Бәйдібек Баба- алып



бет350/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   415

ДІНАСЫЛОВ ДӘМЕН – ҒАЛЫМ


1913 жылы 17 желтоқсан Алматы облысы Қарақара – Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында туған.
1926 жылдан 1929 жылға дейін Жаркент қаласындағы мектеп – интернатта тәрбиеленген.
1929- 30 жылдары сауатсыздықты жою мектебінде оқытушы.
1930-1932 жылдары Қапал қаласында педагогика техникумын тәмамдаған.
1932-1933ж. КазПИ-дің дайындық бөлімінде оқып, 1933ж. КазПИ-дің негізгі курсына түсіп 1937 жылы бітірген. Институтта оқыпжүріп және бітіргеннен кейін 1933-1940ж. осы аладағы №12, №38 мектепрде тарих сабағын оқытты.
1940 - 41 ж. Алматының мұғалімдер институтында тарихтан кафедра бастығы, 1941 ж., тамыз, қыркүйек айларында Алматы қалалық


партия комитетінде инструктор болды. 1941 ж. қыркүйек айынан 1942 ж. шілдесіне дейін Армия қатарына, Тотск қаласында тұрды. 1942 ж. тамызында денсаулығына байланысты Армия қатарынан босанып, елге қайтты.
1942-1944 жылдары Кеген ауданы партия комитетінде үгіт - насихат бөлімін басқарды. 1944-1945ж. Алматы облысы партия комитетінде оқу бөлімінің бастығы қызметінде, 1945-1947ж. "Қазақстан большивигі" журналында әдебиет редакторы – аудармашы.
1947-1950ж. "Қазақстан коммунисі" журналында редколлегия мүшесі және жауапты хатшы болды. Денсаулығына сәйкес 1950-1954ж. Қазақтың қыздар институтында тарих кафедрасында аға оқытушы. 1968ж. оған доцент деген ғылыми атақ берілді. 1968-1983ж. пенсияға шыққанға дейін КазПИ-де тарих факультетінің доценті болды. 1968ж. "Халық ағарту жұмысының отличнигі", 1978ж. "Жоғарғы мектепке еңбегі сіңген қызметкер" деген атақ берілді. Бірнеше медальдармен марапатталған.


ДІНАСЫЛҰЛЫ ӘШІМ – ЕЛАҒАСЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ


1918 жылдың 22 желтоқсанда Кеген ауданы Жылысай ауылында туған.
1928-1931ж. ауылда және Кегенде ШВМ мектебінде. 1933- 1935жылдарда Талғардағы "Өсімдік қорғайтын" техникумда, 1935-36 жылдары Алматыда Ауыл шаруашылық институтының дайындық курсында, 1936-1941жылдарда Ауыл шаруашылық институтының Агро факультиетінің оқып, бітірген. Жоғары білімді Агроном деген мамандығын алған. 1941-1945жылдары Армия қатарында болған. Харьков қаласындағы Молтов атындағы Академиясында оқыған. Батыс майданы 16 Армия, 95 танк бригады 142 танк батальонде, взвод командирі болды. Батальонның техника жөніндегі бөлім бастығының орынбасары. №16 Армия Кадр бөлімінде инспектор. 3 Белорусь майданы, 31 Армия, 247 атқыштар дивизиясы, 909 полкте штаб


бастығы орынбасары. Осы Армия 352 дивизиясы, 1162 полкте 3 батальонде штаб бастығы, командир батальоны қызметін атқарды.
1944 жылы қыркүйек, 1945 ақпан айында жараланып госпитальда емделді. Госпитальдан шыққанан кейін, Армия қатарынан босанып, Қазақсатнға елге қайтты.
1945-1953 ж. Қазақ республикасының Мемлекеттік бақылау Министрлігінде және Советтер одағының үкіметі жанындағы колхоздар Советінің Алматы облысындағы бақылаушы болды. 1953- 1972 ж. Қазақстан Партия Комитетінде және Министрлер Советінде жауапты қызмет атқарды.
1972-1975 жылдары облыс аралық тресінің директоры. 1975-1979 жылдарда, Алматы облысында ет-сүт тамақ өндіретін өндірістің төрағасы.
Соғыста, Москва, Мәскеу облысының бірнеше қалаларын, Белорусь, Литва, Польща жерлерін фащистерден босатуға қатысты.
Әскери атағы – полковник. Соғыстағы еңбегі үшін: "Қызыл Жұлдыз" ордені, Отан соғысының III дәрежелі ордені, соғыс медалімен марапатталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет