Бегалиева А.Қ


Қазақстан тас ғасыры дәуірінде



бет3/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Қазақстан тас ғасыры дәуірінде


Тас ғасыры мына кезеңдерге бөлінеді: палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн жылдан – 12 мың жылдыққа дейін), мезолит



  • орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар), неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).

Ертедегі палеолит үлкен үш дәуірден тұрады: олдувай (2,6 млн – 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың – 31-30 мың жыл бұрын). Барлық тас ғасыры кезеңінде еңбек құралдары тастан жасалды. Түрі мен сипатына қарай тас бұйымдар шапқыш, қырғыш, үшкір- тас, соққыш, бұрғы, пышақ, тескір, т.б. болып бөлінді. Ежелгі ең- бек құралының біріне Қаратау қыраты, Арыстанды өзені алқа- бында жатқан Көңірдек поселкесі жанынан табылған тік бұрыш- ты ауыр кремний сындырғыш жатады.
Ашель дәуірінің тұрақтары Бөріқазған мен Тәңірқазған Жам- был облысы, Талас ауданында орналасқан. Бұл жерден табылған заттарды археолог Х.А. Алпысбаев мынадай төрт топқа бөлген: бір жақты, екі жақты шапқыш құралдар; көне заманның салмақты сындырғышы; ірі-ірі кедір-бұдыр домалақ тастар. Шапқыш құ- ралдар Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель дәуірінің олжасы табылған жерлеріндегі тас құралдарынан онша айырмашылығы жоқ.
Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан да та- былған. Бұл жердегі құралдар қара және сұр жасыл түсті кремний жынысынан жасалған. Құдайкөл тұрағы Сарыарқаның теріскей- шығыс жағында орналасқан. Одан бифастар, яғни тастың екі жа-
7

  • Қазақстан тарихы

ғын да өңдеу арқылы жасалған құралдар, жануарлар терілерін илеп, ағаш өңдеуге қолданылатын қырнауыштар, домалақ тастар табылған.


Мустье кезеңінде тас өңдеудің жаңа тәсілі пайда болды, ал кей жерде малтатас техникасы бұрынғыдай қолданылды. Мұндай ескерткіштер Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан жері- нен табылған. Соның біріне 1958 жылы Х.А. Алпысбаев тауып, кейіннен Ш. Уәлиханов атымен аталған көп қатпарлы тұрақ жа- тады. Бұл тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымда- ры, оттың орны, ошақтар, жылқы, қодас, ақбөкен, бұғы сияқты жануарлардың сүйектері табылған. 1984 ж. Жезқазған облысы Ақадыр ауданынан І Өгізтау, ІІ Өгізтау, Үлкен Ақмая атты мус- тье ескерткіштері бар.
Кейінгі палеолит 35-30 мың жылдықтан 12-10 мың жылдық уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезде адам жер шарының барлық климат зонасына қоныстанып, нәсіл мен нәсілдік топтар құрыл- ды. Кейінгі палеолитте саналы адам пайда болды. Шығыс Қазақ- станда Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское тұрақтары белгілі. Пещера деревнясынан табылған тұрақ ерекше назар ау- дарады. Жоғары палеолитте тас құралдарын өңдеу күрделі бол- ды; нуклеустерден жұқа қабаттары бөлініп алынды, оны сүйек- тен, ағаштан жасалған заттарға енгізіп қойды, сонымен қатар пы- шақ және қырғыш ретінде қолданылды.
Неолит – жаңа тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мың жылдықты қам- тиды. Бұл кезде тас өңдеу техникасы дамыған болатын. Неолит дәуірінің адамдары өндіргіш күштерін дамытты, басқа да мәдени- тұрмыстық жаңалықтарды әкелді. Қазақстанның ежелгі адамда- рында тау-кен істері мен тоқымашылықтың негізі қаланып, кера- микадан ыдыстар жасады. Бұл қоғамды ұйымдастырудың жоға- ры формасы еді, яғни тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құ- рылды.
Орталық Қазақстандағы қола дәуірді зерттеген Ә.Х. Марғұлан неолит дәуіріне баса назар аударған. Сонымен қатар В.Ф. Зай- берт, В.Н. Логвин, Ж.Қ. Таймағамбетов пен Т.И. Нохрина сынды ғалымдар неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихына айтарлық- тай үлес қосқан. Зерттеулерге қарағанда бірнеше неолиттік мә- дениеттердің бар екенін анықтауға болады. Тобыл бойында
8

      1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

Маханджар, Есілде Атбасар және Орталық Қазақстан ескерт- кіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда Усть-Нарым мәдениеттері табылған. Неолит



  • тасты индустриаландырудың дамыған кезі. Тас өңдеудің аралау, бұрғылау, сүргілеу сияқты жаңа технологиялары пайда болды.

Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 500-ден артық нео- лит және энеолит ескерткіштері белгілі, алайда олардың бәрі то- лық зерттеліп бітпеген. Орналасу сипатына қарай неолит тұрақ- тары төрт типке бөлінеді: бұлақ, өзен, көл, үңгірдегі. Қазақстан территориясында бұлақ жағасында орналасқан тұрақтар көп, әсі- ресе аңшылардың уақытша, мерзімге байланысты келіп орналас- қан тұрақтары баршылық. Қазақстанның шөл далаларындағы неолит ескерткіштерінің бір ерекшелігі – олардың көпшілігі ашық (жердегі) тұрақтар. Барлық тұрақтардан жергілікті мате- риалдардан жасалған тас құралдары табылған: садақ және найза ұштары, балталар, пышақтар, қырғыштар.
Қазақстан территориясында, әсіресе Солтүстік Қазақстанда бірнеше неолит молалары бар. Бір де бір моланың сыртқы белгі- лері жоқ. Барлық молаларда сүйектермен бірге садақ ұштары кез- деседі, ал бұл аңшылықпен ежелгі адамдардың айналысқанын көрсетіп қана қоймай, олар жиі қақтығысқа түскенін де дәлелдей- ді. Молаларда керамика аз, кейбіреуінде жоқ.
Неолит соңына (энеолит) Леньки 2 тұрағы жатады. Ондағы тастан жасалған құралдар Леньки 1 тұрағындағы тасты өңдеу техникасындағы дәстүр сабақтастығын көрсетеді. Сонымен қатар ол уақыты жағынан алғанда кейінгісі, өйткені құралдардың типі өзгерген, пластиналардың пайызы ғана қысқармаған, сонымен бірге олардан жасалған заттар да өзгерген. Құралдар әмбебап сипатта болып келеді. Садақ ұштары иіліп келген, олардың бет жағы екі жағынан өңделген. Тұрақтан көп балталар табылған.
Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мың жылды қамти- ды. Соңғы уақытқа дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасыры- нан өтетін өтпелі кезең деп қарстырған. Алайда бірқатар зерттеу- шілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде мал және жер шаруашылығымен ай- налысатын тайпалардың гүлденуімен байланыстырады. Қазақ- станның далалық және орманды бөліктердегі энеолит дәстүрі
9

  • Қазақстан тарихы



аңшылық-балықшылық кезең ретінде қарастырылады, бірақ Тобыл, Есіл бойындағы энеолит ескерткіштерін зерттеу өзгерістер әкеледі.
Ә.Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Сарыарқа жерінен неолит пен энеолит дәуірінің тұрақтарын тауып, қазба жұмыстарын жүргізген.
Мәдениет. Кейінгі палеолитте, әсіресе оның бірінші жарты- сында, климат суығанда адамдардың тұрақтары жоғары төбешік- терге салынып, бұрынғыдан жақсы жабдықталды. Ол жерлерден археологтар көптеген орларды тауып, онда өрт болғанын байқа- ған.
Жерлеу рәсімі және энеолит тұрақтарынан табылған бірқатар символдық заттар бұл кезде тотемизмнің болғанын дәлелдейді. Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер неме- се табиғат құбылыстарымен байланыстыру. Әр ру өз тотемінің атын алды. Оны өлтіруге, тамақ ретінде қолдануға болмады. Туыстарды тұрақтағы ескі үйде жерледі, аруақтың айналасына ондаған жылқының бас сүйегін қойған.
Палеолит өнерінде хайуанаттар мен әйелдер бейнеленген. Қазақстандағы кейінгі палеолит тайпаларының көркемдік өнері- не, негізінен, шатқалда салынған алғашқы өгіз – турлар, бизон- дардың гравюралары тән.
Хайуанаттардың өлуі мен көшуінің себебі Қазақстандағы кейінгі палеолит тұрақтарының жоғалуы себеп болып табылады. Хайуанаттар ізімен Сарыарқаның палеолит тайпаларының Сібір- ге қарай миграциясы жүрді. Шамамен 40-35 мың жыл бұрын ма- монт сияқты хайуанаттардың бейнелері жасалды. Сарыарқаның палеолит гравюраларында жартастың жоғары жағы картина сияқ- ты көрінеді. Жалпы Сарыарқа жазығында гравюралардың орна- ласуы микролит мәдениетінің дамуымен байланысты (жебе ұшы- на қолданылатын миниатюралық тас пластиналар). Неолит дәуі- рінде Сарыарқа климаты тарихи уақытпен салыстырғанда ылғал- ды болды. Аридтік жағдайда (аридтік климат құрғақ климат, ауа- да температура жоғары болады, шөл және жартылай шөл жерлер- ге тән) тамақ табу үшін аң аулап күн көру, соған сай өмір салтын талап етеді. Демек, аң аулау жартастағы өнердің дамуының алғы шарты деп пайымдауға болады.
10
1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

Гравюрамен қатар Қазақстанда таңбалы тас үлгілері табыл- ды. Олардың ішінде архаикалық шығармалар ерекше (архаика – грекше ескі, ежелгі, сөздің шынайы мағынасы). Олар – Тешиктас- тан табылған бұқалардың бейнелері, Баянауылдағы Әулиетас үңгірінен және Бұхтармадан табылған неолит суреттері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет