Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет254/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   333
СОҚПАҚБАЕВ БЕРДІБЕК – ЖАЗУШЫ

Дүние жүзінің бираз елдеріне аты әйгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев 1924жылы Нарынқол ауданында Қостөбе деген жерінде дүниеге келген. 1949жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол ең әуелі әдебиет саласына өлең жазудан бастап, алғащқы өлеңдерін аудандық "Советтік шекара" газетіне басылып жүрді.


1950жылы оның "Бұлақ" атты өлеңдер жинағы баспадан шықты. Оның дарындылығы "Балдырған", "Жұлдыз" журналдарында қызмет істеп жүрген кезінде – ақ белгілі болды. "Он алты жасар Чемпион", "Алыстағы ауылда", "Бақыт жолы", "Саяхат", "Аяжан", "Қайдасың Гауһар" атты повестері кезінде оқырмандардан жақсы баға алды. Жазушының атағын аспандатқан "Менің атым Қожа" атты шығармасы әлемдік дәрежеде бағаланып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. Осы повестің желісімен "Менің атым Қожа" атты фильм (1965ж.) шығарылды. Осы фильм 1967жылы Францияда өткен жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің фестивальінде арнайы сыйлыққа ие болды. Сол сияқты "Балалық шаққа саяхат" повесі бойынша шығарылған кинофильм де көрермендердің көңілінен шығып, жоғары бағаланды. 1940 жылдарындағы балалар өмірінен жазылған "Өлгендар қайтып келмейді" атты роман орыс тіліне аударылды. Басқа да көптеген

құнды шығармалар жазған Бердібек Соқпақбаев әліемдік деңгейдегі балалар жазушысы.


Бердібек Соқпақбаевтың есімін құрмет тұтқан Райымбек ауданының тұрғындары Нарынқол ауылындағы үлкен орта мектепке оның есімін берген. 1998ж. Мектеп алдына бюстен ескерткіш орнатты. Ауыр науқастан қайтыс болған жазушының мәйіті "Кеңсайға" жерленген.
ӘРІПОВ РАУАН – ЕЛАҒАСЫ. ҒАЛЫМ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ. (1931ж. 26. XI)

Нарынқол ауданы Тұзкөл ауылында туған. 1951ж. Нарынқол селосындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген. 1952 ж. Алматы мал-дәрігерлік институтына түсіп 1957 жылы оқымысты зоотехник деген атақ алған. Биология ғылымының кандидаты (1973ж,) 20-дан астам ғылыми еңбегі мерзімдік баспасөзде жарияланған. 1957 ж. Нарынқол ауданы, Абай колхозында бас зоотехник. 1966 ж. (бұрынғы Крупская атындағы) қайнар колхозына төраға болды. Совет атқару 1986 жылдың тамыз айынан 1922ж. Алматыэнерго мекемесіне аға инженер. 1992 ж. Алматы облыстық "Шаруа Одағының" төрағасының орынбасары. 1979 ж. Нарынқол ауданының атқару кеңесіне төраға, 1981-1986 жж. Осы ауданының партия комитетіне 1-хатшы.


"Октябрь революциясы" (1981ж.), " Еңбек Қызыл Ту" (1973ж), "Құрмет белгісі" (1970ж.) ордендерімен, "Еңбектегі ерлігі" (1965ж.) "В.И. Лениннің 100 жылдығы" (1970ж.) т.б.5 медальдарымен, Қазақстан респуликасы (1981ж.) Жоғарғы кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Қырағы шекарашыл (1976ж.), Монғол мемлекетінің үздік шекарашылларға берілетін, Кеңес Одағы әскери министрлігінің Құрмет Грамотасымен (1976ж.) марапатталған. Берекелі "Қайнар" 1979ж. "Нұрлы өңір – Нарынқол", 1985 жылы кітабы "Қайнар" баспасынан жарық көрді. Екі рет мемлекет дәрежесіндегі делегация құрамында шет мемлекеттерде болған (МНР 1976ж, ПНР 1973ж, XI- XV-XVI Қазақстан Орталық партия комитеті съезінің делегаты). Әзірде мәдени тарихи Әлмерек қоғамдық қорының атқарушы директоры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет