СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНКЕЛДІ – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ
Тарихи тұлға. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Албан тайпа, Алжан руының Сырымбет тармағынан. 1723 ж.
Жоңғар қалмақтарының қазақ жеріне жасаған жойқын шабулына қарсы Үйсін тайпаларының басын қосып, ұзақ жыл бойы азаттық күрес жүргізген батырлардың бірі. Ханкелді Ұлы жүздің Россияға қосылуына ат салысты. Ол Қобар би, Төле би, Сатай, Бөлек батырларыменен бірге орыс мемлектінің қол астына қосылуға тілек білдіріп, орыс патшасы Анна Ивановнаға 1741 ж. хат жолдаған. Ханкелдінің жауынгерлік жорығын немересі Райымбек Батыр жалғастырды. /1977. Қазақ Совет энциклопедиясы. 11 том 610 бет/.
ТҮКЕҰЛЫ РАЙЫМБЕК – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ
Шамамен 1705-1785 ж.
Райымбек Түкеұлы Хангелді батыр немересі. ҚР мемлекеттік Ғылым Академиясы, Орталық мұрағат мекемесіндегі 1925 жылдан Қабылбек Сауранбаев пен Рахымжан Қалыбайевтың жинаған деректемелермен ел аузындағы аңыз әңгімелері сақтаулы. Шамамен 1730 – 1830 жылы туған деген тоқтам жасаған. Бұл тоқтамға келулеріне 1930 жылы 115- ке келген Құмай Нұрқаұлы 1953 жылы дүниеден 93 жасында өткен Қосай Жанботаұлы т.б осы секілді Талдықорған обылысының көп жасаған тұрғындарынан алған мәліметпен нақтыламалар себеп болған. Архивке қараңыз. Туған жері – Алматы қаласының басындағы Медеу мұз айдынының күншығыс қаптығындағы Албан сайы
/Юбилейная елдімекені ертедегі Албансай, қатарындағы аңғарды Суансай деп атаған. / Көктеуі, күздеуі төменгі Алматы қаласы ауданындағы ыстық, суық су ағатын жер болған. Алматы қаласындағы Абай даңғылының атындағы бұрын /1950 жылға дейін/ Басарық аталған – тоған Райымбек тоғаны делінгенің білетіндер дүниеден өтіп, естігендер ұмытқанымен, тарих ұмытпайды. Жайлауы Асы болған.
Райымбек Жоңғарлардан туған жерін азат еткен қазақ батырларының жасы. Және бүгінгі Қытай мемлекеті арасындағы шегараға ең соңғы рет найзасын қадағанда Райымбек.
Халқымыздың мақтан ететін батырлары: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді дарабоздары Райымбектің үлкен атасы
Ханкелдімен бірге соғысқан сарбаздар. Оған дәлел Наурызбай батыр. Қазбек – Бек Тауасар ұлының “Түр-тұқиянынан өзіме шейін” деген кіпабында / “Жалын” баспасы 1998 ж/: “Ханкелді мекен екі жас кіші еді” дейді. Барлық деректерде Шапырашты Қазбек-Бек 1692 ж туған. Ендеше Ханкелді 1994 ж. туған екеніне дау болмаса керек екен. Райымбек Ханкелдінің баласы Түкенің ұлы. Демек, Ханкелдінің немересі.
Қазақ совет энциклопедиясы Райымбек 1705 жылы туған деп жазған автор зерттеп зерделемеген. Райымбек нағашы ағасы Биеке би, батырдың қолында тәрбиеленген. Албан елінде ең алғашқы мектеп ашқандардың бірі. Бозым Құрманбай алғашқы мектеп ашқандардың бірі. Бозым Құрманбай алғашқы Байсейіт әуелдіде Әндижанда, кейін Қашқарияда оқыған ғалымнан хабары бар молда. Ол Қашқариядан келе жатып Құрманбайдың ауылында тоқтайды. Сол кезде Құрманбайдың кенжесі дүниеден қайтқан екен. Байдың көңілін қимай аялдаған Байсейітке “Мекпет аш?” деп қолқа салады. Бұл бір діни оқудың ел ішінде етек жайған кезі болса керек. Оны айналасындағы ағайын-туыс Албандар түгел қолдайды. Солардың бірі Биеке би алты жасар жиені Райымбекті осы мектепке тек дарабоз батыр ғана емес ілім, ғалымнан хабары бар-батыр.
Содан бір жылдан кейін Байсейіт әлде неге көңілі толмай Құрман ауылынан кетіп Шілікті /Шелек емес, Шілікті болған/ өзенінің бірі басында қазіргі Малдыбай елді мекені, екіншісі малы қойы көп болған соң ақ Ілені жағалай отырған Бабаға екі туысқанына келеді. Майлыбай мен Баба орталарынан қоныс тебеді ол бүгінгі кеңшар Байсейіт елді мекені. Байсейіт осы жерде үйленіп, қоныс тебеді. Мектебін ашады. Биеке батыр сүйікті жиені Райымбекті осында әкеліп оқытады.
Байсейіт химиядан, биологиядан, медицинадан мол хабардар адам болған. Аяққалқан суының емдік қасиетін алғаш рет елге /онда да жараланған сарбаздардың жарасын, сырқатын жазуға пайдаланған/ танытқан. Кеме жасау мен соғыс техникасын жақсы білген. Біздер: “Әулие, көрген, найзасын шаншыған, жерден су шыққан, Іленің суы
жарылып жол берген” т.б ертігі секілді аңыздарға оқушысының көбі сенбейді, негізсіз, ертегіге ұқсатып жамай береміз.
Шындығында оқымаған не біледі. Қандай жерге су көзі жақын екенін зерделемеген адам пәлен батпан салмақты үнгігішпен бұрғылағанда су шықпайды. Райымбек ауданындағы Қарасаз Жоңғарлардан туған жерімізді азат еткен соң әр атаға қонысқа жер бөлінген. Сонда Алжан әулетінің еншісіне Қарасаз типті.
Райымбек 1785 жылы дүниеден қайтқан. Сол жылы батыр ата жайлауы Асыға елдің ең соңынан көшеді. Себебі Райымбекұлы Қожағұл би қазақтардың Ресейге қосылғына 100 жыл толуына Санг- Петреградта өтетін салтанатты басқосуға кетіп, батыр соның келуін күтеді. /Ш.Уәлиханов толық жинақ 1961ж 1-том. 539 бет Робоподразделение племен большой юсуновской орды/ таблица-1
/Род Абдан /Албан/ Влиятельный Би Кожагул Райымбеков /умер 1855/
Сөйтіп Асыға кеш шығады. Сол кезде Кожағұлдың баласы Тілеуқабыл 14 жаста екен.
Жаулаудан ерте түседі. Өйткені дүйсенбі күні ертеңгі шайын ішіп алған соң Райымбек Қожағұлға;
“Күздеуге көшелік, жұмаға Түркістаннан Қожа Ахмет Яссауиден менің елшім келді. Күтіп алуым керек,” дейді.
“Қайсы жерге қонамыз? - депті Қожағұл.”
“Ақ түйе қайсы жерге шөгеді. Сол жерге жүгінді түсір” -дейді. Әлде неден секем ала ма, ең кіші анамыз;
“Батыр еншімізде бөлінген жоқ-ау,” -деп қалады сөз арасында. Батыр ойланып отырып;
“Саған сол қонған жерімізден де бір қазан, ошақ табылар” – деген екен. Ақ түйені желқомдап батырды отырғызып көш жолға шығады. / негізінде батыр қазірге зираты жатыр жерге келіп, қонғаннан кейін дүниеден өткен екен/ Сонда Тау жолымен келе жатқан тізбектің соңындағы Тілеуқабыл;
“Ақ түйені атамның өзі жетелеп барады!” -деп айғайлапты.
/Мен бұл әңімені Қабылбек Сауранбаев пен Есенаман Қасымбаевқа Қосай шешенің айтып отырған кезінде естігенмін/.
Әлдекімдер: “Батыр Қарасазда дүниеден қайтып, ақ түйеге артып, Алматыға осы жерге әкеліп жерлеген” -деп ертегі айтады. Қарасаздан Алматыға ақтүйемен қанша уақытта жететінін, оған адам тәнінің шыдамайтынын есептеген жөн. Қанша батыр болмаған өлген соң ет пен терінің қандай күйге түсетінін өлшеп, өрелеу керек, ағайын. Осындай көңілге қанбайтын әңгіме болғандықтан біздің жазғандарымызға зерделі, зерек оқырман сенбейді.
Батыр тарихы әлі толық зерттелген жоқ. Кім не жазса да / романы да, поэмасы да/ сол баяғы аңыз әңгіменің ауқымында жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |