Бәйдібек Баба- алып



бет85/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

Қызылбөрік


Ел білетін азаматы бардың кені бар


Атыханұлы Бөлтірік (1870-1928 ж.)
Халық ақыны, сазгер күйші Жаркент уезі, Қызылбөрік, Қарабұлақ ауданында туған. Мүрдесі Қарабұлақ зиратында. Табиғат берген талантын жетілдіруге жерлес туысы даңғыл, дарабоз ақын Құланаян Құлманбет ұстаздық өткен. Әділдік пен адалдықтың жаршысы. Еркіндік пен ерліктің жанашыры. Бөлтірік Жетісу өңіріне әйгілі жыр алыбы Жамбыл мен айтыс өнерінің ақберені Майкөтпен, алмас сөздің зергері Әжікемен т.б тарлан ақын-жыраулармен шаршы топта айтысқа түскен. Көрші қырғыз халқы мен қазақ арасындағы достықтың, бауырластықтың жырын жырлаған. 1916 жылғы ең алғашқы ақпатша жандарымына қарсы азаттық күреске қатысқан. Ашына үн қосып: "Ел жарыла көшкенде" атты тарихи дастанын жазған. Қазақ халқына ақындық пен күй шығару өнерінде Бөлтіріктің алар орны биік. 1985 ж. Бөлтірік атында айтыс мектебі ашылды. 1990 ж. Ақынның 120 жылдық мерей тойын аудан бойынша жасады. Немерелері Қарабұлақ селосында мәрмәр тастан ескерткіш орнатты. 1993 ж. "Бөлтірік Қасенбай" қоғамдық қоры құрылды. Аудан орталығы Кеген кеңшарында Бөлтірік Атыханұлы атында көше бар. 1993 ж. 7 маусым күні Респ. Мин. Кабинеті 465 номерде мерей тойларды өткізу және айтулы күндерді мерекелеу жайлы шешім қабылдады. Сонда Бөлтірік Атыханұлының мерей тойы республика деңгейінде атап өтілетін болып жарлық шығарды. 1993 ж. Ақынның "Азамат болсаң" өлеңдер жинағы "Жалын" баспасынан жарық көрді. Бөлтірік бірнеше күй шығарды. "Күй ұран" /1916/, "Бөлтірік төкпесі", "Шақыртқы", "Төпенкөк" т.б күйлері ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып қалып келеді. "Жетісу" сазы атты күйлер жинағында /"Өнер" баспасы 1997 ж./ бірнеше күйлері бар. Маусым айында ақынның 125 ж. Мерей тойы болып өтті.
Ағайынды жамандап Ағайынды жамандап, Дұшпаныңа қашпаған. Жолдасыңды жамандап, Абыройыңды ашпаған. Адам болсаң тура жүр, Қалт етіп қисық баспағын. Артымда қалсан бір нұсқа,



Өлеңнен өрнек тастадым. Күй сандығын кеудемнің, Жырменен бұрап ашқамын. Еріккенде еске алса – Ермек болсын дастаным. Ақ ниетті адам бол. Арамдықты тастағын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет