Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
(ҰЖ) Талқылайық! Ұлттық сәндік өнермен таныстыру. Ою-өрнек – бұйымның бетіне түсірілетін нақыш. Өрнек нақыштары қайталанып, алмасып отырады. Өрнек нақыштары бір сызықтың бойында бірінен соң бірі тұрса, онда ол жолақты өрнек болады. Өрнектер әртүрлі пішіндерден тұрады. Олар: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша. Өсімдік тәрізді өрнектер де бар. Олар гүл, ағаш өрнектері. Жануарлар сипатымен байланысты өрнектер:
«қошқармүйіз», «түйетабан», «арқармүйіз». Аспан әлемін бейнелейтін өрнектер: «ай», «жұлдыз».
|
Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.
Ою-өрнек түрлерімен танысады, неге ұқсайтынын айтады.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.
Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Интербелсенді тақта. Презентация. Ою-өрнек түрлері
|
Сабақтың ортасы.
Мағынаны ашу.
20 минут
|
Сергіту сәті: «Ою өрнек» өлең жолдарын мұғалімнің жетекшілігімен қайталатып, сергіту жаттығуын жасату.
Ал, балалар, тұрайық, Ою-өрнек сызайық, Қошқармүйіз, тұмарша Құстұмсық пен ирек су
Қолға қалам алайық, Әдемі, ою-өрнек әлемі,
|
Сергіту сәтін жасайды.
Оқушылар қызықты ақпаратпен танысады.
Сурет салу дәптерін көлденеңінен қойып дайындап алады, шеңбердің ортасын тауып белгілейді.
|
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|