Қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру. ХХ ғасыр- дың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын еді.1985 жылы наурыз айында КОКП Ор- талық комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің «қайта құру» ба- ғытын айқындайды. Оның алғашқы төрт жылында (1985-1989 ж.) жеделдету тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған бірқа- тар нәтижесіз бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы ретінде өндірістік құрылымды, құрал-жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды. Бұл идеяны ұсынушылар
академик-экономист А.Г. Аганбегян және т.б. тұтыну жабдық- тарын сатып алуға бөлінетін валютаны азайтып, үнемделген қаржыны сырттан машина жасау өнімін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Жеделдету тұжырымдамасы өзінің жарамсыздығын ауыл шаруашылығында да көрсетті. Бұл салада оның жүзеге асы- рылмауының басты себебі меншікке байланысты болды. Арен- далық әдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен еңбек нәтиже- лерін иемдену, табылған табысты бөлу принципін өзгертпеді.
Маскүнемдікпен және тәртіпсіздікпен күрес қайта құрудың алғашқы жылында еңбек өнімділігін шамалы ғана арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюд- жетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді.
Халықаралық аренада кеңестік басшылық өз беделін өсіру мақсатында 1985 жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты. Келесі бір оң қадам 1979 ж. желтоқсанда басталған ауған жанжа- лын тоқтату болып табылады. Кеңестер Одағы 1988 жылы өз әс- керін Ауғанстаннан шығара бастап, оны 1989 жылы ақпанда аяқ- тады. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд сом шығын әкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға соқпай өткен жоқ. Республикадан оған 21979 адам қатысып, оның 780-ге жуы-
268
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
ғы қаза тауып, 393-і мүгедек болып, 22-сі хабарсыз кетті. Бұл ша- ралар Кеңестер Одағының әлемде беделін біршама өсірді. Кеңес- Қытай қатынасы жақсарды. Бірақ КСРО әлі де болса бұрынғы- сынша орасан мол армия мен әскери-өнеркәсіп кешенін ұстап отыр- ды. 1987 жылдан бастап ядролық сынақты қайтадан бастады.
ХХ ғасырдың 80-жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі ба- сына шаққанда Одақтық деңгейден 12 %-ға кейін қалды. Сондай- ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу бол- ған жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек 69, Одақта әрбір 10 мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекеме- лерімен қамту 53 % ғана болды. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ве- домствалық мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуына кедергі жасады. Соның нәтижесінде көптеген территория, су мен ауа бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақ- тары экологиялық зардап шегіуші аудандарға айналды. Әсіресе Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті.
Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы ХVІ съезінде жасаған баяндама- сында, ол кезде республика Министрлер кеңесінің төрағасы бо- лып істеген Н.Ә. Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия коми- теттерінің уақтылы шешпейтінін айтты.
Қазақстанның жоғарғы билік органдарына орталықтан бас- шы кадрлар жіберу жалғаса түсті. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан компартиясының 1-хатшысы Д.А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт
269
■ Қазақстан тарихы
күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жаста- рының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, со- ның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ он- дай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталма- ды. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасын- да қақтығысулар болды. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Мұздай суға то- ғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды жастар өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық комитеті «Қазақ рес- публикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационал- дық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қау- лы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақ- стандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Мәселені Қазақ КСР Жоғарғы кеңе- сі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комис- сия тексерді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас көтеруі- нің түрі ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Бұл ереуіл саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ-ты. Бірақ республиканың жә- не орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды.
270
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сот- талды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомол- дан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан кейін Г.В. Колбин сая- сатының қатаң және валюнтаристік бағытына жол берілді. Бас- шылық жүйесінде үлкен кадрлық тазалау жүзеге асырылды, мә- дениет пен баспасөзге бақылау күшейді, жоғары оқу орындарына студенттер Қазақстандағы ұлттардың алатын пайыздық үлесіне сай қабылдана бастады.
Осылайша, «қайта құрудың» алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы және қоғамдық-саяси өмірді жоғарыдан жүзеге асырылған жеңіл-желпі шаралармен реформалау мүмкін еместі- гін көрсетті. 1988 жылдан бастап Коммунистік партия тарапы- на сындар айтылып, жаңа қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1987 жылы тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым – әлеуметтік-эколо- гиялық «инициатива» бірлестігі құрылып, ол өзінің алдына со- ғысқа қарсы тұру, экологияны, бейбітшілікті қорғау, қоғамды демократияландыру мақсатын қойды. Жұмысшы қозғалысы қа- тарында Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлары ерекше рөл атқарды. 1989 жылы Жаңаөзендегі оқиға әлеуметтік-экономика- лық саладағы көкейтесті мәселелерді көтерді.
Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі кеңестердің қызметінен айқын көріне бастады.
«Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!» деген ұран жанданды. Бұл мәселені бастапқы кезде кеңестерге партия басшылығын күшей- ту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеңе шық- пады. Өйткені компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Алайда осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іс- ке асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты округ- тік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары
271
■ Қазақстан тарихы
резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңес- терге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбек- керлері арасында КСРО Ғылым академиясы әлеуметтану инсти- тутының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу бары- сында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекші- лерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне реформа жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Онда ең басты мәселе
халық депутаттары кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. Конференцияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқ- санда қабылданған «КСРО Конституциясына қосымша өзгеріс- тер енгізу туралы» және «КСРО халық депутаттарын сайлау» жөніндегі заңдарда өзінің шынайы көрінісін тапты.
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысымен 30-40 жылдары және 50-жылдардың бас кезінде сот- талған және жазаға ұшыраған халқымыздың даңқты өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Айма- уытовтың, Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұраларының ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды. Сөйтіп, қазақ халқының аталған бес арысы 1988 жылы ресми ақталды.
«Қайта құрудың» екінші кезеңі 1989 жылы көктемдегі сай- лауға байланысты басталды. Демократиялық үдерістердің даму барысында көрнекті рөл атқарған 1989 ж. наурыз айында өткен КСРО халық депутаттарының І съезі болды. Осы съезде Г.В. Колбин одақтық халық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып, Мәскеуге кетті. Оның орнына осы жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Саяси өмірде болған өзгерістер ұлттық сананың оянуын ту- ғызды. Мұның айқын көріністерінің бірі ядролық қаруға қарсы
272
Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
халықтық қозғалыс болды. 1989 ж. ақпандағы республика жұрт- шылығының жиынында тұңғыш «Невада-Семей» қозғалысы- ның бастамасы салынды. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын О. Сүлейменов басқарды. Бұл қозғалыс бүкіл Қазақстан халқы тарапынан қолдау тауып, осы жылдың 6 тамызында Семей облы- сы Қарауыл ауылында өткен жиында КСРО және АҚШ-тың хал- қы мен Президентіне ядролық сынауға бірлесіп мораторий жа- риялау қажеттігі жөнінде үндеу қабылдады. Одақтық үкімет Семей полигонындағы жарылысты азайтуға мәжбүр болып, 1989 ж. полигонда жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтатты. «Нева- да-Семей» қозғалысының бастамасы бойынша 1990 ж. мамырда Алматыда «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өтті.
Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жо- ғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 1-ші хатшысы Н.Ә. Назар- баев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ орталықтағы сияқты біздің республика- мызда да президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты респуб- ликаның тұңғыш Президенті етіп сайлады. Республика Жоғарғы кеңесі 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға бай- ланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнайы ко- миссия құрды.
Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесі- нің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жылдары қабылданған республи- ка заңдарында әрбір адамның бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Республика Парламентінің қазақ тіліне мемле- кеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын» 1989 ж. қыркүйекте қабылдауы маңызы зор оқиға болды.
Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер жаңа партиялардың құрылуына жағдай жасалды. 1990 жылы Қа- зақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Бұл партия- ның алдына қойған басты мақсаты – республикалық Парламент
273
■ Қазақстан тарихы
сайлауына қатысып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. 1990 жылы Қазақстанда «Азат» азаматтық қозға- лысы қалыптасты. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқ- сан», т.б. саяси қозғалыстар пайда болды.
Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қоғамдық- саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құ- былыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шие- леністі.
Достарыңызбен бөлісу: |