Киікбайдың балалары:
Бұрынғы шежіре таратушы Естеуұлы Дінстан, Жандосұлы Кокол, Бүркітбайұлы Азан қариялардың айтуынша Киікбай атадан 13 ата болып тарайды екен. Сол 13 атаның бірі Кентай.
Кентайдан– Тоқа, Жырғал болып екі ата тарайды. Жырғал – қалмақ шешемізден аталары көп тараған.
Кетайдан – Садыбай, Таттыбай, Жұмабай, Бақай (4 бала). Төрт Кентай деп аталатын себебі осы төрт ата. Осы Кентай атаның үлкен ұлы Садыбайды 30 ұлды Садыбай дейді екен. Садыбай 3 әйел алған адам.
1.Бәйбішесіннен 11 ұлы болған. Алланың жазуымен 11 ұлдың 7-уі тамақ ауруымен ертеректе дүние салады. Келергі жылы сол ұлдарының жылын береміз деп дайындық жасап, таудан қарағай алуға барған 4 ұлы жазым болып бірден қайтыс болады. Қайғыдан ух, дегенде кеудесі қақ айырылғандай болып отырған Садыбай атаның ел ішінде әрине жұбатушылары да көп еді. Садыке құдай бергендерін алса да берерлерін алмасын – деген бұрынғы, алладан артын, ақырын сұраңыз, Түбі жаман болмассыз дейді.
Садыбай атамыз сонда қатты қапаланып: "Е, Алладан сұрағанда сонда маған он бір ұлымды қайтарады дейсің бе?", - деп езілген еңсесін әрең көтеріп жүреді. Сонда өзінің құрдасы әрі аталасы Кеңібай ата келіп:
Сыдыке, саған қоныс аудару керек, - деп осы күнгі (Еңбекшіқазақ ауданы) Есік қаласының күншығыс жағындағы ата қонысымыз Киікбай ауылыннан қазіргі Райымбек ауданы. Байпақтың кезеңі деген жерге қоныс аударады. Келдібай атамыз "Е, құдай 11 ұлын алған Садыкеңе басы таз, балтыры қотыр болса да бір ұл бере гөр" -, деп бір көк қошқарын жетектеп келіп құдайы шалыпты деген әңгіме бар. Содан құдайдың құдіретімен Келдібай атамыздың киелі батасын "Әмин" деп періштелер қабыл алдыма, келергі жылы көп ұзамай 11 ұл тапқан анамыз ауыраяқ болып дүниеге бір ұл әкеліпті ол баласының атын Тетіке қойды. Тетікенің әлгі атамыз айтқандай басы таз болып туған екен.