Бегалиева А.Қ



бет59/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Қоғамдық-саяси өмірдегі келеңсіз құбылыстар. ХХ ға- сырдың 70-80 жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономи- калық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигіз- бей қойған жоқ.

262
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■


1922 ж. федералдық мемлекет ретінде құрылған КСРО іс жү- зінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. Оның құрамындағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемен- дігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанымен бірде-бір халық оны пайдалана алмады.


Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70-80 жылдары ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт- сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде еуропоцентризм басым еді. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыз- дың бөліп алуға болмайтын бөлігі – көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жабылды, адамдардың тарихи санасын жою үдерісі жүрді.
Орыс тілін республикада қазақтардың 60 %-ы меңгерсе, қа- зақ тілін орыстардың 1 %-ынан да азы меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипло- матиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95 %-ы орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 %-ы эфирге орыс тілінде шықты. Ұлт саясатындағы бұрмалау- лар, саяси ахуалдың қатал болуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеуі, әсіресе зиялылар арасында наразылық туғызды. Студент- тер, шығармашылық және ғылыми интеллигенция арасында рес- публиканы орыстандыру саясаты айыпталды, қазақ тілінің жағ- дайына, республиканың егемендік құқының жоқтығына алаңдау- шылық білдірілді.
Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80 жылдар- дың басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жер- шілдіктің көріністеріне қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әде- биет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О. Сүлейменовтің
«АзиЯ» деген кітабының идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтіріп, ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы жазылған деп айыпталды.
263
■ Қазақстан тарихы

Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тыйым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған «Дәстүрлі қазақ өне- рінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тыйым сал- ды. Антрополог О. Исмағұловтың «Қазақстанның этностық гено- географиясы» деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табыл- ды. Авторға әдіснамалық қате жіберген, ру-тайпалық факторлар- ды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың барлығы алынып тасталды.


1979 жылы жазда Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынас- тардағы қарама-қайшылықтар еді. Қазақстанда неміс автономия- лы облысын құру туралы шешім 1979 жылы көктемде КОКП Орталық комитеті саяси бюросының мәжілісінде республиканың үкіметі мен жоғарғы кеңесінің келісімінсіз қабылданды. Қазақ- стан компартиясы Орталық комитетінің сол кездегі бірінші хат- шысы Д.А. Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда қазақ жерінің қақ ортасынан неміс автономиялық облысын ашу туралы шешім қа- былдауға КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ю. Андроповтың ықпалы болған. Бұл автономиялы облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталы- ғы жасалмақ болып белгіленді.
Маусымның 16 күні таңертең негізінен облыс орталығын- дағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қатарындағы қазақ жастары қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілінде «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясы болмасын!» және басқа ұрандар жазылған транспо- ранттар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыс бас- шыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Ақмола- дан кейін шағын митингілер мен демонстрациялар Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.
КОКП Орталық комитеті саяси бюросының бұл шешіміне республикада тұратын немістердің өздері де қарсы болды. Олар
264
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

«Қазақстаннан шаңырақ сұрағанымыз жоқ, кеңес немістерінің ту тікпек жері Еділ бойы, автономия алсақ, о бастағы «ата» қоныс- тан ірге көтереміз», – деп отырып алды. Бұл жерде еске салып кететін жағдай: бұрын Волга бойында, нақтырақ айтсақ, Ресейдің Волгоград және Саратов облыстарының аумағында неміс автоно- миялық облысы бар болатын. Республика халқының наразылы- ғының нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешім іске аспай қалды.


Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірілді. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге басымдық беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, Арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінеуі көбейді.
Экологиялық дағдарыс жағдай Семей өңірінде де орын алды. Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы онда- ған жылдар бойы айтылмады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның сәулесіне ұшырады, әсіре- се онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975-1985 жыл- дары бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда Рес- публика территориясында 27 жерде қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Мұндай жарылыстар, әсіресе Атырау облы- сында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда,
265
■ Қазақстан тарихы

қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді.


70-80 жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркем- өнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының тұрмысы- на теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек ене бас- тады. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-жылдардың ба- сында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді.
1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыс- тарына дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 бағдарламалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдар- ламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйе- лер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарлама ар- қылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүр- гізілді.
Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мысалы, респуб- ликаның жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 млн 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 млн 266,1 мың бала оқыды. Мектептің оқу ісінің алдына 70-жылдары жаппай орта білім беру міндеті қойылды. 1984 ж. балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу-ма- териалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жө- ніндегі мектеп реформасы басталды. Ұлттық мектептерді қыс- қарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны көбейді.
1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттер 160 мамандық бойынша әзірленді. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қазақ әдебиеті І. Есенберлин- нің, Ә. Нұршайықовтың, М. Мақатаевтың, Т. Айбергеновтің,
266
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

О. Сүлейменовтің, М. Шахановтың, Қ. Мырзалиевтің, Ф. Оңғар- сынованың, Ә. Кекілбаевтың, О. Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш. Қалдаяқовтың, Л. Хамидидің, Н. Тілендиевтің, Ә. Есбаевтың, І. Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.


«Ботагөз», «Аққан жұлдыз», «Менің атым Қожа», «Қыз Жі- бек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Бейбарыс сұлтан» кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбін- ше артистер Н. Жантөриннің, Ы. Ноғайбаевтың, А. Әшімовтің, Ә. Боранбаевтың, режиссерлер Ш. Аймановтың, М. Бегалиннің, С. Қожықовтың, А. Қарсақбаевтың, Т. Теменовтің, т.б. шығарма- шылық қызметтерімен байланысты. Ә. Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, Ә. Дінішев, Р. Жаманова, Р. Бағланова, Р. Рымбаева, т.б. жалғас- тырып байыта түсті.
70-80 жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеулерін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ә. Айтхожин генетика мен микробиология саласында Ленин- дік сыйлыққа ие болды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маң- ғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кен- дерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашы- лығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жыл- дары бес томдық «Қазақ КСР тарихы», он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», он бір томдық «Қазақстанның металлогения- сы», тоғыз кітаптан тұратын «Қазақстанның сүт қоректілері», тоғыз томдық «Қазақстанның өсімдіктері» және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсарин мұраларының зерттеліп басылып шығарылуы қоғамдық ғылым- дағы елеулі оқиға болды. Алайда Қазақстан ғылымының табыс- тарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі мәселе- лері де болды. Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми

267
■ Қазақстан тарихы


мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді. Академиялық, жо- ғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштас- тыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырлан- дырылмауына, ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет