МАМАДАЙРҰЛЫ ҚАЛЫБЕК-ХАЛЫҚ БАТЫРЫ. ЕЛ ҰРАНЫ (1603-1671жж.)
Зираты белгісіз. Тұған жерін жоңғар басқыншыларынан қорғау жорығында ерлігімен танылған. Ақылды, әділетті шешімімен, соңына ерген елін тура жолмен басқарғанын сыйлаған халық есімін ел ұранына айналдырған.
Халық жайдан-жай кез келгеннің есімін ұран етпеген.
Қалыбек батыр Қожбанбеттің, Биекеңнің, Өтейдің, Әжібайдың, Әлмеректің замандасы. Дуалы ауыз қариялардан естуімде ертеден-ақ Албан әулетін Әлмеректің, Өтйдің, Әжібайдың, Қожбанбеттің, Қалыбектің есімі ел ұраны болған. Исі Сүймендінің, Айты Қалыбекті, Бозымы Әлмеректі ұран еткен. Уақыт озады. Ұрпақ өседі. Қилы-Қилы тарихи кезең өтеді. Көш керуені жаңарады. Оның үстіне Албан ата жолы ұзақ. Сырдың, Қаратаудың, Қазығұрттың бауырында туып Хантәңірі шыңына дейін жорық жолын басынан өткерген Албан, Суан ұрпақтары ата-ана қонысын, бабасының кіндік қаны тамған жерін жоңғарлардан, ат үсті, түйе қомында жүріп найзаның ұшы, қылыштың жүзімен азат еткен.
Сол дәстүрдің туын биік ұстағандықтан шекарасынан бірде-бір жоңғарлықты өткізбеген. Оған тарих күә. Сол даңқты ерлікті ұрпақтары жалғаған.
Ал, Қалыбек, Әжібай, Қожбанбет, Өтей. Әлмерек-Райымбек батырдың ұлы атасы Алжанның тең тұсы. Змандасы. Бұл шамамен 1500-1600 жылдары ғұмыр сүрген. Ұрпақтар тізбегін қуаласақ соны маңалайды. Бүгінгі тарихты тамырлата анықтайтын кезде ұрпақтарымыздың түсінік, түйсігін тереңдетуіміз керек. Қол созым жердегі, яғни кеше ғана өткен батырларымызды дәріптеп, марапаттап қысқа түсінікте қалмауын ойлағанымыз әбзел.
Қалыбек секілді ел ұраны болған батырлардың рухы тарихымызды байытпаса, кедейлентпейді. Біз Қалыбек батыр ұрпақтары әлі де шаршы топқа шығып: өнерімізді, күшімізді сынасақ атамыздың рухынан демеу іздейміз. Табамыз.
Жігітімізге ұзақ жолға шығарып сәт-сапар тілесек Қалыбек батырдың аруағы серік болса екен деп армандаймыз.
Жүйрігіміз бәйгеге қоссақ батырдан ақ бата сұраймыз. Бұл игі дәстүр болашақ өсер ұрпақтарда жалғасын табатынына сенеміз.
ОТЫНШЫҰЛЫ ЖАНПЕЙІС - 1916 ЖЫЛҒЫ ҚАРҚАРА КӨТЕРІЛІСІНІҢ САРБАЗЫ
1868 жылы Кеген елдімекенінде туған. Ақпатшаның шұрайлы жерді алған саясатына қарсы, әрі солдатқа адам бермейміз деген көтерілістің көсемі. Патша жандарымдарымен шайқаста 56 жасында дүниеден қайтты.
Достарыңызбен бөлісу: |