Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ҚОЖАНОВ ТОҚТАСЫН САУДАБЕКҰЛЫ – ҒАЛЫМ (1945ж. V.)



бет258/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   333
ҚОЖАНОВ ТОҚТАСЫН САУДАБЕКҰЛЫ – ҒАЛЫМ (1945ж. V.)

Нарынқол ауданы Қайнар ауылында туған. Қазақ мемлекеттік Аграрлық университетінің физика кафедрасының меңгерушісі. 1964ж. Қазақ мемлекеттік Әл-Фараби университетінен жоғары білімді математика мамандығын алған. Үздік дипломды маманды қазақ. ҒА – ның астрофизиктер институтына қызметке қалдырған. 1979 жылы ғылыми диссертациясын қорғаған, физика – математика ғылымының кандидаты атағына ие болды. 1983жылы Кеңестер одағының Жоғарғы аттестациялық төрешілері астрофизика саласындағы аға Ғылыми қызметкер деген дәрежеге көтерді. 1993ж. Астрофизика саласында докторлық диссертация қорғап, физика – математика ғылымының докторы атағын алды. 1994ж. Халықаралық Нью-Иорк Ғылым Академиясының академигі, 1995ж. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясынын академигі болып сайланды. 1996ж. АҚШ-тың Ұлттық геофизикалық және Планетарлық ғылыми қоғамына мүшелікке қабылданды. 1995жылдан физика ғылымының профессоры.


Астрономия ғылымынан ФРГ, Индия, Италия, Иран, Корея т.б. мемлекеттерде өткен дүниежүзілік ғылыми конференцияда, симпозиумдарда ағылшын тілінде баяндамалар жасады.


БАЙПАҚОВ МАНАП – ЕЛАҒАСЫ, САЯСИ ҚУҒЫН – СҮРГІННІҢ ҚҰРБАНЫ. МЕМЛЕКЕТ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ. (1894 ж. – 1938 ж. 3.7.)

Жаркент уезі, Нарынқол болысы, Қайнар ауылында туған. 1900ж. Нарынқол селосында алғаш ашылған Орыстың жабайылар мектебінде (русско- туземное школа) оқып, 1912ж. бітірген. 1920ж. Жетісу жерінде жаңа өкімет жаңа өкімет орнатамыз деген арманға адал жүрегімен сенген азамат.


Алғаш Кеңестер одағына қарсы шыққандармен күрескен. 1922ж. Жаркент уезіндегі қосшы. Одағына төраға болып сайланған. 1932ж. Кеген аудандық партия комитетінің басшыларының бірі болған Кеген ауданында Ораз Жандосовпен бірге қызмет атқарған. О.Жандосов облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып сайланған М. Байпақов Еңбекшықазақ, Балқаш, Қапал аудандарында Кеңестің I- хатшысының төрағасы қызметін атқарды. Кейін Алматы облысының ауыл-шаруашылық өнімін жинайтын одақтың төрағасы болды. Нарынқол ауданында жерді игеруге еркеше көңіл бөлген. Қайнар ауылында жерді суландыру үшін 32шақырым канал қаздырған. Қазірде ел "Манап каналы" деп атайды. 1937ж. Ораз Жандосовпен бірге қамап 1938 ж. 7 наурызда атқан. Зираты белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет