(шамамен 1820 жылы туып 1888жылы қайтыс болған)
Саурық батыр Жетісу өлкесі, Жаркент аймағы, Кеген елді мекеніндегі Ақшоқы қонысында туған. Жоңғар қалмақтарынан туған жерін, ата қонысын азат ету кезінде ел бастаған, ерлігімен көзге түскен.
Саурық өз заманының ірі тұлғалы ұлы. Айт руы. Сады әулетінің батыры - Жетен, Қожбанбет руы, Ағымсары әулетінің даңқты батыры – Оразбақ, Қыстық руы, Аққыстық әулетінің батыры – Малай, Әлмерек тегі, Жәнібек руының батырлары – Пұсырман, Қоңырбөрік
– Құрақұлы Құмай, Суан – Ұзақ, Сатай, Жүзен т.б. батырларымен тізе қоса отырып ерлік көрсеткен. Албан сарбаздарының көсемі Түкеұлы Райымбектің жан серігі болған.
Саурық жекпе – жек шайқаста жоңғар Бұрық Амбарды, Бұрғамды, қырғыз Тоқтарбайды т.б. жеңген. Бұлар бұрын – соңды тірі пендеге тізе бүкпеген батырлар екен. Саурық ержүрек батыр болуымен бірге ел бастаған саясаткер де болған.
Қытай мемлекеті мен Ресей империясы астыртын келісім жасап, ұсақ халықтарға үстемдік жасау пиғылымен Құлжа қаласында сауда факториясын орнатады. Бұл әділетсіз келісімге жергілікті дүнгендермен мен ұйғырлар қарсылық білдіріп, көтеріліске шыққан. Көршілес халықтарға Саурық 700 – дей сарбаз бен ат – көлік, азық – түліктей көмек берген. Осы кезде Құлжадағы Ресейдің сауда факториясы өртенген.
Жетісудың шұрайлы жеріне жергілікті халықтың келісімінсіз қоныстана бастаған орыс мемлекетінің саясатына Саурық батыр бірнеше рет қарсы шыққан. Осы өлкені басқарған генерал – губернатор Г.А. Калпаковский Құлжа қаласындағы сауда факториясының өртенуін Саурықтан көріп, қамауға алуға бұйрық берген.
Саурық батырды түрмеге қамағанда Албан, Суан, Дулат руларының ел ағалары наразылық білдіріп, Қытайға шекаралас отырған бар халық тік көтерілген. Елдің қаһарлы ереуілінен қорыққан генерал Саурықты төрт айдан кейін босатқан. (Бұл жайлы Ш.Уәлихановтың 1953ж. Қазақ көркем әдебиет баспасынан академик Ә.Марғұланның басшылығымен жарық көрген «таңдамалы шығармаларындағы» Г.А. Калпаковскиге жазған(594б.) хаттарын оқыңыз).
Түрмеде аяғына «У» жағып жіберген Саурық сол аяқтың сырқатынан (1888ж) қаза болған. Мүрдесі Кегеннің маңайындағы Ақшоқыдағы зиратқа жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: |