§3. МӘДЕНИ ДӘСТҮР ОНЫҢ ӘДЕБИЕТ ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Конмәтін құрамындағы әдеби шығармашылыққа түрткі болудың жауапты рөлі антропологиялық универсалиялар (бүгіндері әдебиеттанудың назары басы бүтін ауып отырған архетиптер мен мифтіпоэтикаға) және ішкі дәуірлік нақтылық (біздің "дейігқайта құрулық" он жылдықтардағы табандылықпен алға жылжытылған замана қаламгерінің шектен тым қарама-қайшылығы) арасындағы аралық буынға жүктелген. Жазушы іс-әрекетінің конмәтіндегі осы аралық буын теориялық әдебиеттануда жете игерілмеген, сондықтан біз ол таңбаланған "сабақтастық", "дәстүр", "мәдени жады", "наследие", "ұзақ тарихи уақыт"терминдердің мәніне ғана ежегейлей назар аударамыз.
""Новый мир" редакциясының сұрағына жауап" (1970) атты мақаласында М.М. Бахтин, 1920-шы жылдардан бастап ресми жарияланып, әрі жалпыға ортақ болып қабылданған міндеттерге қатысты өзінің дауын айтқанда "шағын тарихи уақыт" және "ұзақ тарихи уақыт" сөз тіркестерін қолданды, оның біріншісіне – замана жазушысын, ал, екіншісіне – оған дейінгі дәуірлердің қаламгерлерін жатқызды. Ол заманалық өзінің өте зор, ал, көп жағдайда шешуші мәнін сақтайды. Ғылыми анализ оның бойынан үнемі әлденені тауып <...> әрі оны үнемі онымен салыстырып отыруға міндетті" деп жазды. Бірақ деп сөзін жалғастырды Бахтин: "Оны (әдеби туындыны.- В.Х.) бұл дәуірмен тұйықтауға еш болмайды: оның толықтығы тек үлкен уақыт аралығында ғана ашылады". Соңғы сөз тіркесі ғалым пікіріндегі әдеби шығармашылықтың генезисінің тірегі мен тініне айналады: "...туынды өз тамыр тегімен алыс дәуірлерлерге кетеді. Әдебиеттің ұлы туындылары ұзақ ғасырлар бойы дайындалып, олардың өмірге келген сәтінде ұзақ та, күрделі пісу кезеңінің жемісін тереді". Бахтиннің ойынша, ақыр соңында қаламгердің іс-әрекетін ұзаққа келе жатқан "мәдениеттің әлеуетті ағыны (әсіресе, төменгі халықтық)" айқындайды[890].
"Традиция" (лат. traditio берілу, табыстау) сөзі екі бірдей мағынан аясында шектеген заңды. Біріншіден, бұл қайталау мен вариациялау (бұл арада әдетте, "традиционность" және "традиционализм" сөздері қолданыс табады) түрінде бұрынғы тәжірибеге сүйену болып табылады. Бұндай дәстүр қатаң қалыпқа түсіріліген бұлжытпай орындалуы талап етілетін өзінің салт-дәстүрі, этикеті, жөн-жоралғысы болады. Дәстүршілдік (традиционализм) ұзақ ғасырлар бойы, тіпті XVIII ғасырдың орта тұсына дейін әдеби шығармашылықта ықпалды болып келіп, жанрлардың канондық формаларында айқын көрініс тапты. Кейінен өзінің бұрынғы ықпал-беделінен біржола айрылып, өнер саласына өзінің кесірін тигізе бастады да: "дәстүрдің тозығы", "автоматтанған амал-тәсілдер" және т.б. деген пікірлер айналымға енді.
Өзгеріске түскен мәдени-тарихи жағдайда ғұрыптық-жоралғылық бастау көз бірте-бірте әрі қоғамдық, әрі адамдардың жеке өмірілерінен ығыстырылып шығарылып, оның орнына "дәстүр" терминінің қоғам, халық, адамзат құндылығына бағдар ұстанған мәдени тәжірибенің мұрагерлігіне ие бастамашылық және шығармашылық (белсенді таңдамалы және байытушы) деп ұғылатын басқа мәні өзектенді (бұл әсіресе, XX ғ. әдебиетінде айқын аңғарылады).
Мұрагерліктің мүлкі болып "шығармашылық әсер етулерге" толы ұрпақтан ұрпаққа өтіп сақталып байыға түсіп отыратын әрі атақты мәдени ескерткіштер (философия мен ғылым, өнер мен әдебиет), сондай-ақ, әрі көзге онша шалына бермейтін "өмір тіндері" де табылады[891]. Бұл дегеніміз – сенім-наным аясы, имандылық ұстанымдары, мінез-құлық пен саналылық формалары, қарым-қатынас стилі (бұнда отбасының ішкі өмір соңғы орында тұрмайды), күнделікті психология, еңбек дағдысы және бос уақытты өткізу амал-тәсілдері, табиғатпен қарым-қатынас, тіл мәдениеті, тұрмыстық дағды-машықтар.
Дәстүрді табиғи игеру (ол тап осындай формада тіршілік кешу) жекеленген адамдар және олардың топтары үшін бағдар, жол сілтеген шамшырақ, әлдебір рухани-амаляттық стратегияға айналады. Дәстүрдің құндылыққа қатыстылығы тек байыпты бағдардағы белгілі бір айқындықта ғана емес, сонымен қатар, бейберекеттік, түйсіктік, алдына ала жоспарламаушылық формаларында да көрініс табады. Дәстүрлер әлемі қандай байлыққа ие екендігін еш сезінбей адамдар тыныстайтын ауа сияқты. XX ғасыр басындағы орыс философ В.Ф. Эрннің пікірінше, адамзат дәстүрдің соңына еркін түсудің арқасында өмір сүруде: "Еркін дәстүр дегеніміз <...> бөтен басқа нәрсе емес, адамзаттың ішікі метафизикалық тұтастығы"[892]. И. Хейзингте кейінен осы тақлеттес ой айтты: "Саламатты рух өзімен бірге жолға өткеннің баға жетпес жүгін ала жүруден еш қорықпайды "[893].
XIX-XX ғғ. әдебиеттері үшін дәстүрлер (әлбетте, ең алдымен, өзінің екінші мәнінде) халық мәдениеті ретінде негізінен отандық (осы турасында Алманияда И. Гердер мен гейдельберг романтиктері табандылықпен сөз етті), әрі білімді азшылықтың мәдениеті (көп мөлшерде халықаралық) ретінде даусыз маңызды. Романтизм дәуірі осы мәдени дәстүрлердің синтезін жүзеге асырды, В.Ф. Одоевскийше ой толғасақ: "халықтық пен жалпы білімділіктің бір қазанда қайнуы" орын алды[894]. Міне, осы бір алға қарай жылжушылық кейінгі әдебиеттің, оның ішінде, заманалық әдебиеттің көптеген нәрселерін айқындап бере алды.
Біздің ғалымдар кез келген шығармашылықтағы дәстүрдің (мәдени жадының) түрткі болуының орасан зор маңызы жайлы өте табандылықпен сөз етіп келеді. Олар мәдени шығармашылық ең алдымен бұрынғы құндылықтарды аманатқа алуымен танылады деп тұжырымдайды [895], "дәстүрдің соңына шығармашылықпен ілесу ескінің бойынан тамыры соғып жатқанды тауып алуды ұсынады, оның ұсынысы өлгенге <...> құр солыға еліктеу емес"[896], гегельяндық пен позитивизмнің үстемдігінің соңына ілескен кезеңдегі тарихи және көркемдік процестегі ғылыми танымының жаңа бұтағын құрайтын жаңаның өмірге келу сәтіндегі мәдени жадының белсенді рөлінің жандана түсуі[897].
Мәдени өткен шақтың белгілі бір "өтпелігі" қаламгер туындысында сан алуандықпен көрініс береді. Бұл, біріншіден, бұрынан қолданылып келе жатқан сөздік көркем амал-тәсілдердің, сондай-ақ, бұдан бұрынғы мәтіндердің фрагменттері (реминисценция кейіпіндегі); екіншіден, реалдықтан тысқары, сондай-ақ, әдебиетте ұшырасатын дүниетаным, концепция, идеялар; және де ақыр соңы, үшіншіден, әдеби шығармашылықтың (тектік және жанрлық; заттық-бейнелілік, композициялық, өздік сөздік) формаларына көп жағдайда түрткі болып, әрі айқындайтын көркемдіктен тысқары мәдениеттің формалары. Осылайша, эпикалық туындылардың әңгімелеуші формалары шындық өмірдегі адамдар арасында кең орына латын бұрындары болып өткен нәрселер жайындағы әңгіме етуінен келіп шыққан; обмен ми между героями и хором в антикалық драмадағы хордағы қаһармандар арасындағы репликакалармен алмасу ежелгі гректердің жұрт алдына шығуының бастау көзіне қатысты; плуттық роман дегеніміз – бұл өмірдегі нар тәуекелшіліктің ерек түрі ретінде дүниеге келіп, әрі көркемдікпен көрініс беруі; соңғы бір жарым-екі ғасырдағы әдебиеттегі психологизмнің гүлденуі адамдық сананың феномені рефлексиясының белсенуімен және осыған ұқсастармен байланысты болып келеді. Ф. Шлейермахер тап осындай көркем және көркемдіктен тысқары формалардың арасындағы сәйкесімдер турасында төмендегідей ой қозғады: "Тіпті жаңа форманы ойлап табуышының өзі өз ойын жүзеге асыру үшінде толықтай азат емес. Бірақ та белгілі бір өмірлік форманың оның өзінің туындысында көркем формаға айналуы оның ерік-жігеріне байланысты, ол өнердегі жаңаны өмірге әкелу жолында осы күнге дейін ұшырасатын оның аналогтарының үстемдік құруымен бетпе бет келеді"[898]. Қаламгерлер, осылайша, өздерінің азат саналы қондырмалары бар екендігіне қарамай, мәдени дәстүрге айналған белгілі бір өмірлік формаларға иек сүйеуге "мәжбүршілікте" болады. Әсіресе, әдеби іс-әрекетте жанрлық дәстүр үлкен маңызға ие.
Әсіресе, әдеби іс-әрекетте жанрлық-тілдік дәстүр зор маңызға ие. Көркем сөз шығу төркіні жағынан көркемдіктен тысқары сөздік формалардың тереңінен кетеді. Осы жерде Бахтиннің бірінші және екінші тілдік жанрлар деп шектегені ойға оралады. Біріншісі (ауызекі әңгіме, диалогтық реплика, тұрмыстық әңгімелер, хат) «тікелей сөздік қарым-қатынас» жағдайында қалыптасса, екіншісі, шешендік өнерде, көсем сөзде, ғылыми-философиялық мәтіндерде, сондай-ақ, сөз өнерінде көрініс береді. Көпшілік жағдайда олар түрлінше өзгеріске ұшыраған ілкі жаноалар болып табылады.
Жалпы мәдени және әдеби көркем дәстүрлердің қаламгерлер шығармашылығындағы маңызы туралы әңгімені аяқтай келе, атақты ағылшын-америка ақыны Т.С.Элиоттың «Дәстүр және индивидуалды талант» мақаласына ауыспақпыз. Онда жазушы «өз бойына саналы түрде өткеннің сезімінің оралтып, оны өз шығармашылығының бойында байықтыра түсуге тіисті» деп сөз етіледі. Автор уақыттағы өзінің орнын, заманасын өте-мөте айқын сезінуге мүмкіндік беретін «дәстүр» мен «сезім тарихын» енгізеді.
Осылайша, әдебиетті (формалды-құрылымдық жақтан, сондай-ақ, терең мазмұндық аспектілік қырынан) генетикалық жақтан қарастыруда дәстүр ұғымы өте-мөте жауапты рөлге ие болып келеді. Бірақта XX ғ. (негізінен авангардистік бағдардағы) әдебиеттануда бұдан басқа, қарама-қарсы шынайы, жоғары әдебиетке еш қатысы жоқ, эпигондықпен байланыстағы дәстүр, мұрагерлік, мәдени жады туралы ұғым кеңінен тараған. Ю.Н. Тыняновтың пікірінше, дәстүр дегеінміз – бұл "әдебиеттің ескі тарихының негізгі ұғымдары" "шектен тыс абстракцияға айналады да": "мұрагерлік турасында принципі – күрес пен ауысым болып табылатын әдеби құбылыстың эволюциясы жайында емес, мектептердің, эпигондықтың қылаң бергендігі жөнінде сөз ғана сөз етуге тура келеді"[899].
Бүгіндері әдебиеттану бұл ұғымдарды мүлдем қажетсінбейді деген ойлар да айтылып қалуда. М.О. Чудакова "Тынянов пен оның жақтастарының еңбектеріндегі өте-мөте атап өтерлігі, әлбетте, айқындау емес "дәстүр" ұғымын дискредитациялауы, олардан кейін әрі-сәрі күйде қалып, өзіне ғылымнан тыс мәтіндерден пана тапты. Оның орнына "цитата" (реминисценция) және "әдеби астар мәтін" (басым көпшілік жағдайда поэтикалық мәтіндер үшін)" ұғымдары келді деп жазады[900].
Тап осындай "дәстүр" сөзіне және оның тереңде жатқан мәніне сенімсіздікпен қараушылықтың артында "антидәстүршіл" Ф. Ницше мен оның ізбасрарлары ой-пікірлері тұр. "Заратустра солай деді" поэма-мифінің қаһарманының адамдарға қойған талабын еске түсірейік: "Ескі <...> скрижалды талқандаңдар"; "Мен оларға (адамдарға.- В.Х.) әулиелер мен ақындарға <...> күліңдер деп бұйырдым"[901].
Жауынгер антидәстүршілдіктің үні бүгіндері де естіліп қалады. Таяу өткен шақтардағы З. Фрейдтің ницшеандық рухтағы интерпретацияға ұшыраған фразасы: "Өзіңді Эдиптік кешен қалай бұйырады, солай, әкеңді өлтіргендей, өзіңе рухы жағынан жақын, әрі аса күшті өзіңе дейінгіні тек өлтіре сынау арқылы ғана таныта аласың"[902]. XX ғ. шешуші антидәстүршілдігі өзінше дәстүр түзуі бір түрлі кеңкелестеу көрінеді, әрине. Б. Гройс, "Ницше қазір заман ойы үшін айналып өтуге болмйатын жойқын бағдарға айнаған" есептейді: "<...> дәстүрден қол үзу дегеніміз – бұл оның артынан басқа деңгейде ілесу, не болмаса, үлгілерден қол үзудің де өз дәстүрі бар" деп тұжырымдайды[903]. Оның соңғы фразасымен келіспеске шараң жоқ.
Бүгінде дәстүр ұғымы әдебиеттануға тікелей қатысы бар байыпты ой алшақтығы мен дүниетаным қарама-қарсылығының алаңына айналып отырған жайы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |