ШОҒАН
ЕЛДІҢ АТЫН ЕР ШЫҒАРАДЫ АЛЖАН – МӘМБЕТ
Алжа Шоған Абыздың төлтума баласы. Шоған Абыздың үшінші әйелі Шапырашты Әйтім бидің қызы Ақкерме деген кісі екен. Әйтім бидің әулеті Қаскелен қаласынан төменгі Әйтім ауылында отыр. Ақкерме Мәмбеттің жетіге, Үмбеттің бес жақсы қараған шығында дүниеден қайтыпты. Абыз мал, дүние жимаған, сый құрметі елден болған. Есі кіріп қалған Мәмбетке анасының жоқтығын білдірмеймін деді ме, қайда барсада әуелде артына міңгестіріп, ат жалын тартып міңгеннен кейін жеке атқа міңгізіп жанына ертіп жүріпті. Қонақта отырғанда дастархандағы барды: “Ал Жаным!” деп Мәмбетке беріпті. Мәмбет қазылез, алғыр, көңілдегіні көзге қарап түсінетін сезімтал бала екен. Бір жаққа жұмсаса басқаларды емес: “Алжаным сен бар қой” деп
Мәмбетті жұмсайды. Әлденен не керек бола қалса: “Алжаным сен әпере қойшы” – деп Мәмбетке тапсырыпты.
Айтқаның екі етпеген, сөзге де, іске де тиянақты Мәмбетті басқа балаларынан артық ерекше жақсы көріпті. Қашанда пенде болған жерде, іштарлықта, күншілдікте бар. Бүкіл ел сыйлаған Шоған абыздың мейіріміне ие болған. Мәмбет аты ерекше ілтипатпен “Алжаным” ға айналуы кімнің де болса ішін тырналамай ма, сондай бір іштарлық әуелде өз туған бауырларынан шығып, кейін елге жайылыпты.
Солардың отыз тісінен шыққан қысыр сөз отыр руға кетіпті. Жалғыз ауыз сөз сан саққа жүгіріп, саналуан құбылып әлі ілесіп келеді. Біреулер “Қозы баққан баладан Шоған абыз: Кімнің баласысын?” – десе бала: “Кім жақсы болса соның баласымын” депті, құлдықта болған сол баланы Шоған абыз “Мнеің балам” деп даулап, бала көрсеткен жаурындағы меңді дәлел етіп жеңіп алыпты дейді. Ал енді екінші біреулер: “Сол кезде дінін уағыздап қаңғып жүрген қожаның баласы екен” десе үшінші біреулер: “Ханның баласы екен; Ханды інілері өлтірген соң, әйелі ”Өлім болды, ел іші алтын бесік, менің қасымда жүрсе тірі қалдырмас – деп анасы балаларын тастап кетіпті. - секілді әр қурайдың басына бір жіп байлайды.
Осындай алып қашпа сөзге басқа емес, әлде неге ағайыңға ренжісе немесе аты озған ауылға жағынғысы келсе, Алжан атамыздың кей бір өз балалары да сеніп қалады. Осындай ушықты пікірді өз мәртебесін өсіргісі келген ағайындарда малдана қойғысы келеді. Соның бірі Қазыбек – Бек Тауасарұлының “Түр-тұқиямына өзімешейін” деген бір атаның шежіре естелігі. Оны 1994 жылы жазған. Осы “Социалистік Қазақстан” газетінің сөз пайдалану тәсілімен шығарған Балғабек Қадырбекұлы. Бұл жазушы Алжан мен Қыстық Шапырашты бабамыздың балалары деп соқты.
Біз осындай алып қашпа сөзге емес, нақтылы болмысқа жанжақты зерделеп, тоқтымға келетін заманның білімді, білікті ұрпағымыз. Ендеше ұщақпен ұшып, кемемен жүзіп, поезбен сызып, машинамен айшылық жолды тәулікте жүріп баратын заманда күресінде тастаған баланы сіңіре алмай жүргенде, қозы көш жердегі екі ауылдың арасындағы баланы сіңіріп кету, әй, оңай емес шығар.
Осы секілді ел ішіндегі елпектеген сөзді бастағаннан кейін болашақ ұрпаққа бәрін айта кеткен жөн. “Анасынан ерте айырған Мәмбет пен Үмбетке дұрыс қарамаған соң, Шоған абыз екі ұлына ренжіп, оң батасын бермепті. Содан олардың тұқымы өркендеп - өсіп кетпепті” – деген сөз бар. Жақынымызды жатқа айналдырғанда жүрегіміз шыдағанда әділ абыздың ақиқатын айтқаннан неге жасқанамыз.
Иә, ағайындар, жоғарыда оқығандардың ауыл үйінің арасындағы арзан сөз. Олардың барі өзімізбен бірге кетсін. Ертеңгі ұрпағымызға ақиқатты біле жүрсін, жүректерінде кілпілдеген кірбің қалмасын деп Албан атасының осы толық қанды шежіресінде бізге жеткеннің бәрін жаздық. Жақсы ұрпақтарымыз жақсысын алады, ал жаманына дауа жоқ. Олар ақиқат шындық пен алыпқашпа әңгіменің арасын бізден жақсы ажыратады.
Жаратушы тәңірім сол ұрпаққа кез етсін.
Енді Алжан – Мәмбет атамыздың әулетінен шыққан жақсы адамдар жайлы өмірдеректерді ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |