Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


СОЛТАНҚҰЛҰЛЫ БЕКАЙДАР - 1916 ЖЫЛҒЫ ҚАРҚАРА



бет155/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   333
СОЛТАНҚҰЛҰЛЫ БЕКАЙДАР - 1916 ЖЫЛҒЫ ҚАРҚАРА

КӨТЕРЛІСІНІҢ САРБАЗЫ
1867 жылы Жаркент уезі Нарынқол болысы, Сарбастау елдімекенінде туған. Алғырда қайратты Бекайдаров елге би болған. Әділ билігімен әділ билік жүргізген. Шұрайлы жерді иемдене бастаған ақпатшаның саясатына қарсы шыққан. 1916 жылғы Қазақтан солдат алмаймыз деген, өз жарлына өзі қарсы шығып, елдің жасөспірімдерін солдатқа алмақ болған соң елді ұйымдастырып, үлкен ерлікке көтерген. Соның нәтижесінде Қытаймен сауда-саттық жүргізген Қарқара жәрменкесінде қарулы көтеріліс басталды. Осы қанды шайқаста Бекайдар қаза болды. Тарих оқиғаның ақ - қарасын айыратын әділқазы. Ол болашақ ұрпақтың еншісіне қалар дүние.
ТҰРЫСБЕКҰЛЫ ЖЕТЕН (Бұқа батырұлы) - ХАЛЫҚ БАТЫРЫ (1837-1913)

Ұлт - азаттық көтерілісінің өз заманындағы даңқты қолбасшысы. Елін, жерін жоңғар басқыншылығынан азат етуде ерлігімен ел назарына ілігіп, құрметіне ие болған. Батыр бұрынғы Жаркент уезі (қазіргі Ұйғыр ауданы) Сарытоғай болысы, Айт руының ата-қонысы Сарытоғай елді мекенінде туған.


Жетен батыр ел ағасы 100-ге тарта қарулы сарбаз ұстаған. Тезек төре адалдығына, батырлығына бас иіп, есептесуге мәжбүр болған. Сол кездегі қазақ, қырғыз халқын басқарған генерал - губернатор Герасим Алексеевич Калпаковскийдің өзі Албан, Суан руының атақты батырларының әрбір ізін бағып, хабардар болып отырған. Оны Ш.Уәлихановтың 1861ж. 28 желтоқсанда губернаторға жазған қатынас хабарламасынан білуге тиіспіз.
Ш.Уәлиханов «таңдамалы шығармалар 594-бет 1953ж.» «қазақ көркем әдебиет баспасы».
Онда былай жазылған: «Соңғы уақытта дүнгендер мен сарттар елшілері арқылы Іле бойындағы Албан руларына кең насихат жүргізуде ». Соның нәтижесінде Саурық, (Құрман, Ұзақ батырдың әкесі) Джузендердің басшылығымен Жарты, Қоңырбөріктер оларға ашық түрде ат беріп, жігіттері көмектесіп жүр. Ал, Жетен, Дүр, Сұлтан, Кезеңқара қазірше толқу үстінде-дейді. Бұған қарағанда осы аты аталған батырлар патшалық Ресейге де белгілі болған.
Жетен батыр ұзақ жасаған. Жайлауда пәни дүниеге аттанған. Елі құрметтеген батырға Верный қаласынан Жалаулыға қызыл кірпіш әкеліп губернатордың қадағалауымен биік зират ескертікш тұрғызған.

Оны мемлекеттік маңызы бар ескерткіш деп хаттаған. Мемлекеттік тарихи орындарды қорғау орталығында сақтаулы. Есігінен екі атты адам қатар кіретін, күмбезіне ерттеулі аттың үстіне тік тұрғанда қолы жетпейтін кесенені 1930 ж. Қызыл әскерлер бұздырып, кірпішінен қол өз кеңсесіне печ салдырған. Соның басшысы, кеңесшісі болған Коммунистің өзі кейін жынданып, әкесін ат сүйреп өлтірді. Ұрпақ қалмады.


Сол Жетен батыр зиратының орнына еліміз егемендігін алғаннан кейін 1996ж. Қараша айында ұрпақтары қайтадан ескерткіш орнатты. Жаңартуды ел ішінде ұйымдастырған ұрпақтары: Шарен Белғожаев қажы. Досан Жанбота, Бексырға Данышпанұлы, құрлысшы - архитектор Болат Әбішұлы т.б. болды. Данқты батыр құрметіне жалаулы кеншарының орталығындағы кең көшеге Жетен батырдың атымен атады, ұлттық ойындар жарысын өткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет