Бәйдібек Баба- алып


ОМАРОВ ТАРИХ ОМАҰЛЫ – ҒАЛЫМ



бет139/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   415

ОМАРОВ ТАРИХ ОМАҰЛЫ – ҒАЛЫМ




Алматы медецина институтын бітіргеннен кейін Нарынқол сеосында дәрігер-фтизиатор болып жұмыс істеді. 1966-71 жылдары клиниклық


ординатураны, одан кейін КСРО денаулық сақтау саласының Москвадағы Ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын фтизиатор мамандығы бойынша бітірді. 1972-1980 жылдары Атыраудағы туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері және сондағы туберкулез аурулары жөніндегі бөлімінің директоры, 1981- 1997 жылдары терапевт, одан кейін Туберкулез ғылыми-зерттеу институтының диспансерия бөлімін басқарды. 1993 жылдан қазірге дейін Жетісу ауданының туберкулезге қарсы диспансериясын басқарады және Алматы қаласының бас фтизиаторы. Медицина ғылымының докторы, 180-нан астам ғылыми еңбектердің авторы.


ӘБДІҚАЛОВ АЙТАҚЫН – ЖУРНАЛИСТ, АҚЫН


1947 жылы Алматы обылысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз елдімекен туған. Орта мектепті бітірген. Еңбек жолын аудандық мәдениет бөлімінде нұсқаушы болып бастаған. 1969 жылы “Советтік шекара” газетінде қызмет атқарған. 1969-1975 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1984 жылы “Советтік шекара” газетінде меңгеруші, редактордың орынбасары қызметін атқарды. 1984-1996 жж Алматы обылыстық “Жетісу” газетінде бөлім меңгерушісі, обылыстық кәсіподақтар одағының органы “Алатау” газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. Обылыстық “Қазақ тілі” қоғамының төрағасының орынбасары, “АТВ” телеканалының редакторы болып жұмыс істеді. Қазір “Қазақстан” Мемлекеттік телекомпаниясының Алматы обылысындағы меншікті тілшісі.


А.Әбдіқалов – ақын. Өлеңдері аудандық, обылыстық, республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрады. Алматы обылысы көлемінде ол айтыс ақыны ретінде де белгілі. “Жалын” баспасынан екі өлендер жинағы жеке кітап болып шығып, оқырмандар тарапынан жақсы баға алған.
А.Әбдіқалов 1989 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі.


ӘКІМХАНОВ МІНУАР – ЖУРНАЛИСТ, АҚЫН


1943 жылы Алматы обылысы Райымбек ауданы Нарынқол селосында туған. 1953-1960 ж. “Сарыжаз” орта мектебін бітірген.


Әл–Фараби /бұрынғы С.М Киров/ атындағы Қазақ Мемлекттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1970-1995 жылдар аралығында Алматы обылысы Райымбек аудандық “Хаңтәңірі” газетінде бастаған. Алматыдағы “Санат” баспасында редактор. Республикалық “Жалын” баспасынан “Тұңғыш” /1977/, “Шалқия” /1981ж./, “Жырға сапар” /1984 ж/, “Санат” баспасынан “Жалғыз арша” /1997 ж/ атты жыр жинақтары жарық жарық көрді.
Мінуар Әкімханов – Журналистер одағының /1970 ж/ мүшесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет