Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
(ҰЖ) Талқылайық! Оқушыларға тақырыпқа сай видео көрсету. https://youtu.be/Eq6cCrdSqmg
Балалар, мына бейнежазбадан не түсіндіңдер?
Үйлеріңде оюлы не бар? Оқушылардың жауаптары.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, қалай ойлайсыңдар?
Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіреді:
– Біз енді сәндік-қолданбалы өнер туралы білеміз. Қазір біз ыдыстарды түрлі-түсті қағаздан жасайтын боламыз.
«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымымен танысу.
Сәндік-қолданбалы өнер деп тұрмыста қолданылатын әртүрлі көркем бұйым жасауды айтады. Оларға әшекей бұйымдар, тоқыма бұйымдар, қару-жарақ, жиһаздар, үй жабдықтары, киім, ойыншықтар т.б жатады.
Ұлттық сәндік өнермен таныстыру. Ою-өрнек – бұйымның бетіне түсірілетін нақыш.
Ұлттық ыдыс-аяқтардың түрлерімен танысу.
Ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыстарға аса мән беретін болған. Олар ыдысты көбіне ағаштан, мал терісінен, металдан және саз балшықтан жасаған. Қолөнер – ерте заманнан бері атадан балаға мұра болып келе жатқан өнер түрі. Әртүрлі ұлт өкілдерінің тұрмысында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқ түрлері сан ғасырлар
сынынан өтіп, сомдалған қолөнердің озық үлгілері болып
|
Бейнежазбаны көргеннен соң, тақырыпты шығарады.
Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.
Торсық туралы мәлімет алады. Ою-өрнек түрлерімен танысады, аппликация ұғымымен танысады, Симметрия ұғымымен таныс болады.
|
Оқушыларды қол шапалақтау арқылы бағалау
.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.
Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
https://youtu.be/Eq6cCrdSqmg
Интербелсенді тақта. Презентация. Торсық суреті, ою-өрнек түрлері,
"Қазақ халқының көне ыдыс- аяктары" (kopilkaurokov.ru)
|