Малкелді
Малкелдіден: Төгерек, Үркінбай, Биқазы, Омар, Айдар.
.Төгеректен: Әжібай, Айдос. Әжібайдан: Қауғабай, Қапшықбай, Құнанбай (тұқым жоқ), Тоқбосын. Қауғабайдан: Дүнегенбай. Одан: Оразбай, Оразхан, Асылбек, Әлімбек, Сұлтан. Оразбайдан: Мағжан. Оразақыннан: Бақыт. Асылбектен: Саят. Әлімбектен: Айбек, Нұрлыбек. Тоқбосыннан: Маралбай. Одан: Бақыт. Одан: Бақытнұр. Қалымбеттен: Аймақ. Одан: Байғат. Одан: Отыншы. Одан:Қоғыл. Одан: Бектұрған, Тұрысбек, Сұлтанбек.
Нүсіптен: Қарқабат. Одан: Аманжол. Одан:Қорғабай. Одан: Нұрмұқанбет.
.Үркінбайдан: Қонарбай, Нұрақын. Қонарбайдан: Нұрмұқанбет, Бекмұқанбет, Баймұқанбет. Нұрмұқанбеттен: Талғат. Бекмұқанбеттен: Бағдат, Бағлан. Баймұқанбеттен: Мәди, Ғани, Рүстем. Нұрақыннан: Ермек.
.Биғазыдан: Қисық, Атығай. Атығайдан: Сұлтанғазы, Жақып. Сұлтанғазыдан: Бектұр, Серік, Оңласын. Бектұрдан: Нұрсәлім, Нұрбосын, Берік. Серіктен: Ербосын.
.Омардан: Қанапия, Қамал, Тұрсын. Қанапиядан: Есіркеп. Одан: Нұрлан, Ерлан, Халық. (Қамал мен Тұрсын немістермен соғыста қаза болған).
Айдардан: Қуат, Рахат. Қуаттан: Бек, Болат.
ЕСКЕРТУ: Тоқан атамыздың шежіресін жинау оңай болған жоқ. Намысына күйетін ұрпақ керек-ақ екен. Осындай күйде жүріп Өміртай бабамыздан өрбитін Әжібек (Бұл кісі үлкен молда болған деседі). Темірбек (Көріпкел), Донай (Әулие батыр), Қосай (Би) олардың ұрпағын Қызкелдіден де, Жанкелдіден де, Малкелдіден де
таба алмадық. Сонда да шежіреге өз үлесімен қостық. Жақсыға (даяр асқа жеуші көп дегендей) ие болатын бір білімпаз табылар деп қостық.
Өміртай
Өміртайдан: Әбдібек, Темірбек, Досай, Қосай.
.Әжібектен: Тағай, Бек, Тоқтарбай, Тоқтамыс. Тағайдан: Ұшке,Кешке, Сәрке, Сарықұл, Кебекбай. Үшкеден: Оспан (ҚХР-да) Нарынбай. Нарынбайдан: Керім, Кәдір. Керімнен: Хамит, Мәжит. Мәжиттен: Қанат. Қадірден: Нұржан. Кешкеден: Тезекбай. Одан: Мамыт, Шамырхан. Мамыттан: Бәтен. Шымырханнан: Тұрақын, Нұрақын. Сәркеден: Атабай. Одан: Төлеш, Несіпбай, Дәукен, Мұса. Сәлімбайдан: Елімбайдан: Атабайдан. Одан: Төлеш, Несіпбай, Дәукен, Мұса. Сәлімбайдан: Елімбай, Еркін, Нұрбақыт, Ерболат, Мұрат, Қанат. Елімбайдан: Медет, Мағұлан. Еркіннен: Ғалым,Мадияр. Нұрбақыттан: Азамат. Ерболаттан: Айқын. Мұраттан: Айдос.
.Несіпбектен: Мырзакелді, Ерлік. Дәукеннен: Бауыржан, Ерлан. Мұсадан: Әнуар. Сәрсенбайдан: Қасенбай, Дихан, Серік. Қасенбайдан: Арман.
Енді бір шежіреде Қазкелдіден сабақтаса, екінші бір саласында Жанкелдінің Өміртайы деп таратады. Оны да қосужды жөн деп тапты? Өміртайдан: Темірбек, Қосайбек, Әжібек, Донай молда, Елімбем, Досай. Осы Досайдан: Жаншора, Жиренбай.
Жаншорадан: Нұрбай, Өиеміс, Мыңбай. Нұрбайдан: Бұра. Одан: Қожақан. (естеріңізге сала кетейін) Бұра тұқымы Қазкелді де бар. Бұра көргені көп, Арабша Албан ішінде жетік оқыған адам деп естігенмін. Атақты Бөлтірік ақынмен үзенгелес, сыйлас, дос адам болыпты. Атықайұлы Бөлтірік ақынның өлеңін жатқа айтыпты. Дер кезінде Бұрадай зерделі асылдарымызға көңіл бөлмей (Коммунизм барамыз деп жүріп, қолдан шығарып алған соң өкініп жүрген жайымыз бар емес пе, небір қымбатты қазына солармен бірге кеткен болар).
1.Өтемістен: Үшбай, Мұратәлі, Смайыл. Үшбайдан: Төлек. Одан: Қыдыр, Қыдырберген. Қыдырдан: Таукен, Жұмаш.
Қыдырбергеннен: Серік, Бақыт, Бағдат. Мыңбайдан: Көшербай, Жақып.
Тағы бір шежіреде Тоқанның Қарашаш деген баласы барын айтады. Қарашаштан: Қалымбет. Одан: Аймақ, Нүсіп. Аймақтан: Құлшығаш. Құлшығаштан: Райымқұл, Матай. Райымқұлдан: Туғанбай, Тұрықбай. Тұрықбайдан: Нұрәлімбай. Одан: Жансерік, Нұрсерік, Ерсерік. Нүсіптен: Байғабет, Қарқабет. Байғабеттен: Отыншы, Аманжол.
Достарыңызбен бөлісу: |