Әжібай – халық батыры Шамамен /1699-1778 ж./
Әжібай батыр есімі Қызылбөрік әулетіне ортақ ұран. Ел болған соң одан кейін де атақты адам туған.
Соның атын иеленейік, /өзімшілдік қай заманда да бар ғой/ ұран етелік деген қызылбөріктер табылған. Кейін жолы болмағандықтан "бәйгеге қосқан аттары түгел өліпті" Қой, Әжібай батырдың киелі әруағын аттамалық деген пәтуаға тоқтаған. Әзірше бұзғаны жоқ. Қызылбөріктің ата қонысы – Алматы, Есік, Түрген, Асы-Сағы, Шілікті /Шелек ауд. орталығы /Шарын өзенінің басынан Көлсайға дейінгі жер. Қазіргі Медеу мұз айдынында Құланаяндар отырған. Ақиық Құланаян Құлмағанбет ақынның аталары. /Құланаяннан: Айтқұл. Одан: Танабай, Одан: Жаңбыршы. Одан: Мамаш, одан: Медеу, Одан: Мамырайым, Ыбырайым. Мамырайымнан – Дәулетияр, Одан: Ұйқасбай т.б./. Әжібай батыр Асы жайлауында туған. Бозым, Әлмерек Абыздың, Айт,
Қалыбек батырдың Қоңырбөрік, Өтей батырдың Сегізсары,
Байсейіт батырдың, осылардың ізін баса даңқы шыққан Алжан Райымбек, Қыстық Малай т.б. батырлардың заманында өмір сүріп, ерен ерлік көрсеткен. Жоңғар империясынан ата-қонысын азат еткен Сарбаздарды басқарған. Батырдың ерлік жорықтары жайлы ел
жадында сақталған әңгіме, жыр көп. /ол өзі бір кітап. Біздікі энциклопедиялық мақала/. Соның бірі XX ғасырда Мем. Мұрахат қоймасынан табылған "Ер Әжібай" дастаны. Оны тегі Дулат, Әбзейіт / Абдолзейіт/ Мәлікеұлы жазған. Кітапты ҚР Ғылым академиясының ғалымы
Тоқтар Әлібектің ректорлығымен, Әжібай батырдың ұрпағы шығарған медицина ғылымының докторы, академик Кеңесбай Үшбайұлы 1997 ж.
Асысаға ауылында, Әжібай батыр мешітін орнатты.