17.Органикалық қосылыстардың ӛнеркәсіптік алыну жолын (синтезін) оқытудың әдістемелік ұстанымдарын жазыңыз.
Органикалық қосылыстарды тегіне байланысты табиғи және синтездік деп екі үлкен топқа бөлуге болады. Табиғи органикалық заттарға: табиғи газ, мұнай, көмір, шымтезек (торф), тақтатас (сланец), озокерит, мақта және орман шаруашылығының өнімдері, ауылшаруашылығының қалдықтары, т.б. жатады. Синтездік органикалық заттарды органикалық синтез арқылы жасанды жолмен алады.
Табиғи газдар, негізінен, (96%-ға дейін) метаннан тұрады. Дайын күйінде пайдаланылады және әртүрлі органикалық заттар алу үшін, шикізат ретінде қолданылады.
Мұнай - органикалық заттардың күрделі қоспасы.
Мұнайды өңдеп, бензин, керосин және басқа жанармайлар, жағармайлар алады. Сонымен қатар мұнай маңызды органикалық шикізат болып табылады.
Тас көміротын ретінде қолданылады және одан көптеген органикалық заттар алынады.
Битумды және жанғыш тақтатастарды өңдеу арқылы бензин және басқа отындар, майлар, битум, тұрмыстық газ, т.б. заттар алынады.
Шымтезектен қаныққан көмірсутектер, органикалық қышқылдар, фенол, т.б. органикалық заттар алынады.
Целлюлоза, негізінен, мақта талшығы (95-98%) мен ағаш сүрегінің (40-50%) құрамында болады. Целлюлозадан жасанды талшықтар, қағаз, спирт, эфирлер және эфир майларын алады.
Ауылшаруашылығы өнімдері мен олардың қалдықтарынан крахмал, сахароза, глюкоза, витаминдер және басқа өнімдер алынады.
Синтездік жолмен сан алуан органикалық заттар синтездеуге болады. Олардың шикізаттары, негізінен, мұнай, газ және жоғарыда аталған басқа заттар болып табылады. Мысалы, әртүрлі полимерлер, дәрі-дәрмектер, жасанды және синтездік талшықтар мен каучуктар, органикалық бояулар, т.б. көптеген заттар синтездік жолмен алынады. Табиғатта кездесетін заттармен қатар табиғатта ұшыраспайтын заттарды да синтездеуге болады. Сонымен қатар, заттарды синтездеу арқылы бағалы табиғи заттарды үнемдеуге мүмкіндік туады.
Органикалық заттардың құрамында міндетті түрде көміртек атомы болады. Органикалық химия көмірсутектер мен олардың туындыларын зерттейді. Органикалық заттардың қасиеттерінде бейорганикалық заттардан біраз өзгешеліктер бар. Олар төмен температураларда балқып қайнайды, оңай айырылады және жанғыш болып келеді. Органикалық заттардың саны өте көп, табиғатта кең таралған және оларды синтездеп алуға да болады. Органикалық заттардың санының көп болуы көміртек атомының ерекше қасиеттеріне байланысты. Органикалық қосылыс құрамындағы көміртек атомдары өзара тізбектеліп, тармақталып және тұйықталып байланыса алады.
18.Өндірісті оқытуда насихаттаушылық жұмыстардың ерекшеліктерін көрсетіңіз. Өндірістік мазмұнды есептер - өндіріс материалын үйренудің сапалылығын арттырудың факторларының бірі екенін дәлелдеңіз.
Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюі жан – жақты ластануға әкеп соқтырды. ҚР - да қоршаған ортаның ластануы болмаған бірде – бір аймақ қалған жоқ. Осындай антропогендік факторлармен күресу үшін жастарға экологиялық білім беру қажет. Оқушыларға экологиялық білім беру үрдісін жүргізуде химия курсының маңызы зор. Сондықтан оқушы теориялық сипаттағы экологияландырылған сұрақтарға жауапты өз бетінше іздей отырып, экологиялық мазмұндағы есептерді шешуге тырысады. Оқушылар бірігіп топпен жұмыс жасау арқылы пәнге қызығушылық сезімі оянады.
Өндірістік оқытудың мақсаты – анықталған мамандық бойынша оқушының бойында негізгі кәсіби шеберлікті қалыптастыру;
Өндірістік оқытудың негізі – бұл оқу-тәрбиелік мәселерді шешу жолындағы оқушылардың өндірістік еңбегі.
Өндірістік оқытудың мазмұны – оқылатын мамандық негізінде оқушыларға білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Өндірістік оқыту үрдісі – теория мен практиканың тығыз байланысы.
Практикалық білік пен дағды даму, тереңдетілу және кеңею барысында қалыптасады. Өндірістік оқыту теориялық оқытуға қарағанда небәрі күрделі және кең ауқымды. Соған байланысты, өндірістік оқыту шеберінің ақпараттық қызметі, басқаруы, бағыт беруі және нұсқаулық қызметі оқытушымен салыстырғанда ауқымды.
Өндірістік оқытудың өз дәрежесінде өтуі оқыту құралдарына, материалды-техникалық базаға және оқушының оқу өндірістік әрекетіне байланысты.
Өндірістік оқыту негізінде қалыптасқан негізгі түсініктер:
Білім негізінде оқушылардың пән туралы түсінігін, табиғат және қоғам заңдылықтарын, педагогикалық үрдіске бағытталған өзіндік білім және өмірлік тәжірибе түсініктерін қарастыруға болады.
Білік – бұл оқушылардың ақылды түрде әңбек әрекеттерін орындауға, мәселеге байланысты орнықты нәтижеге қол жеткізуге дайындау.
Дағды – бұл кейбір компоненттерді көп орындау, қайталау нәтижесінде автоматты түрде жоғары дәрежеде орындайтын біліктіліктің бір түрі. Басқаша айтқанда, дағды – бұл білімдерді автоматты түрге жеткізу.
Өндірістік оқытудың формасы – бұл оқу – тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру әдісі, оқушылардың оқу өндірістік әрекеттерін анықтау, осы әрекеттерге басшылық жасау және сабақ құрылымы.
Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы бұл тоқтаусыз сабақтың уақыты, оның мазмұны және оқытушы жағынан оқушылар әрекетін бақылау.
Өндірістік оқытудың негізгі талаптары:
Мақсаттың анықтылығы және мазмұнның анықтылығы;
Сабақ өтілетін оқушылардың тұрақтылығы және біртұтастығы;
Уақыты анық және белгіленген;
Өткізілудің жиілігі;
Ұйымдастыру анықтылығы;
Өндірістік оқытуда шебердің басқарушылық ролі.
Сабақтан тыс өндірістік оқыту формасына сипаттама бере отырып, осы аталған критерия-сипаттамаларды басқару керек.
Өндірістік оқытудың сабақ типтері
Сабақтар өткізілу әдістемесіне және ұйымдастырылу түріне байланысты классификацияланады.
Жалпы дидактикада оқу үрдісі сабақ формасына байланысты негізгі дидактикалық мақсаттары анықталады: жаңа білім беру сабағы, білімді қорытындылау және сабақты қорытындылау, қайталау сабағы және т.б. өндірістік оқыту сабағында да дәл осылай классификациялауға болады: алғашқы білімдерді қалыптастыру, дағдыларды қалыптастыру, күрделі білімдерді қалыптастыру. Бірақ бұл бөліну өндірістік сабақтың шынайы талаптарына жауап бере алмайды. Әдетте өндірістік сабақта оның нақты дидактикалық мақсаттарын анықтау мүмкін емес, оны кешенді орындау арқылы анықтайды.
Мазмұны бойынша өндірістік сабақтар мынадай типтерге бөлінеді:
Еңбек әдістері мен операцияларын оқу сабағы;
Кешенді жұмыстарды орындау сабағы;
Бақылау сабағы.
Бұл өткен сабақтың нақты әдістемесін анықтауға мүмкіндік береді.
Өндірістік оқыту сабағы теориялық оқыту сабағына қарағанда жеңіл және негізгі үш элементтен тұрады: кіріспе нұсқау, негізгі бөлім (оқушылардың өзіндік жұмыстары және жаттығулар, шебердің ағымдағы нұсқауы), қорытынды ағым.
Өндірістік сабақтың осы элементтер жүйелі түрде жүруі маңызды.
Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формасы.
Өндірістік оқытудың сабақтық формасы оқыту шебері өз тобымен бірге оқу шеберханасында, оқу өндірісінде өткізіледі. Өндірістік оқытудың негізгі формалары:
Оқушыларды оқу ұжымында оқыту;
Оқушыларды білікті жұмысшалар ұжымында оқыту;
Оқушыны жеке дара білікті жұмысшыға бекіту;
Өндірістік саяхат;
Үй тапсырмасын орындау;
Өндірістік оқытудың ұйымдастыру формасы.
Өндірістік сабақтың өту түріне, шебердің оқыту іс-әрекетіне байланысты өндірістік сабақтың ұйымдастырылу түрі анықталады.
Өндірістік оқытудың негізгі ұйымдастырылу формасы:
Фронталды-топтық – шебер барлық оқушылармен бір уақытта жұмыс жасайды. Сабақтың мақсаты: барлық топ оқушыларына ортақ.
Топпен-оқытушы (шебер, білкті жұмысшы) бөлінген топпен бір уақытта жұмыс жасайды. Әр топтың оқу өндірістік мақсаты болады.
Жеке-дара оқыту жеке өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |