БИДАЙБЕКҰЛЫ ИМАНБЕК – ЕЛАҒАСЫ. ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1908 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Сарыбастау селосында өмірге келген. 1928 жылы Талғардағы ауыл шаруашылық техникумына түсіп, оны аяқтағаннан кейін Алматы облыстық Энергия бөлімінен агроном болып қызмет істейді. 1936ж. Ұйғыр ауданының Заилски МТС-тің бас агрономы, одан кейін оның директоры болып тағайындалды. 1940-1944 жылдары Ұйғыр аудандық Совет атқару комитетінің председателі. 1944 жылдан 1945 жылдары Кеген аудандық Совет атқару комитетінің председателі. Ал 1945жылы Алматы облыстық Совет атқару комитетінің пердседателінің орынбасары қызметіне жоғарылатылады. Ұзақ уақыт Балқаш аудандық совет атқару комитетінің председателі болып қызмет атқарады. 1953 жылдан өмірінің соңына дейін ауыл шаруашылық совет жұмысына басшы қызметте болды. Ол Кеген аудандық ауыл- шаруашылық өндірістік басқарма бастығының бірінші орынбасары болып қызмет істеді. Бидайбеков қай жерде, қай салада жұмыс істемесін шебер ұйымдастырушы, білгір маман, дарынды қайраткер ретінде танылды. Ол қарапайым еңбек адамдарымен қызметтес жолдастары арасында үлкен сүіспеншілікке ие болды. Имекеңнің ісімен еңбегі әзіл қалжыңы ел арасындағы бүгінге дейін жыр болып айтылады. Имекеңнің еңбегі жоғары бағаланып ол Отан соғысының II ждәрежелі және "Құрмет белгісі" орденімен екі рет және медальдармен марапатталған.
1966 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Өзі туған ауылы Сарыбастау ауылында жерленді.
ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ ҚОЖАБЕК – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1909 жылы Түзгөл (Қолтық) ауылы Құрман болысы Жетісу өлкесінде кедей шаруа семьясында дүниеге келген. 1919-23 жылдары Жаркент қаласындағы жетімдер үйінде тәрбиеленген. 1928-32 жылдары алғашқы ашылған пединститутқа (КазПИ) түсіп оны жақсы аяқтап, тарихшы экономист деген мамандық алған. Осы мамандығы бойынша жұмыс істеп КазССР Жоғарғы Советінде іс басқарушы болып жұмыс істеген. Өзі жауапты жұмыс істеп жүріп, Талдықорған, Алматы облысы аудандарында мектеп интернаттар ашуға ат салысқан.
1935-37 жылдары Талдықорған облысының Ақсу, Андреев аудандарында Совет атқару Комиттерінің төрағасы, 1937 жылы Қазақ ССР болып құрылған кезде Алматы облыстық Совет атқару комитетінің жауапты хатшысы, ал 1939 ж. Ақмола облысы құралған кезде Ақмола облыстық атқару комитетінің бірінші орынбасары, 1940 жылы осы облыстық Совет атқару комитетінің председателі болып жұмыс істеді.
Оны 1941 жылдың басында Башқұр Ассрына Жоғарғы Советтың төрағасы болып сайланды. Денсаулығына байланысты Қырымда демалыста емделген. Осы емделуде оның денсаулығына уландыру арқылы қастандық жасалған. Соның салдарынан 1941 жылы сентябрь айында Уфа қаласында қайтыс болды. Оның мәйіті Уфа қаласында жерленді. Оған қастандық жасалған дәрігерлер т.б. халықтың жауы ретінде қылмысқа тартылды. Қожабектен – Қанат. Қанаттан – Талғат. Талғаттан – Алмас. Ернаттан – Абылай.
Қожабек Дүйсебайұлы небәрі 32 жас қана өмір сүрді. Оның атын мәңгілік есте қалтыру мақсатында оның жерлестері әзіргі Райымбек ауданының орталығы Нарынқол селосындағы бір көшені оның есімімен атады.
Достарыңызбен бөлісу: |