Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет48/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§3. ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ГЕРМЕНЕВТИКА

Соңғы кезде шетелдерде (көбіне Францияда) герменевтика туралы басқаша түсінік кең көлемде таралып отыр. Қазірде бұл терминмен кез келген фактіні (қадам басулар, мәтіндер, сөз саптаулар, хал кешулерді) қабылдау (байыптау, түсіндіру) туралы ілім деп аталуда. Замана гуманитариясы герменевтика аясына тіпті, адамның өзіне қамқор болуына, өзінің дербес тұлға ретінде өмірге деген көзқарасына байланысты болып келетін өзін-өзі танудың іс-әрекетін де кіргізді[328].


Заманалық гуманитарлық білімді сипаттай келе, француз философы П. Рикёр бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктегі герменевтиканың қарама-қарсылықтағы екі қыры турасында сөз етеді. Оның біріншісі, жоғарыда біз сөз етіп кеткен дәстүрлісін (герменевтика-1), ол мәнді қалпына келтіруші телеологиялық (мақсатты бағыттаушылық) деп атайды; бұл арада қашанда басқаша сөз саптау мен адами рухта сөз етілу бой көрсетеді. Рикёр баса назар аударатын Герменевтика-2 археологиялық тұрғыда бағдар ұстанған: сөз саптаудың ілкі себебі мен айқын ойдың мәнісін айқындау арқылы оны айқара ашып, әшкерлеп, кез келген жағдайда төменшіктету. Осы бұтақтың бастау көзін ғалым адам тіршілігінің басымдығын экономикалық мүддеден, билікке ұмытылудан, жыныстық құштарлықтан танитын Маркс, Ницше, Фрейдтің ілімдерінен қарастырады. Бұл ойшылдар "күмән келтірушілердің басты әрекет етушілері ретінде" бүркенген бет перделерді ашты; олардың ілімдері ең алдымен, "жалған сананы әшкерлеудің іс-әрекеті болып табылады" деп ұйғарады Рикёр. Әшкерлеуші (редукционистік) герменевтика иллюзия теориясына негізделіп, онда адам өзіне жұбаныш болар нәрсені (өмір қанша жерден қатал болса да) осы елесті әлемнен мәндердің рухтануы мен жария етілуін іздеуге қабілетті деп тұжырымдады. Археологиялық тұрғыда бағдар ұстанған, әшекерлеуші герменевтиканың міндеті танылмағанды және жасырынғанды "жария етуден" тұрады да, онда "жасырын және үн қатпайтын бөліктер адамның көз жүгіртуіне ұсынылады", бұл көп жағдайда психоаналитикалық интерпретацияларға қатысты болып келеді деп атап көрсетеді ғалым[329]. П. Рикёрдің осы айтқандарына алып-қосарымыз: әшкерлеуші, жария етуші герменевтиканың арнасында Жак Деррид деконструктивизмінің жақтастары мен ізін жалғастырушылар тұр. Герменевтика-2 құрамында интерпретация өзінің тікелей ұғыну мен сұхбаттылық белсенділікпен байланысын, ең бастысы келісімге қол жеткізушілікке тырысушылығын жоғалтып алады.
Герменевтиканың бұл бұтағы бахтиндік лексиканы кәдеге жарата отырып, өзін "монологтық" атауға құқылы, не алынған білімнің толық көрініс табуына құлықты. Оның негізгі принципі – "жаткөздену" тысқарылығы позициясында болып, тұлғалық көріністерге қыран ұшар биіктен қарау. Егер дәстүрлі герменевтика өзгелікті өздікке айналдыруға, өзара түсінушілік пен келісімге келуге тырысса, керісінше, "жаңа" герменевтика қасарысып қатып қалуға, қарастырылатын сөз саптаулардан күмәнділікті іздеуге бейім тұрады да, кейбірде этикалық ұстанымдарға пысқырып та қарамай кетеді.
Сонымен қатар, дәстүрлі емес герменевтиканың қондырғысы айқын да, қатаң танымға тырысушылығымен тартымды болып келеді. Біз бір-бірімен салыстырылған ұғыну мен интерпретацияның екі тегін сипаттай келе, мынандай ойға келеміз, гуманитарлық ғылымдар үшін "сөйлеуші болмысқа", адами өзін танытушылықа деген сенім мен сынның әлдебір тиімді арасалмағы тән болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет