Бегалиева А.Қ



бет28/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақ Орданың территориясы қай жерлерді алып жатты?

  2. Моғолстан Темірге толық тәуелділікке қай жылы түсті?

  3. Әбілқайыр хандығының алғашқы астанасы қай қала болды?

  4. Ноғай Ордасында түркі тайпаларының басшылары қалай аталды?

    1. Қазақ хандығының құрылуы




Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі Қазақ хандығы туралы бірден-бір тарихи дерек болып табылады. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда
78
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Әбілғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбек- терінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қал- дырды.


Қазақ хандығы – шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте за- маннан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық топ – қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XV ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу же- ріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы негіз болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434- 1462 жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбіл- қайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и- Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғол- станға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақ- тарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленіс- тер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер – «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтанда- ры 870 жылдары (1465-1466) билей бастады...».
Алғашында, Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алап- ты мекендеген тайпалар Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілқайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ- хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хан-
79
■ Қазақстан тарихы

дығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ор- дасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хан- дыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілқайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпа- лардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қай- рап отырды.


Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай са- ны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қа- рым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айнал- ды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес оты- рықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.

  1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ дала- сында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына кел- тіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).

  2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркіс- тан), т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестік- тердің – Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығының саяси-әкімшілік жә- не сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стра- тегиялық маңызы зор еді.

  3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілқайырға қарсы күресу
80
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақ- тық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып, қорғануға мүмкіндік берді.


1468 жылы қыста Әбілқайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілқайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбіл- қайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілқайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі- сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілқайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары – Ахмет хан мен Мах- мұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырза- лармен одақтаса отырып күрес жүргізді.
Әбілқайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілқайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілқайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті-Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан айма- ғын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсі- руге дәмелі болды.
Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қай- рат жұмсады. Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше, оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол
81
■ Қазақстан тарихы

бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сыр- дария жағасындағы – Созақ және Сауран қалалары Қазақ ханды- ғының құрамына кірді.


Екі жылдан соң Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта ора- лып, Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегіне сүйене отырып, Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бұл уақытша жеңіс еді. Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бас- таған қазақтың біріккен әскерлері Қаратаудағы Соғынлық асуы түбінде, Созақ пен Сығанақ аралығында, Мұхаммед Шайбанидың әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қай- тарып алды. Бұл шайқаста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайба- ни Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына өтті, бірақ аумалы-төкпелі жағдай сақталды.
Бұл күрес Керей ханның баласы Бұрындық хан болған кезде де (1480-1511) толастаған жоқ. XV ғасырдың 80-жылдарында Әмір Темір әулетінің өкілі Сұлтан Ахмет мырза мен Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд арасындағы соғыста Мұхаммед Шайбани Моғол- стан ханына болысып, оның қолдауымен тағы да Аркөк, Сығанақ қалаларын басып алды. Бірақ қазақ ханы Бұрындық қырдан келіп Сығанақ қаласын қоршады. Қаланың тұрғындары қазақ әскерле- ріне қала бекінісінің қақпасын ашып берді. Сонымен, бұл аймақ Бұрындықтың қолына өтті.
Бұдан соң қазақтар Мұхаммед Шайбанидың туысы Махмұд Сұлтан билеген Яссы (Түркістан) қаласын қоршауға алды. Қазақ- тардың біріккен әскери күшінен қорғанған Шайбани әскерлері Аркөк қаласына қырық күн бекінді. Алайда үш жыл бойы қазақтар- мен соғысқан Мұхаммед Шайбани Бұрындық хан мен Қасым сұлтан бастаған қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, 1486 жылы Түркістанды тастап, Хорезмге кетуге мәжбүр болды.
Қазақ хандығы, Шайбани әулеті, Әмір Темір әулеті және Моғолстан билеушілері арасындағы тайталаста Қазақ хандығы мен Мұхаммед Шайбани арасындағы жауласу және Әмір Темір әулеті мен Моғолстан билеушілері арасында арпалыс асқына түсті. Осы күрес барысында Моғолстан ханы Жүніс 1482-1485-жылдары Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды.
82
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

Қазақ ханы Бұрындық пен Қасым және Жәдік сұлтандар Мұхаммед Мәзит Тарханмен күш біріктіріп, Мұхаммед Шайба- ниға қарсы Созақ қаласына шеру тартты. Созақтың тұрғындары- ның көбі Бұрындық ханға тілектес және онымен байланыста еді, сондықтан Созақ қазақтардың колына көшті. Ал Сауран қаласы- ның халқы қазақтың біріккен қалың қолын көрісімен-ақ Мұхам- мед Шайбанидың қаланы билеуге қалдырған туыстарын ұстап қамады да қазақтарды қалаға кіргізді. Бұрындық хан Сауранды қайтарып алған соң Мұхаммед Шайбанидың тұрағы Отырар қаласының қамалын қоршады. Алайда Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниды құтқаруға көмек жібергендіктен қазақтар Отырар қамалын қоршауды тоқтатты. Мұхаммед Шайбани хан қазақтармен бітім жасады.


XV ғасырдың ақырында Отырар, Яссы, Аркөк, Бозкент қа- лалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайба- ниға қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі. Қазақ хандары билігінің нығаюы Шайбани ханды Дешті- Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігімен Мәуереннахрға ығысуға мәжбүр етті. Мұхаммед Шайбани 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мәуереннахрды жаулап алды да, Шайбани әу- летінің негізін қалады. Бұл кезеңде ішкі қырқыстардың күшейуі, толассыз соғыстардың халық шаруашылығына тигізген зардабы салдарынан ауыр дағдарысқа тап болып отырған Мәуереннахр билеушілері (Әмір Темір әулеті) пәлендей қарулы қарсылық көр- сете алмады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мәуереннахрға келген көшпелі тайпалар да бірте-бірте жергілікті отырықшы ха- лыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы (Дешті-Қыпшақтағы) өзгешеліктерінен бірте-бірте айы- рылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті Қыпшақтан ала келген «өз- бек» деген атау бірте-бірте Мәуереннахрдың байырғы тұрғын- дарына сіңісіп кетті. Бірақ олар «өзбек» деген атау ғана болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмады.
XV ғасыр мен XVI ғасырдың арасында (1500 жылы) Мұхам- мед Шайбани ханның Дешті Қыпшақтан ығысып барып қос өзен аралығын (Мәуереннахрды) жаулап алуы Орта Азия тарихын-
83
■ Қазақстан тарихы

дағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл, ең алдымен, Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, беделін арттырып, елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыраңқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау VI-VII ғасырлардан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу үрдісін біржолата аяқтауға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қол- данылған «өзбек-қазақ» деген жалпы атау бір-бірінен ажырады.


«Қазақ» термині бірте-бірте Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда қалып- тасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниға еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылды.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511-1521 ж.) нығая түс- ті. Қасым 1445 жылдар шамасында туған. Қасымның 1513 жылы күзде Шу өзені жағасында Шағатай ұрпағы Саид ханмен жүз- десуі болғанда, олардың замандасы Мырза Хайдар Дулатидың айтуы бойынша: «Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындаған еді». Бұрындық ханның тұсында Қасым әскери қол- басшы болды. Хандықта беделі жоғары болса да, үлкенге бағыну дәстүрін ұстанып, Бұрындық ханның айтқанынан шықпады. Шайбани ханның 1504 жылы көктемдегі Әндижанға жорығы тұ- сында Қасым хан маңғыттардың көмегімен бүкіл Қыпшақ дала- сына үстемдікті қолына алды. Сөйтіп, оның Ташкент пен Түркіс- танға шабуыл жасауға мүмкіндігі болды.
«Тарих-и-Рашиди», «Шайбанинама» және т.б. деректерге қарағанда XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазіргі қазақ жерінің далалық аймағын түгел бағындырды. Бұл кезде хандықтың шегарасы оңтүстікте Сыр жағалауы мен Түркіс- танның маңызды қалаларын, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігін, солтүстік-батыста Жайық өзені жағалауын қамтыды. Қа- сым ханның Қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің іші мен сыртындағы беделін арттырды. Мұхам- мед Хайдар Дулати: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес», – деп жазды.
Бұл тұста Қазақ хандығы сол кезеңнің халықаралық қатына- сына да кең тартылды. Қасым хан Ұлы князь III Василий (1505-
84
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

1533) кезіндегі Мәскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынаста болды. Осы кезеңде қазақ халқы туралы мәлімет батыс Еуропаға да белгілі болды. Мәскеуге бірнеше рет келген (1517, 1526) Австрия дипломаты Сегизмунд Герберштейн өзінің дипломатия- лық жазбаларында Қазақ хандығы туралы баяндаған.


Қасым хан билігінің соңғы кезеңінде Шайбанидтермен қа- рым-қатынасы өте күрделі болды. Деректер бойынша олардың арасындағы негізгі күрес Ташкент қаласы үшін болды. Қасым хан өзінің замандастары Рузбихан, Бабырдың еске түсірулері бойын- ша жылқы малының өте білгірі және әскери талантты қолбасшы ретінде суреттеледі. Хан билігі өте күшті болған және халық саны осы кезде бір миллионға жеткен. Қасым дәстүрлі әдет-ғұрыптар- ды ұстанған хан болды. Осы дәстүрлі әдет-ғұрыптарды заңдар жинағы етіп, елді басқаруда кең қолданған. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң болды. Сондықтан да халық арасында бұл заңдар жинағы Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бұл заңға кірген ережелер мынадай: Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері); Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза); Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, ердің құны, тұлпар ат); Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік); Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер).
Қасым хан кезінде Қазақ хандығы біраз күшейді. Алайда хан- дық бір орталыққа бағынған мемлекет деңгейіне көтеріле алма- ды. Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағ- дай бірден айқындалды. Оның мұрагерлері арасында билікке та- ласқан дау басталды. Соның нәтижесінде ішкі тартыс, қайшы- лық пен қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар нәтижесінде ыдырап, бөлшектенді.
Халықтың қалыптасуы өте күрделі әрі ұзақ үдеріс болып табылады. Халық болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет: белгілі деңгейдегі мәдениеттің дамуы; шегаралары белгі- ленген территория; белгілі деңгейде қоғамдық-этникалық сана- ның қалыптасуы; біртұтас қалыптасқан ортақ тіл; этникалық
85
■ Қазақстан тарихы

өкілдердің көпшілігіне тән белгілі сипаттағы сыртқы пішін; эт- ностың негізгі этносаяси немесе тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауы.


Қазақ халқының қалыптасу үрдісін оқып-үйренген кезде Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек. Дәстүрлі түрде Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу қола дәуірінен басталады. Біздің заманымыз- ға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарда Қазақстан және оған шегаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай ан- дроновтықтар дейді. Андроновтықтар туралы толық мәлімет жоқ. Алайда ғалымдар қазақ этносы өзінің расалық-генетикалық бас- тауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың мәдениетінің ұқсасты- ғы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек на- қыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына табыну, көп- теп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайда- лану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсасты- ғының белгісі болып табылады.
Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты мал шаруашылығымен байланысты, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерімен қоректенген, би- дайдан нан пісірген және т.б. айқындаушы ұқсастықтар көп. Сонымен қатар қоғамдық-әлеуметтік құрылымда да ұқсастық бар. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінген: сол қанат, оң қанат және орта- лық қанат. Осы бөліністер олардың қазақ жүздерімен сәйкестігін көрсетеді. Бұл этногенетикалық ұқсастықты дәлелдейді.
Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қар- саңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ- қыпшақ конфедерациясы мысал болады. Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территориясын парсы ақыны, саяхат-
86
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

шы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атаған. Алайда моңғол шапқыншылығы бұл жердегі тайпаларды басқару жүйесіне және шаруашылық жағдайына, әдет-дәстүрге өзгеріс әкелді. Моңғол- дардың жаулап алу саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы әртүрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды.


XIV-XV ғасырларда Қазақстан және оған шегаралас аймақ- тарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер тұрғында- рын өзбектер, өзбек-қазақтар, моғолдар және ноғайлар деп ата- ған. Бұл атауларда өзіндік этникалық және саяси мән болған. Егер де «халық» деген түсінік этникалық құрылым тұрғысынан қарал- са, онда оны «этноним» терминімен белгілейді (өзбектер, қазақ- тар, қырғыздар). Халық өзінің атымен мемлекетке ат берсе, онда ол «политоним» терминімен анықталады (моғолдар Моғолстан мемлекетінің халқы, ноғайлар Ноғай Ордасының халқы). Тарихи- этнографиялық әдебиетте тарихи-этнографиялық өңірде құрылған мемлекеттің тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды.
Қазақ халқының рулық-тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің тай- палық құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапыраш- ты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тай- палық құрамы: Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді.
Қазақ халқының қалыптасуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптас- қан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы – өз мемлекетінің аты қалыптасты.
«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған VIII ға- сырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» – «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «ха- сақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тіке- лей қатысы болғаны белгілі.

87
■ Қазақстан тарихы


Ең алғаш «Қазақ» сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авто- ры белгісіз түрік-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Лейден қаласында ба- сылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кез- бе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Соны- мен, бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған.


XV ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ха- ны Әбілқайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатын «өзбек- қазақ» термині дәлелдейді. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ық- палымен әртүрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығы- ның құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырып, қазақтың этникалық территориясын біріктірді, сөйтіп, қазақтың халық болып қалып- тасуы аяқталды.
Қорыта айтқанда, Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқы- ның тарихында төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырлан- дыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақ- тың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қа- лыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі ше- шуші рөл атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет