Бәйдібек Баба- алып


Еспай немересі Сәкен Сыбанбайұлы



бет292/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   415

Еспай немересі Сәкен Сыбанбайұлы


1952 жылы 15 – тамызда Қазақстан Республикасы Алматы облысы Райымбек ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген.


Жалаңаш орта мектебін 1969 жылы бітіргеннен кейін колхозда, совхозда есепші, бухалтерлік жұмыстардан бастап, 1976 жылы Қазақстан Мемлекеттік Ауылшаруашылық Университетін бітіргеннен кейін, экономис ұйымдастырушы мамандығын алып, кіші және аға ғылыми қызметкер, Республикалық агро – өнеркәсіп кешенін басқару жоғарғы мектебінде – доцент және кафедра меңгерушісі болып қызмет жасады.
Содан кейін, 1999 – 96 жылдары Экономика Министрлігінде агро- өнеркәсіп кешенін басқару саясаты және тауар рыногының экономикасы деген басқармаларда бастық болды, ал жаңа қос Палаталы Парламенттің басынан бастап, Сенаттың ішінде Комитеттермен жұмыс істейтін бөлімінде – меңгерушісі болып күні бүгінге дейін жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, 1983 жылы – экономика ғылымының кондидаты, ал 1993 жылы – экономика ғылымының докторы, профессор.

Қайып немересі Серікбайұлы Төленді


1929 жылы 12 наурызда Кеген ауданы, Меркі ауылында туған, 1982 жылы дүниеден қайтқан.
1945 жылы жеті жылдық мектепті мақтау грамотасымен ойдағыдай бітіріп, әрі қарай оқуды жалғастыра алмады.
1946 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының ғалымдары Бутарин, Жандеркин, Есенжолов т.б. жабайы арқарды жергілікті қойына шағылыстыру арқылы, арқар – меринос қойының жаңа тұқымын шығарған еді.
Төленді 1946 жылдан бастап, сол арқар – меринос қойларын бақты. Бір кезде жеткізбестей елге, алдырмастай арман болған ай мүйізді алшақ төс, ұзын тірсек құлжаларды алдына салып айдады. Төленді өсірген арқар – меринос қойы Қазақстанның көптеген таулы аудандарында өсті.
1950 жылы 3 наурыз айында СССР Министрлер Советінің қаулысымен – Серікбайқұлы Төленді – Сталиндік /мемлекеттік/


салықтың лауреаты атағына ие болды. Сонымен қатар бірнеше ордендер мен медальдардың иегері.

Нұрғазы Оразымбетұлы Бекәлі немересі


1909 жылы /тауық жылы/ 5 наурыз айында Меркі ауылы, Шетмеркі өзенінің бойында, қазіргі "Тоғызбұлақ" ауылы, Кеген ауданы, Алматы облысында дүниеге келген. 1990 жылы дүниеден қайтты.
Орта мектепті 1931 жылы Алматы қаласында аяқтаған. Сол жылы туыс ағасы Сайбырұлы Нұрсапаның және басқа лауазымды адамдардың көмегімен Ленинград қаласындағы Рудзутка атындағы Жол қатынас инженерлік институтына оқуға түскен. 1936 жылы институтты үздік бітірген.
Осы институтты бітіргеннен кейін Алматы қалалық құрылыс және жобалау мекемесінің бөлім меңгерушісі болған.
1937 жылы Қазақ ССР-нің Ғылым Академиясының шақыруымен құрылыс материалдар бөлімін басқарды. Сол жылы Совнарком /Совет халық коммиссариаты/ аппаратына күрделі құрылыс бөлім меңгерушісіне ауысты. Сол кездегі Совнарком председателі Н.Д.Оңдасыновтың тікелей тапсыруымен Абай атындағы опера-балет театрын жобалауды тапсырды. Театр құрылысы Қазақ Революциясының 23 жылдығына қарсы 1940 жылы аяқталған.
1941 жылдың тамыз айында Совет Армиясының қатарына шақырылды. Мары қаласынада 119 инженерлік-құрылыс батальонының командирінің көмекшісі, 1941 жылдың 12 желтоқсанынан Ақтөбе қаласында жаңадан құрылған 101 Оңтүстік – Орал қарулы күштер округінде инженерлік бөлімінің жетекшіс болды.
Оңтүстік-Орал әскери округ командирінің бұйрығымен 1942 жылы наурыз айында Фрунзе /қазір Бішкек/ қаласындағы Күйбышев атындағы инженерлік академияға әскерлік оқуға жіберіледі.
1944 жылдан 79 әскери – жол отрядына аға техник – инженер болды. Закавказ фронтында, Иранда және Кавказда қызмет атқарды. 1946 жылы елге оралады.
1947 жылдың 25 ақпан 1948 жыл арасында Қазақ ССР-ның Ғылыми Академиясының құрылыс материал жөнінде ғылыми қызметкер, ал

1948 жылы ақпан айынан жер сілкінісіне сейсмикаға қарсы сектор меңнерушілігіне жоғарылатылады.


1948 жылы Түркмен ССР-нің астанасы Ашхабадта күшті жер сілкінуге байланысты, 1948-1949 жылдары Ашхабад жер сілкінісін зерттеу жөніндегі қазақ ССР ғылым Академиясы атынан жіберіледі. Ашхабад экспедициясының жер сілкіну қорытындысы жөнінде 2- томдық ғылыми есеп беріп, артынан 50 баспа беттей ғылыми монографиясы 1948 жылы Москвада жарық көрген.
1973 жылдың 10-12 қазан айында Ашхабад қаласында Түркмен ССР- нің жер, атмосфера физикасы институмен СССР Академиясының біріккен Ашхабадтағы жер сілкінудің 25 жылдығына байланысты сейсмология және сейсмологияның құрылыс жөнінде бүкіл одақтық ғылыми конференция болып өтті. Сондағы Нұрекеңнің "1948 жылғы Ашхабад жер сілкіну" монографиясы Москвада бастырылған еңбегі, сол конференцияға бүкілодақтық тіпті жер жүзінде маңызы бар ғылыми еңбегін ескеріп Ашхабад қалалық Партия комитеті осы конференцияда Нұрғазы Оразымбетұлы Ашхабад қаласының "Құрметті азаматы" – деп атады.
1951 жылы мамыр айында Қазақ ССР Министрлер Советі "Қазпромстрой проект" инститының директорлығына тағайындады.
1955 жылы үш жоба институттары "Қазгипромстрой", "Казсельпромпроект", "Казпромстройпроект" біріктіріліп осы мекеменің директоры қызметін атқарды.
1957 – 1973 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін "Казгипроторг" жобалау институтының директоры болды. Бұл жобалау институна Қырғыс, Тәжік, Түркмен ССР-ы осы институтқа қараған.
Нұрекеңнің тікелей жобасы бойынша салынған 46 құрылыстың авторы .
Нұрекеңнің Отан алдындағы көп еңбегі, әсіресе Алматы қаласын көркейтудегі еңбектері
1966 жылы 13 тамызда Қазақ ССР – ның Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен "Қазақ ССР – ның еңбек сіңірген құрылысшысы" атағын алды. Өзінің 45 жылдай еңбегі он шақты орден және медельдармен марапатталған.


Алматы қалалық атқару комитетінің шешімімен өзі тұрған /Төле би мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысқан бұрышындағы/ үш қабатты үйге мемориалды тақта ескерткіші 1990 жылы қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет