Бегалиева А.Қ


С. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі



бет36/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

С. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797). Бұл ұлт-азаттық қозғалыс үш кезеңнен тұрады. 1-ке- зең 1783-1785 жылдарды қамтиды. Қозғалыстың басталу кезеңі жылдарында Сырым батыр жайық казак-орыстарының қазақ жұртына көрсеткен озбырлығына тойтарыс берді. 2-кезең 1785- 1790 жылдарда патша әкімшілігін қолдаған хан мен сұлтандарға қарсы тежеу, билікті халық қолына беру. 3-кезең 1790-1797 жыл- дар аралығы жеті жыл бойы Сырым, оның жақтастары патша, Ресейге ашықтан-ашық соғыс жариялап, бостандық пен тәуелсіз- дік үшін қантөгіс соғыс азабын бастан кешті.
133
■ Қазақстан тарихы

1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына алып келеді. Кө- теріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешен- дігімен танымал болып, бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С. Датұлы же- текшілік жасады.


Сырым батырдың алғашқы қарсылыстары қазақ ауылдарын шапқан казактарға қарсы бағытталады. Басты себептердің бірі аты шыққан казак-орыс Чагановты қолға түсіріп, Хиуаға сатып жіберген. Алғашқы әскери қақтығыс Орынбор казак-орыстарына қарсы 1500 башқұртты басқарған жүзбасы С. Харигоновтың тама Қадыр, Садыр сарбаздардың қақтығысы болған. Қазақ даласына тұрақты әскермен ішкері еніп, әйел, балаларды тұтқындап, мал- дарды айдап әкету қазақ руларының наразылығын туғызды. 1783 жы- лы жылтоқсанда Сырым батыр казак-орыстар қолына түсіп қа- лады. Бірақ Сырымды Орал қаласындағы түрмеден Нұралы хан көктемде тұтқыннан босатып алды. Хан казак-орыстарға 70 жыл- қы мен 350 сом төлеген деп көрсетеді. Нұралы ханның Сырымды түрмеден шығырып алуының себебі екеуі бір-біріне құда жекжат. Сырымның Орын деген қарындасы Нұралы ханның әйелі болып келеді.
1784 жылы мамырда тұтқыннан оралған соң шегарадағы әскери күштер озбырлығына қарсы күресті ұйымдастыра баста- ды. 1784 жылы 14 қазанда Орал және Бударин арасындағы Прор- вы мекенінен өтіп, Көшім өзені бойындағы орыс-казак бекініс- терін талқандайды. Олар 1145 жылқы, 757 ірі қараны қуып алып, 34 адамды тұтқындаған. Сырым және оның серіктестері кердері руынан Садыр, Телей, Әлекбай, табын руынан Барақ батырлар- дың үлкен соққысы Орынбордан жоғары Таналы қорғанында болып 176 адамдарын тұтқындайды. Сырым батыр, Тіленші бас- таған қазақтар Нұралы ханға бірнеше рет адамдар жіберіп көте- рілісшілер жағына шығуға үгіттейді. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың бірнеше кезеңінде Кіші жүздегі саяси дағ-
134
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■


дарыс Нұралы ханның кетуіне әкелді, қазақтар біршама жеңістер- ге жетіп, Сырым батырдың беделі өсті. 1786 жылы 3 маусымда патша Нұралыны хандықтан айырып, Уфаға жер аударды.
1786-1790 жылдарда Кіші жүз қазақтарының қоғамдық-саяси өміріне жаңаша сілкініс әкелуі. О.М. Игельстром қазақ жеріне жаңа орыс билігін орнату үшін дәстүрлі хандық биліктің орнына орыс әкімшілік-басқару жүйесін іске асыру үші, реформа жүр- гізуге кірісті. Хандық жойылғаннан кейін патша әкімшілігі мен сұлтандар арасында халықты қалпына келтіру үшін күрес күшейе түсті. Сырым батыр мен старшындар халық билігін орнату үшін күресін жалғастырды. Халық кеңесін құру және оны шақыру XVIII ғасырдың 80-90 жылдары қазақ демократиясының тұңғыш идеясы болды. Тарихшы С. Мәшімбаевтың пайымдауынша, Дала демократиясының іске асуына жетекші жасаған Сырым Датұлы болды.
О.А. Игельстромның орнына жаңа тағайындалған генерал- губернатор А. Пеутлинг Нұралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қоғамына қатысты қатал саясат ұстанды. Губерна- тордың саясатына сәйкес Жайық казак-орыс әскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарын қайта үдетті. Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шек қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар қамауға алынады. Осы жылы Уфа қаласында Нұралы хан қайтыс болып, орнына билер мен ру басылары жиналып, Есім сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал- губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жи- налыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық ту- дырып, стихиялық баскөтерулер байқалды. С. Датұлы Кердері және Табын руларының старшындарына хат жазып, ауылдарды Мұғалжар тауларына көшіру керек екенін және өзінің патша үкі- метіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азат- тық күресі жалғасып, негізінен, шегара өңіріндегі руларды қам- тиды. 1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек қаласына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталады.

135
■ Қазақстан тарихы




1786 жылы хандық биліктің орнына «Халық Кеңесін» енгізді. Әрбір руды старшындар басқарып, ел арасында тыныштық орна- ту үшін арнайы жасауылдар құрған. Жасауыл аға старшында- рының сенімді адамына айналды. Бас старшын болып Сырым Датұлы тағайындалды. Кіші жүзде 1785, 1786 және 1787 жылдар- да Халық кеңесінің съездері шақырылды.
1786-1787 жылдардың қысында Кіші жүз қазақтары тыныш- тықта Еділ-Жайық аралығын қыстады. Олар ішкі бетке өтерде орыс әкімшілігіне адалдық танытып, ант берумен қатар, шегара бекіністеріне аманат қалдырған. Бұл старшындар билігі негізінде жүзеге асты. Сырым батыр бастаған ұлт азаттық қозғалыстың басты нәтижесі Еділ-Жайық өзені аралына қазақ руларының кө- шуі болды. Сырым Датұлы Нұралының ұлы замандасы Бөкейге ақыл-кеңісін беріп, жігерлендіріп отырған.
Үшінші кезеңде 1790-1797 жылдарда орыс-казак бекіністері- не шабуылдарын жалғастырды. 1792 жылы Сырым бастаған 1000 қазақ жігіті 29 қыркүйекте Елек бекінісіне шабуыл жасайды. Сырым батырдың казактарға қарсы соғысы 1792 жылдың жел- тоқсан айына дейін жалғасты.
1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралы- ның баласы Есім хандыққа сайланады. Сырым батыр мен Есім хан арасындағы қарым-қатынастар күн санап шиеленісе түсті. Старшындар Есім хан Сырымды кездестіруді ойластырды. Бірақ Есім хан Сырым батырмен жолығудан өз еркімен бас тартады. Сырым мен Қаракөбек Есімді ел ортасына алып келуге үгіттеген, бірақ сұлтан патшаның рұқсаты жоқ деп бармаған. Кездесуді ұйым- дастырушы Сырым батырдың қарындасы Орын ханым болды.
1797 жылы О.А. Игельстром Орынбор генерал-губернатор- лығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. Есім ханды қазақтар орыс тың- шысы деп білген. Мұның арты ханның өліміне әкелді. 1797 жылы 27 наурызда таң сәріде Красноярск бекінісінің маңында өлтіріл- ген. Есім хан өлтірілгеннен кейін Орынбор әкімшілігі жаңа хан сайлауға кірісті. Айшуақ сұлтан басқарған Хан кеңесі Орынбор әскери губернаторының иелігіне өтті. 1797 жылы 16 қазанда хан сайлауында 74 жастағы Айшуақ хан болып сайланды.
136
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

Бұдан да кейін Сырым батыр мүмкіндігінше күресін жалғас- тыра берді. Кіші жүз қазақтарының күн көрісі нашарлай түсті, 1796-1797 жылдарда қыс қатты болып, ауа райы суық болып, жер беті көк мұзға айналды. Жем, Сағыз өзен бойындағы қазақтардың малы қырылды. 1797 жылы Сырым батыр Қобдада өткен кеңесте сөз сөйледі. «Маңдайына сор біткен, жұртым, міне бірнеше жыл қатарынан елге тыныштық жоқ. Халық күйзеліске ұшырады, қа- зақтың жаны – малы. Ендеше, елім, еңсеңді көтер, жермен жексен бола берме, ынтымақ жерде өшпенділік өрттей өршиді. Өшпен- ділік халықтың өркенін өшіреді». Осылай деп халқымен тілдесіп, ел тыныштығына жол ашу үшін күресті тоқтатты. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 14 жылға созылып, сол заманын- дағы қазақтардың басындағы мәселелерді шешуге жол ашты. Біріншіден, демократиялық идея Халық Кеңесі құрылды. Екінші- ден, Нұралы хан тақтан түсті. Үшіншіден, жер, жайылым тапшы- лығы мәселелері шешімін тауып, қазақтардың ой-арманы Еділ- Жайық өзені арасындағы жерге көше бастады. 1801 жылы орыс патшасы Бөкей Ордасын құру туралы жарлық шығаруға мәжбүр- леді.


Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе оты- рып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға әрекет жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қа- рым-қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырай- ды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы Жантөре хан (1805-1809 ж.) сайланады. Осы кезде Орын- бор губернаторы Жантөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол, бір жағынан, халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан, оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айырыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаған Жантөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап ба- рып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, хан-
137
■ Қазақстан тарихы

ның өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан та- ғайындайды. Бірақ оны халық жиналысы мойындамайды да, ор- нына ел арасында ықпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан сай- лайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хандық билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 1821 жылы Санкт-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. «Игельстром реформасы» жүргізілуі бары- сында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлер- ге көшіп-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында екінші хандық – Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топ- тардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет