дердің қоныс аударуы. Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған әкімшілік реформа-
165
■ Қазақстан тарихы
лары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің қазақ қоғамы- ның ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де болса әлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген пат- шалық әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың «ең сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды.
Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады. І кезең ХІХ ғасырдың 70- 80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жар- лық шыққанға дейін созылды. ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылда- рынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.
Қазақстанға орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қар- қынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкі- меті өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілер мен нұсқаулар қабылдады. Онда көз- делген мақсат – қоныс аударуды үкімет өз бақылауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жа- салды. Мысалы, Жетісу облысы әскери губернаторы Колпаков- ский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы «Уақытша ереже» әзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бас- тап 1883 жылға дейін күшін сақтады. «Уақытша ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық және түрлі міндеттерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көр- сетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа қоныс аударушы- лар үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: «Түркістан гене- рал-губернаторын басқару туралы ереже» бойынша 10 десятина
166
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
(ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық және мін- деттерден 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.
Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабылданды. Онда қоныс аудару тек Ішкі істер министрлігі және Мемлекеттік мүлік министрлігі арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. Тиісті үлестік мөлшері жергілікті өкімет құзырына берілді. Мұнда үл- кен астар жатқаны ешқандай құпия емес-ті. «Ережеде» шаруалар- дың қоныс аударып, тұрақтайтын аудандары нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу, Ақмола және Семей облыстарының терри- ториясына орыс-украин шаруалары көптеп қоныстануы белгілен- ді. Ата-мекенінен қоныс аударған шаруаларға қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді. Тек 1885 жылды қоса алғанда Ақмо- ла облысы қазақтары жерінен 251779 десятина мөлшерінде тар- тып алынды. Онда 10 940 ер адамы бар 24 қоныс аударушы бө- лімшесі (учаскелері) құрылған еді. Семей облысы бойынша 33 064 десятина егістік жер жергілікті тұрғындар иелігінен алын- ды. Жетісу облысынан 12 жылда (1868-1880 ж.) 3324 отбасы қо- ныс аударған, оның 2099-ы селолық құрылымға біріксе, 1225-і қалаларда тұрақтанды.
1889 жылғы Заң күші Торғай және Орал облыстарына да та- ралды. Заң қоныс аудару мәселесін үкімет құзырында қалдырды, қоныс аударушылар үшін арнайы рұқсат алуы қажет болды. Шаруалардың өз еркінше қоныс аударуы ретсіз қозғалыс болып қала берді.
Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүр- гізуді көздеп, 1892-1893 ж. Ұлы Сібір теміржол құрылысын бас- тады. Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында «артық»,
«бос» жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция құрылып, же- дел жұмысқа кіріскен еді. ХІХ ғасыр соңына қоныс аударушылар басқармасының орталықтандырылған біртұтас жүйесі құрылды. Транссібір теміржолы қазақ жерінің Солтүстік өлкесі арқылы жүргізілді. Ақмола облысы әкімшілігіне қараған осы өңірде құ- рылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек орыс-украин шаруа- ларын қоныстандыру үшін 2241503 десятина жер бөлінді. Эконо- мист Ф.А. Щербина басшылығымен «қоныстанушылар қорын» жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды.
167
Арнайы экспедиция 1896-1902 жылдарда Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уезін қамтып, қазақтардың мал шаруа- шылығына қажетті пайдаланатын «нормасын» «187 десятина жер 24 мал басына жеткілікті», – деп анықтады. Зерттелген 8 уездің жергілікті қазақтарға тиесілі жер мөлшері – 51 %, қалған 49 % жері «қоныс аударушылар қорында» қалды. Барлық шаруашы- лық жылқысы жоқтан бастап 300 жылқы иемденушiлерге дейiн тоғыз топқа бөлiндi. Бұл мәлiметтер қазақ қоғамының күрт дифференциясын көрсетсе, алайда Щербина экспедициясы қазақ қоғамында кедейлер не байлар деп бөлiнетiндей шаруашылық- тың түрi ерекше айқындалмайды деп бекемдедi. Экспедиция жұ- мысы нәтижесімен қанағаттанбаған патшалық әкімшілік қазақтар пайдалануындағы жер «нормасын» азайтып, «артық» деген жерді қосымша анықтау арқылы жоғарыда аталған уездер бойынша
«қоныстанушылар қорын» 63 %-ға дейін көбейтті. Қоныс аудару- шылар қатары жылма-жыл артып, олар тұрақтанған жерлерде мыңдаған қоныстар пайда болды. Қазақстанның солтүстік, батыс және шығысында жаңа келіп қоныстанған орыс және украин шаруаларымен қоса, орыс-казак станицалары салынды. Мәселен, Ақмола, Торғай және Орал облыстарында тұрғын қазақтармен салыстырғанда, келімсек орыс-казактар және орыс, украин ша- руалар есебінен жалпы халық саны өсті.
Егер Щербина Қазақстанда рулық қатынас болды деген кон- цепциясын негiзге алса, Румянцев өлкедегi экономикалық қаты- нас рулық және феодалдық элементтер араласып, бұл қатынас- тардың өзi тауар-ақша қатынасының дамуымен ыдырады деп пайымдайды. Патша өкіметінің отаршылық саясатының бір бө- лігі болған қоныстандыру науқаны мен аграрлық мәселені шешу үшін В. Кузнецов басқарған қазақ даласын қайта зерттеу жұмыс- тарын жүргізген экспедиция өкіметке белгілі дәрежеде өз нәти- жесін берді. Алайда қазақ халқының мүддесіне қайшы келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылықты бұзып, ұйып отырған жерінен құнарсыз жерге күштеп көшірді. Шаруаға лайықты тиісті жер үлесінің де мөлшерін белгілеген осындай экспедициялар патша өкіметінің жүйесіне қызмет етті.
Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин және әскери адам қоныстанды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында мұнда
168
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
5 уезд және 80-нен астам елді мекен пайда болды. Патшалық үкі- меттің жедел қарқында жүргізген қоныс аудару саясаты нәти- жесінде келімсек орыс, украин шаруаларына ең шұрайлы жайы- лымдық, егістік, су көздеріне бай, орманды жерлер берілді. Тұр- ғылықты қазақтар сусыз, малға тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі амал-айламен қоныстарынан көшуге мәжбүр болды. Қоныс аудару салдарынан жергілікті тұрғын саны азайып, демография- лық ахуал күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87 %-ға дейін азайды. Келімсек орыс және украиндар- дың саны 532,7 мыңға, татарлар 55,4 мыңға, өзбектер 73,5 мыңға, ұйғырлар 56 мыңға артқан. Бұл сандық көрсеткіштер жаңа ХХ ға- сырда ұлғая түсті.
Патша үкіметі 1901 жылы жарлық шығарды, онда жеке адам- дарға қазыналық жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етіл- ді. Қазақтар жері қазыналық деп есептелді және 1867-1868 жыл- дар реформасына сәйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған болатын. 1904 жылы қоныс аудару басқармасы құрылып, оған орталық Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау то- лығымен жүктелген еді.
1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда «село тұрғын- дары мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс аударуы туралы» делінген. Бұл аталған заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ халқын өз ата-қонысы болған туған жерден ығыстырылуға, тұрмыс ауыртпалығын бастан кешуге, мәжбүр етті.
XІX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қа- тар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871- 1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петер- бург шартына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті. Ұйғырлар мен дүн- гендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көз- деген мақсаты – оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілі- сіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Ше- лек және Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қа- былданды. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881-1883 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың
169
■ Қазақстан тарихы
басында 9572 ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628-і ерлер, ал 20745-і әйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қа- тар Қазақстанға барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Ша- рын (қазіргі Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Шелек ауданында), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында), Кетпен болыстары құрылды (қазіргі Жаркент ауданында). Жаңа құрылған болыстың басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағын- дағы басшылар сайланды.
Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суғарылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптасқан дәстү- рін әкелді. Ұйғырларда күріш өсіру дүнгендер сияқты негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, бақша салумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі).
Достарыңызбен бөлісу: |