Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ӘШІМБАЕВ САҒАТ-ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ



бет156/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

ӘШІМБАЕВ САҒАТ-ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1947 жылы 1мамырда Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл ауылында туған. 1965ж. Нарынқол с-ндағы қазақ орта мектебін үздік бітірген. 1965ж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Универстетінің филология факультетінде оқып 1970ж. Республикалық «Жастар» газеті «Лениншіл жаста», қазіргі «Жас алашта» әдеби қызметкер болып еңбек жолын бастады.

1973-1976ж. аралығында «Жұлдыз» журналында, 1976-1979ж.


«Лениншіл жас» газеті бас редакторының орынбасары, 1980-1985ж. Авторлық құқық жөніндегі бүкодақтық агентігінің Қазақ бөлімшесінің бастығы болды. Ал 1986ж. бастап С.Әшімбаев Қазақ КСР Телевизия және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комбинат төрағсының орынбасары, содан кейін осы комитеттің төрағасы қызметін атқарды.
С. Әшімбаев – қазақ әдебиетінің белгілі білгір - сыншысы. Өз заманының озық ойлы зиялысы болатын. Сыншы - ғалым, 1976ж. қазақ жазушылар одағының мүшесі, оның шығармалары талғампаздық тереңдігімен, жан - жақты біліктілігімен ерекшелініп, публицистикалық «Парыз бен қарыз» телехабарлары көрермендер тарапынан үлкен ықылысқа бөленді. Оны «сын мұраты» атты тұңғиық кітабы үшін 1976 ж. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. С.Әшімбаев 1991жылы 26 тамызда кенеттен қайтыс болды. Мүрдесі Алматы қаласының Ортақ зираты «Кеңсайда». Мрамырдан бюсті

жасалған. Райымбек ауданындағы өзі туған жеріндегі қазақ орта мектебі С.Әшімбаев атымен аталады.


ЖАНБОТА ДОСАН - ЖАЗУШЫ (1935ж. 10.05)

Кеген ауданы, Жалаулы колхозында туған. Кеген мектеп интернатында (1950ж.) (1958ж) Жалаңаш қазақ орта мектебін бітірген. 1960 жылы Қазақ Әл-Фараби Мемлекеттік Университетінде тарих факультетіне түсіп, 1965ж. жоғары білімді тарихшы мамандығына түсіп 1965ж. жоғары білімді тарихшы мамандығына ие болған. 1965ж. Қазақ теле-радио комитетіне қызметке алынып телестудияның жасөсперімдерге арналған «Құрдастар» редакциясында студенттер экраны атты әдеби-өы өнерпаз жастар бөліміне жетекші редактор болды.


1968ж. қазақ радиосында тұңғыш рет таза қазақша хабарлар жүргізетін «Шалқар» арнасы ашылғанда редактор болып ауысты. 1950жылдан бастап (Коммунизм нұры) Жетісу, (Лениншіл жас) Жас алаш, (Пионер) Ұлан газеттерінде алғашқы өлеңдері жрық көрген. 1968ж «Жұлдыз» журналының 9-номерінде алғаш рет прозалық шығармасы: «Әкемді көргендер» атты көлемді повесі жарық көрді. Отан соғысы жылдары тылдағы ел өмірі суреттеледі. Мерзімдік баспасөздерде қазақ радио, теледидарында әңгіме, повестері, очерктері үзбей жарияланып тұрды.
1976 ж. «Қайнар» баспасынан 8 баспа табақтық деректі әңгімелер жинағы, 1977ж. Қазақ мемлекеттік Халық суретшісі, мемлекеттік сыйлықтың лауераты, мүсінші Хакімжан Наурызбаевтың балалық шағын әңгімелейтін «Тастағы симфония» атты көркем повесі
«Жазушы» баспасынан шықты.
1976ж. тұңғыш рет құрылған «Жалын» жастар баспасына редаторлық қызметке алынды. «Жалын» альманағының проза бөліміне жетекші болды.
1986 ж.қаз. Кеңес Энциклопедиясы баспасына ауысып 1995ж. демалысқа шықты.
1978ж. «Дала оттары» «Жалын» баспасы, 1984ж. «Жер жылуы» (Жалын баспасы) повестері мен «Дүниедегі ең ұзақ жол», «Бартоғай»,
«Ғасыр жебесі» атты романдары бар.
Композитор Әсет Бейсеуовтың, Халық артисі З.Қойшыбаеваның орындауындағы қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған «Дос жүрегі», «Жан досым», Е. Серкебаевтың орындауында «Сағынып

аңсап келемін», Н.Нүсіпжановтың орындауындағы «Абайдың елі», М.Жүнісованың орындауындағы «Жамбыл ақын мәңгілік» т.б. жасөспірімдер хорының орындауында «Туған жер», Қ.Белғозиевтың


«Кел жайлауға бауырым» әндеріне өлең жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет