Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет84/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§5.Бейавторлық және авторлық сөз

Автор санасына адекватты емес тілдік бірліктер (яғни, бейавторлық, «бөгде» сөз) жоғарыда сөз еткеніміздей әдебиетте кең тарап, терең маңыздылыққа ие. Олар автордың төл сөзін кейде тықсырса, кейде оны мүлдем шететіп тастайды. Осы бір автор сөзін қырнап-жону не болмаса оның тіптен мүлдем кездеспеуі турасында М.М.Бахтин жазды: «Ілкі автор егерде төл сөзбен шығатын болса, онда ол қарапайым жазушы емес, автор тұлғасы жағынан еш нәрсені айтуға болмайды (жазушы көсем сөзшіге, моралистке, ғалымға т.б. айналады). Сондықтан ілкі авторға үнсіз қалу жазылған. Бірақ та, осы үнсіздік түрлі сөз саптау формаларына ие болады» деуі біздің көзқарасымыз бойынша асыра айтқандық еді. Автордың бұлайша төтесінен кетуі оны қайта қарап түзетуді керек етеді. Ол әділетті түрде (аяқты байқап басқан шақта) тек қана сөздік көркемдік формаларына; рөлдік лирика, баянша, пародия, стильдендіру, авторды «алмастырушы» баяндаушы туынды (мысалға, Пушкиннің «Белкин хикаяты» тап осындай), сондай-ақ, тек қатысушы тұлғалары сқйлейтін драмада қолдануға болады. біз тізбектеген туындылық қатарлардағы автор позициясы, әдетте, жанамалы айшықталып, өздік авторлық сөз жүзеге аспайды. Істің басқаша мәнісі – кейіптенбеген (тұлғаланбаған) әңгімелеушіні (атап айтар болсақ, Л.Толстой романдарында) бейавторлық деп айтудың өзі қиындық тудырады, ең бастысы, «автопсихологиялық» лирика ақынның өзін-өзі тікелей ашуы болып табылады. А.А.Ахматованың 1940 жылы жазған «Лондондықтарға» өлеңі тап осындай. Өлеңде Шекспирдің барша оқырмандарға танымал қаһармандары ауызға алынып, олар өмір сүрген дәуірдегі қорқыныш пен үрей автордың басынан өткенін көреміз. Бұл жерде автордың үнсіздігі туралы сөз қозғаудың өзі артық.


Авторға тиселі емес, қаһармандарының аузымен айтылған сөздер одан алшақтау тұрған болып саналмайды. Жазушылар көбіне өзінің өмірге қатынасын, көзқарасын, бағалауын кейіпкерлері арқылы білдіреді. Осылайша, маркиза Позаның («Дон Карлос») монологтарынан Ф.Шиллердің өзін аңғарсақ, Чацкий біршама деңгейде А.С.Грибоедовтің идеясының тұтқасы болып табылады. Ф.М.Достоевскийдің бірқатар позициялары Шатов, Мышкин, Алеша Карамзовтардың сөз саптаулары арқылы танылады. Алеша Карамзовтың жұртқа белгілі монологынан кейін, біз, оқырмандар, Иван Карамзов және сол сияқты рухани кезбелердің тағдырлары алаңдататынына еш күмәнданбаймыз.
Сөздік-көркем мәтінде ұшырасатын сөз саптаулар автор позициясымен келісіп, оны танытады, сонымен бірге өзіне жазушы бергенді еш түгеспейді. Әдеби туындыға ақиқатты сипатта берер болсақ, онда ол автордың өз оқырманына арнаған ерекше түрдегі монологы. Бұл монолог тікелей автор автор сөзі басымдыққа иелік ететін шешендер сөзінен, көсем сөздік мақалалардан, эсселерден, философиялық трактаттардан түбегейлі өзгеше. Ол компоненттері қатысушы тұлғаларды, баяндаушылардың және әңгімешілердің сөз саптаулары болып қызмет ететін тілдік түзілімнен үстем «бетермонолог» болып табылады. Лирикада (рөлдікті қосқанда) тап осындай монолог әрі ақынға, әрі лирикалық қаһарманға тиселі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет