Бегалиева А.Қ



бет5/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Андроновшылардың шаруашылығы. Андроновшылар мал өсірумен айналысты. Олар қой, сиыр, жылқы бақты. Андро- нов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дәс- түрін енгізді. Тұрғын үйлердің жанынан мал қораларын салды. Олар қос өркешті-бактриан түйелерін өсірген. Сондықтан жар- тастарға салынған түйенің суреттері кездеседі.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі І мың- жылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған. Олар аралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал өсірген. Үй ір- гесінде мал бақты. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал ұстаудың жаңа түрі – жартылай көшпелі мал шаруашылығы шықты. Сөйтіп, үй іргесінен – жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай көшпелі, одан кейін көшпелі мал шаруа- шылығы пайда болды. Бұл дала мен шөл жайылымдарын тиімді пайдалануға септігін тигізді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өткеннен кейін бірте-бірте мал құрамы да өзгере бастады: ірі қараның саны кеміп, қой мен жылқы саны көбейді. Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар бидай, қарабидай және тары өсірді.
Қола дәуірінде кен өндіріп, балқыту ісі жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жұм- сақ кенді қайламен қазса, қатты, тығыз кенді отпен уатқан, соны-
14
1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

мен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тәсілі бойынша кен өзегінің үстіне от жағылып, әбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнау- лы пештерге салып балқытқан, ал мұндай пештерді ғалымдар Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан тап- қан. Металл балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, ІІ Петровкада бар екені мәлім болды. Металл балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған.


Андронов тайпалары қыштан ыдыстар жасаған. Қазақстан- ның далалары мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқта- рын өздері дайындаған. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға от жағып, сонда күйдірген. Б.з. дейінгі ХVІІ – ХVІ ғ. аяқ-табақтар белгілі бір тоқылған мата қалыпқа салынып істел- ген. Қыш ыдыстарға геометриялық ою-өрнектер салған. Бұл өр- нектер байлық пен молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін және ыдыс ішіндегі затты білдірген.
Андроновтықтардың баспанасы жертөле мен жартылай жер- төле үйлер болған. Бөлмелерді жылыту үшін тастан пештер са- лынды, отынға ағаш, тезек жаққан. Көлемі үлкен үйлер Бұғылы, Ақбауыр қоныстарынан кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет