Бәйдібек Баба- алып


Құланаян Құлмамбет – халық ақыны



бет89/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   415

Құланаян Құлмамбет – халық ақыны


/шамамен 1829-30 жж. 1907ж./
Ақын Алматы облысы, қазіргі Райымбек /Кеген / ауданы Саты елдімекеніндегі атақты Алатаудың төсіндегі Көлсай көлінің жағасында туған. XIX- ғасырда өмір сүрген қазақтың шоқ жұлдызындай атақты ақындары Сарыарқаның саңлағы Түбекпен, Жетісудың аға сұлтаны Тезек төремен, Майкөт, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл секілді өлең-жырдың дарабоздарымен айтысқа түскен. Кеңестік дәуірдің сыңар I жақ саясатының нәтижесінде кімнің жеңіліп, кімнің жеңгенін анық білмей біз қалдық. Елін, жерін ел билеген білімдар азаматын жырлаған ақын байлықты мадақтаған болып табылды. Ал заманы жайлы ой толғандары "Зарзаманды" жырлаған, ескілікті көксегендер атанып атқа теріс мінді. Өлең сөздің өлмес өрнегін өрген Құлмамбет ақын да соның бірі.
Ақын атамыз қырғыз халқының жезтаңдай ақын қызы Қаламқас, Тұрсынаймен, Арқаның тұйғын ақын қызы Өзипамен айтысқан.
Құлмамбеттің қырғыздың батыр ханы /Бұғы руының/ Шабданға айтқан мына төмендегі өлеңімен – ақ оның өртке тиген дауылдай өрлігін, ұрда – жық емес, өрелі ұлы сөздің иесі екенін көруге болады.
"Болғанда ел ағадан, тон жағадан, Көкжал бөрі соғады тау сағадан. Сыртыңнан көрмесемде, ұғушы едім Жүрмісің батыр Шабдан есен - аман". Мен өзім Құлмамбетпін Құланаян, Екенім Құланаян құдайға аян.
Бұл жақта мұсылманға тақ боп тұрсың, Кеп тұрмын аруағыңа Қарқарадан. Албанда өткен екен Қашаған хан Серғазы сексен екі жасаған хан.
Алты ауыз арыз айтпай қаламын ба?


Атыңды аттаған босағаңнан. Албанда өткен екен Абақ, Жайнақ, Сайымбөлек өтіпті сан жылқы айдап. Бір сағаттай кідіріп келмей қалсам, Атқа міне жаздапсыз сорым қайнап
-деп ханнан да қаймықпайтын Құлмамбетей ақын ғана айта алады.
Ақын өмірінің соңғы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында, Алатаудың Қазықұрт тауымен түйісетін "Бел" деген жерінде тұратын туыстарына қоныс аударған.
1906 жылдың шамасымен туған жері Жетісуға қайта оралған. Жол бойы сырқаттанып келген Құлмамбет Алматы қаласының шығысындағы 60 шақырым жердегі атақонысы Түрген қыстағында дүние салады.
Ақырғы демі үзілер сәттегі тебіренісінде бірде бір адам атынан жаңылмай, оның шыққан тегіне дейін дәріптеп қоштасу жырына қосқан.
Атақты Құланаян Құлмамбет өлер алдында ағайын – туыстарымен қоштасу өлеңіндегі:
"Руымды сұрасаң, Қызылбөрік деген ел еді. Абықаға сәлем де – Асқар таудай бел еді Есімбекұлы Қожабек. Гүлдеген қызыл жел еді, Қожамқұлұлы Мақсұттың Бұлтпенен басы тең еді Тірлігінде Құлмамбет,
Бұлбұлдай болып сайрады. Аса теріп айтуға
Тілімді құдай байлады. Туған жерге өзімді


Алла – тағала айдады. Бұйыртты алла топырақ, Түрген деген қаладан. Жетпіс жеті жасымда, Көштім пәни жалғаннан"
-деген жыр жолдарына қарап, біз ақынды 1829 ж. Туған деп алдық.
1998 ж. Республика ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінің бағдарламасы бойынша, ғалым Тоқтар Әлібектің құрастыруымен: "Сөзімнің қыл сыймайды арасына..." атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Редакция алқасы: академик С.С. Қирабаев, З.А. Ахметов, Р.Б. Бердібаев, С.А. Қасқабасов /жауапты редактор/.
Шығарушылар: Х.Смағұлов ақынның мұрагер туысы, С.Медеубекұлы филология ғылымының кандидаты.
Х. Смағұловтың басшылығымен халқы Түрген елдімекенінде ескерткіш орнатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет