Бәйдібек Баба- алып


АЛШЫНБАЙҰЛЫ ШӨНКЕНЕЙ ӨТЕП ТЕГІ – ХАЛЫҚ



бет265/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   415

АЛШЫНБАЙҰЛЫ ШӨНКЕНЕЙ ӨТЕП ТЕГІ – ХАЛЫҚ


БАТЫРЫ (шамамен 1779-1859 ж).
Жаркент уезі, Бозым болысы, Меркі елді мекенінде туған. Жерін, елін қорғауда даңқы шыққан. 1830 ж. Кіші жүз елінің атақты биі айтулы той өткізбек болып, алыс, жақын жердегі бауырластарына бір жыл бұрын хабар береді. Осы тойға өнеріне қаруы сай сарбаздарын ертіп екі ай жол жүріп Шөнкеней батыр да қатысады. Жасынан ат жаратып, қыран құс баптаған Шөнкеней елі сыйлаған Тайлақ бидің шөбересі Жанбатыр байдың "Қушабдар" деген сәйгүлік атын жол бойы жаратып, бәйгеге қосыпты. Атқа Алмабектің әкесі Жалтабай мінген. Сол жолы "Қушабдар" ұзақ шапқан жарыста жеке дара келген екен.
Шөнкенейдің ерлігін, ат жаратып, құс баптаған шеберлігін жастарға үлгі – өнеге еткен елі әрқашанда батырын ардақ тұтады.

/ТЫНЫШБЕК АЛМАБЕКҰЛЫ/.


ТЫНЫШБЕК АЛМАБЕКҰЛЫ ЕЛ АЗАМАТЫ
1942 жылы ақпан айының 22 жұлдызы күні Кеген ауданы Шетмеркі өзенінің жағасында өмірге келген.
1950 жылы мектепке барған. 1960 жылы Жалаңаш қазақ орта мектебін бітіріп, 1963 жылға дейін ауылы Тоғызбұлақ колхозында қызмет атқарып жұмыс істеді. 1964жылы Алматыдағы зоотехникалық мал дәрігерлік институтына оқуға түсіп, 1971 жылы бітіріп шыққан. 1964
– 1967 жылдар арасында Әскер қатарында өзінің азаматтық борышын
өтеген.
1971-1977 жылдар арасында Тоғызбұлақ колхозында зоотехник болып қызмет атқарды. 1977 – 1985 жылдары Қазақстан Республикасының ет және сүт министірлігіне бас маман және ет- сүт дайындау басқармасының орынбасары болып жауапты қызмет атқарған. Кеңестер одағының ет және сүт министірлігінің мақтау қағазымен марапатталған. 1958-1987 жылдары Алматы облыстық сүт өндірістік бас басқармасының орынбасары болып қызмет істеген. 1987-1999 жылдар арасында Қазақстан Республикасының жабдықтау министірлігінде бас маман, басқарма бастығы, Орталықтандырылған кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. Осы


жылдары өз еңбегінің жемісінің арқасында Кеңес одағының және Қазақ Республикасының жабдықтау министірлігінің мақтау қағазымен Еңбектегі ерлігі үшін, Еңбек ардагері медальдарымен марапатталған.
1999 жылдан бастап "Жарылқап батыр" қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы болып қызмет атқарып келеді. Ел – жұрт, ағайын туыс арасында жұмыс ортасында адал үлкен беделді ел азамат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет