Бәйдібек Баба- алып


АРҒЫНҰЛЫ СЫБАНҚҰЛ–АЛБАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ САРБАЗЫ (1871-1916ж)



бет330/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   415

АРҒЫНҰЛЫ СЫБАНҚҰЛ–АЛБАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ САРБАЗЫ (1871-1916ж)




Зираты Қырғыз мемлекетінің Қарақол қаласында Жаркент уезі, Құрман болысы Тұзкөл ауылында туған. Құрманның бір бұтағы Малыбайдың ұрпағы. Өздігінен араб әріпінен хат таныған. 1916жылы Қарқара жәрмеңкесіндегі Ақ патша саясатынан алғаш рет көтерілген халыққа Ұзақ, Жәменкемен бірге басышылық жасаған.
Қарақол түрмесіне қамалған. Түрмедегі жазықсыз қамалғандарды ереуілге шығарғаны үшін жандармдар атып өлтірген. Сүйегін бермей сол Қарақол қаласының зиратына жерлеген.


ЖҰРҚАБАЙҰЛЫ ТҰРЫСБЕК – ЕҢБЕК ЕРІ




1896ж. Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қайнар қыстағында дүниеге келген. 1931ж. Крупская атындағы ауыл шаруашылығы артеліне мүше болады. Көп жылдар бойы колхозда шопан болған.
Бұрын "Үшінші бесжылдық" атанған колхозда соғыс жылдарында, одан кейінгі жылдарда да малшылар арасында жақсы бастаманың ұйытқысы болып, 1947 жылы қазақы тұқымды 400 саулықтан 506 қозы алып, аман өсірген. Жүн өндіру жоспарында артығымен орындаған.
Атақты шопан Тұрысбек Жұрқабайұылының еңбегі жоғары бағаланып, КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1948жылғы 23шілдедегі қаулысымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. Ол 1973 жылы өзінің туып – өскен ауылы Қайнарда қайтыс болды. Жерлестері үлкен құрмет көрсетіп, атақты шопанға ескертікіш орнатқан.


ҚАҢТАРҰЛЫ КӘРІБОЗ – ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ҰЛТ- АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ БАТЫРЫ (1865-1916ж. 13.VIII.)




Азаттық күресінің сарбазы. Зираты Қырғыз мемлекеті, Қарақол қаласында.
Жаркент уезі, Құрман болысы, Нарынқол елді мекені, Тұзкөл ауылында туған. Өздігінен білім алған. Имандылықты уағыздап, өлең, дастан, термелер жазған. 1912 жылы Қазан қаласындағы Қазан баспасынан: "Марқаба –иа, Рамазан" – деген хиссасы жарық көрген. Мұсылманның 5 парызын поэзиялық көркемділікпен өрнектеген. Ақын Ақпатша жарлығына қарсы щыққан. Ұзақ батырдың жансерігі әділдік пен азаматтықтың жан айқайын найзағайдай жарқылдаған өткір тілмен жырлаған. Қолындағы қаруын тастамай жүріп халқының намысын өлең – жырмен қайраған.

Қарқара жәрмеңкесіндегі тарихи ереуілде Жаркент уезінің жандармдары ақынды тұтқындап, аяусыз қорлаған. Қайтпас қайсар ақын Ұлтының азаттаығын қорғауға үндеген өлең – жырын оқша боратып – түрмеде отырған қазақ қырғызды ереуілге көтерген. Осы шайқаста 1916 ж. 13. VII. Кәрібоз оққа ұшқан Жандармдар табытын бермей Қарақол қаласына жерлеген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет