Бегалиева А. К. Қазақстан тарихы (оқу құралы). Алматы: Қазақ



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата09.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#66367
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бегалиева А.К. Учеб.пос. 2017.27.06

Біліктілігі: 
- «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу жоспарына бағытталу; 
- дәріс және семинар сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдану
- тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін көрсету; 
- негізгі ғылыми терминдерге түсінік беру.
Құзырлығы:
- студент кешенді түрде ізденеді, тарихи ақпаратты жүйелейді; 
- деректерге дербес талдау жасап, өз көзқарасын білдіреді. 
 



КІРІСПЕ 
 
Тарих – физикалық үдерістер жүріп өтетін сандық уақыт емес, ол адамдық 
болмыс оқиғаларымен, мағыналармен және даму мақсатымен тығыз 
байланысты сапалы уақыт. Тарих - нақты мағыналық сұлбаны түзетін 
оқиғалардың уақыты. Тарихта құбылыстардың өзара байланысының себептері 
ғана емес, мағынасы да ерекше маңызға ие болады. Адам әлемі тарих арқылы 
білінеді. 
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздіктің 25 жылы - біздің буынның 
уақыт өлшеміне сыймайтын теңдессіз ерлігі. Осы мерейтойлық жылда 
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануының 
символдық мәні бар. Парламент қабылдаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 
декларациясы біздің ұлы жетістіктеріміз бен жеңісімізді айшықтаған маңызды 
саяси-құқықтық құжатқа айналды», - деген болатын. Сонымен қатар Елбасы 
«Жетекші халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, еліміз әлемге 
Қазақстанның «экономикалық ғажайыбының» жарқын үлгісін көрсетті», - деп 
атап өткен еді. Осылайша тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры бекітіліп, 
Мәңгілік ел болуға бетбұрыс жасалды. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 
салтанатты жиында сөйлеген сөзінде «...біздің қасиетті жерімізді ықылым 
замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп 
атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең 
байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа 
Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы 
болған Ұлы Дала Елі!», - деп халқымыздың ерекшелігі Ұлы даламен 
сипатталатынын баса көрсетті.
Тарих – кез келген қоғамдағы өзін-өзі танудың және өзіндік 
идентификацияның әдісі, ал ұлттық тарих біріктіретін маңызды ролі бар және 
тілі, діні, рухани мәдениеті, таңбасы, дәстүрі бар біртұтас халықты құрайтын 
мемлекеттің негізгі факторы. Оның жаңа тарихи санасы, дүниетанымы, жеке 
және ұжымдық жадысы, адамдар мінез-құлқының мотивтері мен стереотиптері 
болып табылады. 
Қазіргі кезде тарих күнделікті өмірдің, мәдениеттің, ойлаудың, халық 
санасының құрамдас бөлігіне айналып, сауатты қоғамның назарын өзіне 
аударуда. Өткен тарих өшіп қалмайды, ол әлеуметтік өмірдің жинақталған 
тәжірибесінде жалғаса береді. Адамдық тәжірибені жинақтау және өңдеу 
тарихтың бірінші міндеті. Уақыт пен кеңістіктегі адам өмірі тарих деп аталса, 
қоғамдық өмірдің шынайы болмысы болып табылады, ол оның барлық 
көрінісін қамтиды, өздігінен ештеңені алып тастай алмайды, тек шындық 
айтылуы тиіс. Міне, осы тұрғыдан алғанда бұл оқу құралы Қазақстан 
тарихынан білім алып, тарихи сананың қалыптасуына, өз еліне деген 
патриоттық сезімнің қалыптасуына септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет