Бақылау сұрақтары:
1905-1907 жылдары Бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері қандай болды?
Қарқаралы петициясын кімдер дайындады және оның мазмұны қандай?
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске себеп болған патша жарлығы қан- дай?
«Қазақ» газеті, «Айқап» журналы қашан шықты және олардың редак- торлары кім болды?
Ә. Бөкейханов, М. Дулатов т.б. бастаған қазақ зиялыларының 1916 жыл- ғы 3 маусымдағы патша жарлығы туралы пікірлері қандай болды?
193
■ Қазақстан тарихы
Қазақстан Қазан төңкерісі мен
азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.)
Уақытша үкімет аграрлық мәселені шеше алмады және ха- лықтың өзін-өзі билеу немесе автономия алу, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеген-ді. Сондықтан 1917 жылдың жазының соңы мен күзі- нің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке қарсылығы өсе түсті. Корнилов бүлігі талқандалған- нан кейін большевиктердің беделі өсті. Большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тастаған «Барлық билік кеңестерге берілсін» деген ұранды қайта көтерді.
1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы кө-
теріліс басталды. 1917 жылы 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-ре- волюциялық комитет Уақытша үкімет билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша, Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сон- дай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астра- хань тәрізді ірі қалаларда Кеңес үкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақ- станда Кеңес үкіметін орнату төрт айға, 1917 жылдың соңынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Бұл үдеріс аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтара- лық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен больше- виктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа
194
Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкімет жақтаста- рының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленіс- тіре түсті.
Кеңес үкіметі Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес үкіметін орнату қарулы қақтығыспен жүрді. Облыс орталықтары мен уездік қалаларда Кеңес үкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті гарнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет би- лігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ал 1917 жыл- дың қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шым- кент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес үкі- меті Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес үкіметі 1918 жылы наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың наурызы аралығында Кеңес үкіметі Қазақстанда қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес үкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск зауы- тында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемле- кет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-нші Бүкілресейлік съезін- де қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.
Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкі- метін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді құру ісімен
195
■ Қазақстан тарихы
бірге жүргізілді. 1918 жылдың күзінен бастап билік Кеңестік ат- қару комитеттері қолына көше бастағанымен ауыл-селоларда Кеңестер күшіне ене қойған жоқ. Кеңес үкіметінің нұсқау, жар- лықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес үкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін жергі- лікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес үкіме- тін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп рөл атқарды. Облыстық, уездік, болыстық кеңестер- де жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдері- нің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау, т.б. бөлім- дері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Кеңес үкіметіне деген сенімсіздік күшейді.
Кеңес үкіметінің ұлттық саясатының негізгі қағидаты маңыз- ды екі құжатта – 1917 жылы 2 қарашада қабылданған «Ресей ха- лықтары құқықтарының декларациясында» және 1917 жылы 20 қарашада жарияланған Кеңес үкіметінің «Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде көрініс тапты. 1918 жылдың қаңтарында кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И. Лениннің дайындаған «Еңбекшілер мен қаналған халықтар- дың құқықтары декларациясы» қабылданды. Декларацияда «Кеңес- тік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңес- тік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады» делінген.
РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автоно- миялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары бастал- ды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңес- тері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 жылдың көктемінде еліміздің шығы- сында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республи- касы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылы 20 сәуірден 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары) Түркістан автоно- миясының құрамына кірді. Бірақ 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған «Еңбекшілер мен қана-
196
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
лушы халықтар құқықтарының декларациясында» өзге ұлттар- дың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осылайша, әуелі 1918 ж. 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстан- ның қалған жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын- да және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттігін құруға дайын- дық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды. Қазан төңкерісінен бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозға- лысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жұмыстары Кеңес үкіметін нығайту үдерісі- мен қатар жүргізілді. Мұның өзі, шын мәнінде, кеңестік мемле- кетті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет құру үдерісінің кеңестік жолмен шешілуі- мен келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші – қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа, екінші – олар Қазан төңкерісін қабылдама- ды, сөйтіп, Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтан да «Алаш» зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсы- нов, М. Дулатов, Е. Ғұмаров, Е. Тұрмухамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғ. Бірімжанов құрастырған бағдарламаның жобасы «Қазақ» газе- тінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарлама- ның жобасы он пункттен тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жина- лысына сайлауда «Алаш» партиясының ірі табысқа жетуін қам- тамасыз етті және 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әр түрлі топтары- ның өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы
«Алаш» партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру жә- не оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды.
Съезде қазақ автономиясы құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары және Закаспий облы- сы мен Алтай губерниясының қазақтар мекендеген аудандары
197
■ Қазақстан тарихы
енуге тиіс деп шешті. Съезд қазақ халқын «Уақытша Халық Кеңе- сі» түріндегі билік құру, оған Алаш Орда (алаш автономиясының үкіметі) деген ат беру жөнінде шешім қабылдады. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Оның әрбір облыс бойынша белгілі бір сандық құрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдық- тау шаралары белгіленді. Ұлттық автономия мәселесімен 1918 жыл- дың наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В. Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулы- сын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 нау- рызда Семейдегі Ә. Бөкейханов және Х. Ғаббасовпен телефон ар- қылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мәртебесі туралы болды. Телефон арқылы сұхбаттасудағы И. Сталиннің сөзі «Са- рыарқа» газетінің беттерінде қазақ тіліне аударылып жариялан- ды. Газетте: «…Үшінші кеңестер съезі кеңестік федерация жоба- сын жасап, бұл жоба Кеңестер съезінің бекітуіне салынсын деп қаулы қылынды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни тұрмысы бір, салты басқа халықтар жергілікті кеңес- термен қосылып, автономия, федерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығаруға съезд ша- қыратын комиссия құруға тырысу керек. Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткіз- бей, жергілікті кеңестермен бірігіп, әлгідей комиссияны құрар. Сізден өтінетініміз, біздің осы жобамызды Алашорданың кеңесі- не салып жауап қайтарсаңыздар екен», – деген мазмұнда болды.
Бұл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нәрсе оның жалпы қазақ-қырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының құқығы туралы декларацияның өзара үндес екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік Кеңес үкіметіне Алашорданы мойындауға не- гіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашорданың Кеңес үкіметін мойындайтындығын мәлімдеуі болатын. И. Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғарылады. Кеңес үкіметі «басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару» үшін, ең алдымен, оны мойындау қажеттігін талап етті. Сонымен бірге автономия алу мәселесі
198
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мұн- дай жағдай қиындық тудырғанымен, олар И. Сталиннің ұсыны- сын талқылап, автономияға қатысты өз шешімдерін мәлімдеді. Ол қаулы 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт жұмысын басқарушы Халық Комиссары Сталиннің Алаш ав- тономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес үкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі өз шарттарын білдіріп: «Желтоқсанның 5-нен 13-іне шейін Орынборда болған жалпықазақ-қырғыз съезінің қау- лысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтын- дықтарын, Алаш автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закас- пий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқан облысының Жизақ уезі, Әмудария әнделі (бөлімі), Алтай губерниясына қараған Бийск, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиістігін, Алаш автономиясында заң шығаратын, ел билей- тін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде Кеңес үкіметінің қасында болуға Алашорда мүше- лері Халел һәм Жаһанша Досмұхамедовтер жіберілетіндігін ес- кертіп, жергілікті кеңестердің бұйрығы бойынша ұсталып, абақ- тыда жатқан Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын-сүргінге ұшыратуды тоқтатуды» талап етті.
Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талаптарына ресми жауап бермеді, өйткені алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары Кеңес үкіметінің мүддесі- мен сай келмейтін. Сондықтан да 1918 жылдың 28 наурызында Мәскеуден Семейдегі Қазақ комитетіне И. Сталин және мұсыл- мандар ісі бойынша комиссар Вахитов қол қойған жеделхат ке- лді. Жеделхатта «қырғыз істері бойынша Комиссариат құру үшін тез арада өкілдер жіберу» жөнінде айтылды. Мұның өзі Кеңес үкіметінің өлкедегі барлық істі өз қолдарына алғандығын көр- сетті.
Осы жылдың 29-наурызында Семейге Х. Ғаббасовтың атына Мәскеудегі Алашорда үкіметінің өкілдері Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерден жеделхат келді. Онда Кеңес үкіметінің тұт- қынға алынған қазақ қайраткерлерін тегіс босату туралы облыс-
199
■ Қазақстан тарихы
тық кеңестерге әмір бергендігі және Алашорда өкіметінің қойған талаптарына таяу арада жауап беруге уәде еткендігі айтылды. Жеделхатта Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімі ашылып, оның құрамына қазақ халқының өкілдерін сайлау құқығы Алашордаға берілетіндігі де айтылған. «Сырда- рия» газетінде жарияланған осындай мәліметтер шындыққа жа- насады. Оған дәлел ретінде Алашорда атынан РКФСР-дің Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. Сталинмен Семейден тура телеграф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасовтың 1929 жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабын келтіруге болады. Онда былай делінген: «Келіссөздерде мен Кеңес үкіметінің декларациясының идеяларына сәйкес қазақ халқының өзін-өзі билеу құқығының кедергісіз жүзеге асыры- луын талап еттім. Барлығы есімде жоқ, дегенмен мен он төрт тар- мақтан тұратын талаптар қойдым. Олардың жадымда қалған не- гізгілері: таратылған қазақ мекемелерін қалпына келтіру, Кеңес үкіметі жағдайындағы ұлттық автономияны құру, қазақ халқы- ның тұтқынға алынған қайраткерлерін босату. Сталин жауабы- ның мазмұны Алашорда Кеңес үкіметін мойындағанда ғана Қа- зақстанның Құрылтай съезін шақыруға әрекеттер жасалады де- генге сайды. Біз Сталинге телеграф арқылы Кеңес үкіметін мойындайтынымызды мәлімдеп, сол кезде Мәскеуде жүрген Дос- мұхамедовтерге Орталық үкімет алдында біздің мүдделерімізді қорғауды тапсырдық. Осылайша, Халел және Жаһанша Дос- мұхамедовтердің Мәскеуге Кеңес үкіметі басшыларымен кез- десулері мен телеграф арқылы Сталинмен жүргізген келіссөзде- рінде Кеңес үкіметінің ұлттық тұтастық негіздегі қазақ мемлекет- тігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге даяр екендігін көрсетіп берді. Қысқасы, Кеңес үкіметінің бұл мәселе жөніндегі ұстанымы: «Өзін-өзі билеу принципі социа- лизм үшін күрес құралы болу керек және социализм мүдделеріне бағындырылуы тиіс», – дегенге сайды.
Әйтсе де іс жүзінде Кеңес үкіметі Алашорда үкіметінің өзін де, талаптарын да мойындағысы келмеді. Сондықтан да Х. Ғабба- сов 1918 жылдың 1 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлары мен Ұлт істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ хал- қының ұлттық тұтастық мүддесін көздейтін Алашорда өкіметін
200
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Кеңес үкі- меті мұндай талаптарды жауапсыз қалдырды. Осылайша, алаш- тықтардың Кеңес үкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға талпынысы нәтижесіз аяқталды. Большевиктер Алаш пар- тиясына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын, пролетарлық революция жолындағы кедергі есебінде қарады.
Алаш басшыларының Кеңес үкіметімен жүргізілген келіс- сөздердің нәтижесіз аяқталуына 1917 жылдың күзінде құрылған, жетекшісі Көлбай Тоғысов болған, өздерін «Қырғыз (қазақ) со- циалистік партиясы» деп атаған «Үш жүз» партиясы да ықпал жа- сады. Бұл негізінен ұсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияның саяси көзқарасы 1917 жылдың күзінен 1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгерді. Әуелгі кезде «үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұс- танса, 1918 жылдың бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктер- мен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.
Достарыңызбен бөлісу: |