Әкімшілік реформалар. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта және Кіші жүздің территориясы Ресей империясының ық- палында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан хандығының қол ас- тында болды.
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығы- ның шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты мін- деті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықта- рының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тара- пынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж.
«Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. 1822- 1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір әскери губернаторы М. Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П. Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) жарғы Кіші жүз территориясына таралды.
«Сібір қырғыздары туралы» жарғы бойынша Орта жүз тер- риториясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып, Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.),
Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).
Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір гене- рал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір бо- лыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек өз округінде ғана көшіп-қонуға рұқсат бе- рілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшы- лардан рұқсат алуы керек болды.
158
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
Жаңа әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруа- шылығына, омартаға, т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді және ол жер- лер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, оның иесі жерге меншік құқығын иеленуіне де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей және Өскемен уездері Том губерниясына берілді.
1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағын- бау); арыз-шағымдар («қазақтардың әдет-ғұрып заңдары» бойын- ша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).
Сонымен қатар жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салық- тан босатылды. Қазақтарға керуендерді, пошта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты және т.б. міндеттер жүк- телді.
Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс- басқарушы сұлтандардың және округтік приказ шенеуніктерінің мәртебесін және жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1200 сом, тілмаштарға 800 сом, болыс сұлтандарына 150 сом.
1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П. Эссен даярлаған
«Орынбор қырғыздары туралы» жарғы кіші жүзде жүзеге асы- рылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы»
159
■ Қазақстан тарихы
саналған 200 адамнан тұратын казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы төленді. 1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты қа- зақтан тұратын шегаралық комиссия құрылды.
1822 ж. жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл стар- шындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шегаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал- губернаторы тағайындады.1831 ж. дистанциялар мен старшын- дықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте 8, Ортада 20, Шығыста 28 дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар және молдалар салықтан босатылды.
1844 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабыл- данды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті әкімші- лікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтар- дың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды.
Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айнал- дыру үшін хандық билікті, яғни қазақ мемлекеттігін жойып, ор- нына орыстың әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шегаралық комиссия арқылы басқа- рылды, ал Орта жүз қазақтары шегаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 ж. Ресей империясы Орынбор және Сібір ведом- стваларының территориясында тұратын Кіші және Орта жүз қа- зақтарын басқару туралы жарғыларды қабылдады. Осы және одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы рефор- малар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай қа- зақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар қабылданып, ресейлік басқару жүйесіне қарай жа- қындатылды.
Достарыңызбен бөлісу: |