Бәйдібек Баба- алып


ЕЛІҢДІ СЫЙЛАСАҢ ЕРІҢДІ СЫЙЛА



бет163/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

ЕЛІҢДІ СЫЙЛАСАҢ ЕРІҢДІ СЫЙЛА


Балғаұлы Оразбақ Халық батыры
(шамамен 1740-1850 ж. арасында өмір сүрген)


Қожбанбет руының ұраны тарихи тұлға. Балғаұлы Оразбай Қазақ жерін Жоңғар империясынан азат еткен халық батырларының бірі. Барлық батырларға ортақ жазба тарих Оразбақта да жоқ. Ұрпақтан ұрпаққа сақталған аңыз бар. Ғасырлар бойы халық жүрегінде кез келген ер есімі сақталмайды. Бүкіл елі құрметтеген ердің ғана ерлік жолы ұмытылмайды. Оразбақ батыр солардың бірі. Ағызда Райымбек Түкеұлының сенімді серігі болған дейді. Он сегізінде орда бұзған. Жоңғарлармен Марқакөлде (Алтайдың Марқакөлі) өткен шешуші бір шайқаста Оразбақ қалмақтың дара батырларымен жекпе – жекке шығып жеңген екен.
Негізінде Қордай тауының етегінде “Аңырақай” шайқасынан кейін Жетісу жерін басқыншылардан азат етуді төрт бағытта жүргізу жоспарланады. Бұл Абылай ханның әскер басшылары Қарасай батырлардың ақ саұалы Қабанбай, Бөгенбай, Албан – Алжан Ханкелді, Шапырашты Наурызбай т.б. батырлардың ақылдаса жасаған жоспары. Іле дариясының күншығыс қапталындағы жерді (ғасырлап отырған) қалмақтардан азат ету майданына басшылық жасауды осы жолы батыр Райымбек Түкеұлына тапсырды. Сарбаздарға мың басы, жүз басын тағайындауды Райымбектің өзіне жүктейді. Жорық жоспары төмендегідей. Асы Далашық жорығын Қызылбөрік Әжібай, (Қылшеттік) Төлек батырға, Торыайғыр қыстық Малай батырға, Іленің қиыр шығысындағы үлкен, кіші Қалқан шоқысында өтетін жорықты Қожбанбет Бөлебай, Оразбақ Қоңырбөрік, Шормақ батырларғы, ал Іленің оңтүстігі Бұғыты, Көкбектен арғы жерді азат етуді Бозым Әлмерек, Айт Қалабек әулетінің батырларына бөлген. Әркім әртүрлі дерек айтады. Қазақ батырларынан Аңырақайда жеңілген қалмақтар: “Жеріңді босаттақ, алыңдар” деп керегесін көтеріп көшіп кетпеген.
Олар бұрынғыдан да топтасып әр қадам жер үшін шайқасқан. Біздің “білгіштер” әйгілі қолдан Церенді кез келген тесікке тығып,


қалмақтың Боранбай, Ағанас, Кеген (дін басы) т.б. батырларын көзге ілмейді. Ойда да, қырда да Қолдан Церенді жеңіп мәз. Қалмақ қолбасшылары Аңырақайдан кейін Көкбектіде бар сарбазын топтастырып, ақтық шайқас жасаған. Осы жорыққа Райымбек батырдың бас кеңесшілері Досалы Биеке би, Әлмерекұлы Қаракісі, Айт Қалыбек батыр, Бағай т.б. ел, жер жайын білетін батырлар мен елағалары болған. Оразбақ батыр осы шасқасқа қатысқан.
Бұғыты тауы мен Торыайғыр тауының ортасындағы Көкбекті жазығында өткен тарихи соғысқа Найман Матай, Шапыршты Наурызбай, Дулат Өтеген батырларда көмекке келген.
Сол қалмақтардың ең ақырғы жеңілісінің тілсіз куәсіз тек сарбаздардың сүйегінен пайда болған. “Ойрантөбе” қазір де бар. “Жердің аты – тарихың хаты” деп халық тауып айтқан. Біздің кейбір арзан атақ іздеген арзанқол қаламгерлеріміз, немесе тарихты білгенсымақтарымыз өз тауын биіктетіп, өзгенің тауын аласартуға жанын салады. Құдай тарихымызды солардың шатпағынан сақтасын. Оразбақ батыр осыдан кейін Алтай тауының Марқакөлінде өткен шайқаста, жеке сайыста аты жығылып қаза болған деген сөз бар.
Бұл ықылым дәуірден келе жатқан сөз. Ол заманның адамдары бүгінгі біздің кейбіріміз секілді Алла ар алдында жауапсыз емес, әр сөзін әдеппен айтып артына қалдырған ғой.
Зираты белгісіз. Батырдың баласы Оразбақұлы Боташ әкеден көргенін көгертіп ел ағасы болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет