта өрлеулік "табыс философиясы <...> авантюризм мен аморализмнің рухынан нәр алушылық" болып табылады[912].
Қайта Өрлеудің географиялық шекарасының проблемаларын талқылау барысында негізінен "еуротектілік" деп атауға болатын тек қана батысеуропалық мәдени-тарихи тәжірибеге бағдар ұстанған әлемдік әдеби процестің дәстүрлі кестесінің қол байлаулығы мен шектеулігі анықталды. Және де ғалымдар соңғы екі-үш онжылдықтар көлемінде (бұл ретте көшбасшылық тізгіні С.С. Аверинцевқа тиеді) әдеби дамудың кезеңдері турасындағы дәстүрлі ұғымдарды толықтырып, әрі оны белгілі бір мөлшерде қайта қарастыратын концепцияларды ұсынып, әрі негіздендірді. Бұл жерде, біріншіден, сөз өнеірнің өздік ерекшелігі, екіншіден, еуропалық емес аймақтар мен елдердің тәжірибелерін есепке алушылық бұрынғыға қарағанда зор ауқымда қарастырушылықпен орын алды. 1994 ж. қорытындылаушы сипаттағы "Әдеби дәуір алмасуындағы поэтика санаттамалары" ұжымдық малаларда бүкіл әлемдік әдебиеттің үш сатысы бөліп көрестіліп, сипатталды.
Бірінші саты – бұл фольклорлық дәстүр сөзсіз ықпалдылыққа ие "архаикалық кезең". Бұнда мифтіпоэтичкалық көркемдік сана басымдыққа ие болып келіп, әрі сөз өнерінен үстем рефлексия жоққа тән, сондықтан, не әдеби сынға, не теориялық штудияға, не көркем шығармашылық бағдарламаларға орын жоқ. Бұның барлығы тек Ежелгі Грекиядан б.з.д бірінші мың жылдықтарда басталып, XVIII ғ. ортасына дейін жалғасқан әдеби өмірдің әдеби процесінің дамуының екінші сатысында пайда болды. Осы бір өте ауқымды дәуір көркем сана мен "стиль және жанрлар поэтикасындағы" дәстүршілдіктің кеңінен орын алушылығымен аталып өтті: қаламгерлер риториканың талабына жауап беретін алдын ала дайын сөздік формаларға бағдар ұстанып, жанрлық канондарға бағынышты болып келді. Осы екінші кезеңнің аясында, өз кезегінде, екі этап бөлініп шығады да, олардың шегі болып Қайта Өрлеу (бұл жерде, бір байқайтынымыз сөз басым жағдайда еуропа көркем мәдениеті турасында болып) табылады. Осы орта ғасырлықтың орнына келген этаптардың екіншісінде әдеби сана тұлғасыздық бастау көзден тұлғалыққа қарай (әлі де дәстүршілдік аясынан қол үзіп кетпесе де) қадам жасайды; әдебиет біршама мөлшерде зайырлана түсті.
Және де, ақыр соңында Ағартушылық дәуірі мен романтизмнен бастау алған үшінші кезеңде авансценаға "индивидуалды-шығармашылық көркем сана" шығарылды. Бүгіндері риторика жазып сызып берген жанрлық-стильдік билеп төсеушіліктің шынжырын үзген "автор поэтикасы" үстемдікке ие. Бұнда әдебиет бұрындары ешқашан болмаған "адам болмысына тікелей және нақтылай өте жуықтап келіп, оның шаруасына, ойларына, сезімдеріне тереңдей еніп, сол қалпында өмірге әкеледі"; индивидуалды-авторлық стильдердің дәурені басталады; әдеби процесс "бір мезетте әрі жазушы тұлғасымен, әрі оны қоршаған шындық болмыспен" тығыз ілік-шатыстыққа түседі[913]. Осының бәрі XIX жүз жылдықтың романтизмі мен реализмінде және бір шама мөлшерде біздің ғасырымыздағы модернизмде орын. Әдеби процестің осы құбылысына біз назар аударатын боламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет