Мемлекет қайраткері. 1930-1973 жылдары Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты селосында туған. Жалаңаш қазақ орта мектебін 1946 ж. бітірген. 1947 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1952 жылы үздік аяқтаған. 1952 жылы "Социалистік Қазақстан" газетіне қызметке алынған, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1960 ж. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті Ұ.Бағаевты Қызылорда облыстық "Ленин жолы" газетінің редакторы етіп тағайындады. Байсалды басшы, іскер азамат 1968 ж. Талдықорған облыстық "Октябрь туы " газетінде редактор қызметін атқарды. 1969 жылы республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің бас редакторлығы қызметіне шақырылды. Республика журналистері арасында үлкен құрметке ие болды. Қазақстан Компартиясының 1979 ж. қаңтарда өткен XIII съезінде Ұ.Бағаев Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланды. Содан кейін ол сегізінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ұ. Бағаев өмірінің соңғы жылдарында үлкен қоғамдық жұмыстар атқарып, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы ретінде Журналист кадрларын даярлауда көп күш жұмасады. "Дала жұлдыздары", "Жан сұлулығы" секілді тартымды, танымдық сипаты мол кітаптар жазды. Үкімет Ұ. Бағаевты Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапаттады. "Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" атағын берді. 1973 жылы 28 шілдеде қайтыс боды. Мүрдесі Алматы қаласының орталық зираты "Көктөбе" кеңшарында.
Бижанов Құсайын – елағасы Ұлы Отан соғысының ардагері
1920 жылы 4 қазанда Алматы облысы, Шелек ауданы Асы-Сағы ауылында туған. Асы-Сағы ауылындағы орталық мектепте оқып кейін Түрген педучилищесіне түсіп 1942 жылы бітірді. 1940 жылы Алматы облысы Кеген ауылындағы Ұзынбұлақ орталау мектебіне жіберіп, мұнда 1942 жылдың наурызына дейін мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып істеді.
1942 жылы қазан айында әскер қатарына шақырылып, сол жылы қарашада майданға аттанды. Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысты.
1956-1960 жылдары Алматы Жоғарғы партия мектебінде оқыды.
1960-1962 жылдары Нарынқол аудандық партия комитетінің хатшысы 1965-1969 жылдары Балқаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.
1969 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті Құсайын Бижановты Шелек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне жіберді. Бұл жұмыста 1983 жылғы мамыр айына дейін, яғни еңбек демалысына шыққанға дейін атқарады.
1971 жылы Құсайын Бижанов Қазақ ССр Жоғарғы Кеңесінің VII шақырылуына депутат болып сайланды.
Екі рет Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мүшелініне кандидат болып, облыстық, аудандық пария, кеңес органдарына отыз жылға тарта уақыт үзбей сайланды.
Отан алдында халық үшін сіңірген еңбегі жоғары бағаланып Құсайын Бижанов Ленин, Октябрь ревалюциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, I – дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз және Халықтар достығы ордендерімен, оннан астам медальдармен, үш рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Құсайын Бижанов дүниеден өткеннен кейін оның сіңірген еңбегі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен туған Еңбекшіқазақ ауданы "Октябрьдың 50 жылдығы" совхозды Қ.Бижанов атымен атады.
Шелек селосындағы бұрынғы Ленин атындағы мектепке Қ. Бижанов аты берілді. Шелек кең – шарында, Бақанас селосында көшеге аты берілді.