Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§2. СҰХБАТТЫЛЫҚ ГЕРМЕНЕВТИКАНЫҢ ҰҒЫМЫ



бет47/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§2. СҰХБАТТЫЛЫҚ ГЕРМЕНЕВТИКАНЫҢ ҰҒЫМЫ

Заманалық гуманитарлық ойға қатты әсер еткен герменевтика проблемасын өзіндік топшалау барысында М.М. Бахтин сұхбаттылық ұғымын енгізді. Сұхбаттылық дегеніміз – бұл сананың ашықтығы және өзін қоршаған болмыстағы адамның құлығы, "тең дәрежедегі" араласуға дайындығы, басқа жандардың ұстанымына, ойлары мен пікірлеріне жанды үн қосуға, сондай-ақ, өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауап алуға қабілеттілігі.


Адам тіршілігінің басым бастау көзі тұлғааралық коммуникация ("Тіршілік ету, демек қарым-қатынас жасау"), жеке адамдар мен олардың қауымдастығы, халықтар, мәдени дәуірлер арасында тұрақты түрде түрі өзгеріп тұратын және байығып отыратын "сұхбаттылық қатынасы" орнығады да, әлемге сөз саптаулар мен мәтіндер атойлап шығады: "Сұхбаттылық конмәтінінің шекарасы жоқ (ол шексіз өткен мен шексіз болашаққа бой ұрады)"[325] деп ұйғарды Бахтин. Сұхбаттылық қатынасы не тікелей (әдетте, екі жақтылықта), не жанама мәтіндік (өте жиі бір жақты, оқырманның автормен байланысы) болып келуі де мүмкін.
Сұхбаттылық қатынасы "тұрақсыз (бірден және қашанда аяқталған) болып келіп", әрі "қашанда өзгеріске түсіп отырушылығымен (жаңарушылығымен)" жаңа мағына тудырады. Бахтин, сұхбаттылық қатынасы бірден, ең алдымен адамдардың рухани байығу аясында және олардың бірігуіндегі қарама-қайшылық пен дау-дамайға бастап алып келетін: "Келісімге келу дегеніміз – сұхбаттылық қатынастың ең маңызды формасы. Келісім түр ерекшеліктері мен реңктеріне өте бай болып келеді" деп атап көрсетеді. Автормен сұхбатта (рухани кездесуде) оқырман Бахтинше, «жаттың жаттығын» еңсеріп, туынды туындыгерінің "тұлғалық тініне бойлап, тереңдей енуге" тырысады және сонымен бір мезгілде өзге жанның тәжірибесімен рухани байығу қабілетін танытып және өзін таныта білу дағдысына қол жеткізеді.
Бахтин ғылым мен өнерді қарым-қатынас теориясы аспектісінде сипаттай келе, сұхбаттылық гуманитарлық пән мен көркем шығармашылықтың негізін құрайды деп тұжырымдады. Бұл арада сөз саптаулар (мәтіндер, туындылар) басқа толық құқылы санаға бағытталып, "сауал қоюшылық, арандатушылық, жауап берушілік, келісім, құптамаушылық т.б. белсенуі." орын алады [326]. Гуманитарлық ая тұлғалық сипатқа ие "тіл қатушы тіршілікке" қол жеткізеді.
Басқа бір мәселе, деп түйіндейді Бахтин, - жаратылыстану мен математика ғалымдарында "үнсіз заттарға (ғаламзат, құбылыс, мәнділік, заңдылықтарға) қол жеткізеді деп тұжырымдады. Бұл арадағы ең бастысы гуманитарлық іс-әрекеттегідей "дендей ену емес", қайта білімнің дәлдігі болып табылады. Болмысқа бұндай қатынасты ғалым монологтық деп атады. Монологтық белсенділікті ол "аяқтаушы, кейіптеуші, каузалды (лат. causalis - себепші), түсіндіруші және өлтіруші" деп сипаттады[327]. Монологизм гуманитарлық аяға, әсіресе, өнерге баса көктеп енгенде өзінің жақсы жемістерін әкелмейді, не болмаса, өзге адамның аузына қақпақ қойып, үнін өшіреді деп есептеді.
Бахтиндік сұхбаттылық қатынасы концепциясы көп жағдайда батыс еуропалық "диалогшылардың" (М. Бубер және т.б.), сондай-ақ, А.А. Ухтомскийдің сұхбаттылық жоғары құндылық жайындағы ілімімен ұқсас болып, олар тарапынан ары қарай дамытылды. Бұл идеялар (бахтиндік сұхбаттылық қатынасы концепциясы сияқты) дәстүрлі герменевтиканы дамыта түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет