Бәйдібек Баба- алып



бет328/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   415

ЕЛІНІҢ АРДАҚТЫСЫ


Алпарұлы Шалтабай – Халық ақыны (1836-1906жж)


Болыс, ел азаттығын аңсаған күрескер, жыршы, сазгер. Жаркент уезі, Шәлкөде елді мекенінде туған. Зираты Сарытаудың етегінде, ата қонысы Түменбай бұлағында. 1870-90 ж. Құрман болысында Болыс болған. Орыс империясының озбыр саясатына қарсы шығып, тұрғылықты халықтардың ата қонысын, шұрайлы жерін ішкі Ресейден көшіп келген орыс қазақтарына беруден бас тартады. Бұл Жетісуды билеген патша губернаторына ұнамайды. Бірнеше рет болыстыққа сайлатпауға әрекет етеді. Бірақ жергілікті халық келіспей сайлап отырған.


Шалтабай болыстық жұмыста әділ, адал қызмет еткен. Ел ішінен шыққан кейбір патшаның ығында жүрмек болуға әрекет еткендерге де жол бермеген.
Бұл уақытты іргелес отырған Қытай мемлекетінде дүнгандар мен ұйғырлардың көтерілісі өрттей лаулаған еді. Россия патшасы сол көтерлісті басуға қол ұшын берді. Арнайы солдат жібереді. Патша солдатына Құлжа қаласына дейін бастап баруды Шалтабайға міндеттейді. Осы әділетсіздікке қарсы болған болыс патша солдаттарын басқа жолға салып, үлкен жеңісіліске ұшыратады. Көп солдаттар мерт болыпты. Сол үшін Жетісу губернаторы Шалтабайды қамауға алып, өлім жазасына кеседі. Орындалуын күтіп отырған Шалтабайдың тартқан күйін тыңдаған Алматы түрме бастығы Губерналық Жоғарғы Сотқа үкімді қайта қарауға шағым түсіреді. Шағым ескеріліп өлім жазасын, 10 жыл бас бостандығынан айырған жазамен алмастырады.
Сазгер шығарған күйлерді білетін адамдар арамыздан түгелдей кетті. Нотаға түсірілмегендіктен асыл қазына да ұмыт болды.
Ал, өлеңдерін бірлі – жарым адамдар біледі. Оның өзі де бірден – бірге көшті.
Біз сол еңбектерін, аз да болса бір үзігін назарларыңызға ұсындық:

Ортақтау, Шәкәрімбал, Есеқартқан, Тізіліп меруерттей өрге тартқан. Күнегейі архар, бұғы, тауешкімен, Еркіндеп қысы, жазы жұсап жатқан. Шәлкөде, Қарқарамен үлкен жазық,


Ат шабар, Көкбар тартар бауырын жазып. Шалғыны шалқып жатқан дариядай, Ойнағам жас шағымда сайран салып. Жер қайда о дариға Текесімдей,
Туылған айдың жаңа шекесіндей. Кір жуып, кіндігімді кескен жерім,
Жат болып, шыныменен кетесің бе, ей?!


Әдемі өлең Шалтабай ақынның айдауда жүрген кезінде дүниеге келгені анық. Осындай айшықты әсем, аңсаудың әні болмауы да


мүмкін емес. Амал не, ол бізге жетпеді. Жеткенінде – әдеттегі жақсымыздың қадір, қасиетін әбден жоғалтқанынан кейін білетініміздей – дер уағында ұқыптап жинамай жоғалтып алған соң, сан соғып жүрген шығармыз.
Ал, мына өлеңіне назар аударамыз: Шіркін – ай патша заңын жояр ма еді, Төрінің екі көзін жояр ма еді.
Екі ағам Іліпбай мен Саурық тірі болса, Орыстың айдауында қояр ма еді!


Бұны айту үшін де жүрек керек, қан керек. Өз заманында тай салмай Шалтабай айтқан.
Құдай ақын – жыраудың, әділ қазылық айтатын ақсақалдарымыздың жағымпаз болуынан сақтасын.
Шалтабай Сібірде 10жыл әділетсіз жазасын өтеп келген соң 1906ж. дүниеден өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет