1938 жылы қарашаның 19-да Алматы облысы Талғар қаласында туған. Талғар қазақ орта мектебін 1956 жылы бітірген. 1956 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің экономика факультетіне түсіп, оны 1961 жылы бітірген. 1961 - 66 жылдары Талғар тоқыма фабрикасында аға экономист, 1966-69 жылдары Талғар аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1969-73 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1973 – жылдары Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1977 – 79 жылдары Москва қаласында СОКПК орталық комитетінің қоғамдық білім академиясының тыңдаушысы. 1980 – 84 жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің ұйымдастыру партия жұмыс бөлімінің инспекторы. 1984 – 87 жылдары Алматы қалалық партия комитетінің идеология хатшысы. 1987 – 91 жылдары Қазақ ССР еңбек министрлігінің бөлім меңгерушісі – басқарманың орынбасары. 1991 –
94 жылдары Алматы қаласының Әкімшілігінің аппарат басшысы.
1994 – 95 жылдары Алматы қаласының сайлау комиссиясының төрағасы. Қазіргі кезде құрметті демалыста.
1927 жылы Киікбай Қыстағы, Шелек ауданында туған. Он жылдықта Қырғыз ССР – нде аяқтап, 1935 жылы Қырғыз мұғалімдер институтын ойдағыдай 1940 жылы бітіріп, орта мектепке мұғалімдік қызмет атқарды.
Еңбек сүйгіш Өмірхан, балалар тәрбиесімен білім беруден жалықпай 40 жылдай мектепке мұғалімдік қызмет істеді. Қырғыз ССР – інің Жоғарғы Совет Президумының 1975 жылы қаулысымен – бала тәрбиесінде ұзақ жылдар еңбегін ескеріп, оның еңбегін бағалап Тәукебайұлы Өмірханға – Қырғыз ССР – нің еңбегі сіңген мұғалімі атағына ие болды.
Өмекең он бес баланың, сегіз қыз, жеті ұл өсіріп, немерелерін тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя.
Боқбасарұлы Жамбол
1886 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Тескенсу ауылының шаруа жанұясында дүниеге келген. 1973 жылы дүниеден қайтты. 1941
42 жылдары Ұлы Отан соғысында болды. Сол кезде ауыр жарақаттанып, соғысты аяғына дейін аяқтамай еліне оралды. Еліне оралғаннан кейін 1942 жылдан 1955 жылға дейін аға жылқышы, одан кейін Шелек ауданындағы "Төрткөл" колхозының тауарлы жылқы фермасында меңгеруші болып қызмет атқарды. Өзінің еңбексүйгіштігінің арқасында 1948 жылы 23 шілде айында ССР Жоғарғы Совет Президумының қауылысымен – Республикамызда жылқы өсіріп, одан мол өнім алғаны үшін Боқбасарұлы Жамбол атамызға – Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды. Туып өскен және туған ауылында бұл кісінің атында көше бар. Жамбол атаның үш ұл, бес қыз және немере – шөберелері қазіргі кезде Тескенсу ауылында тұрады.