Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлерін атап, оларды жіктеңіз



бет17/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра

21. Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлерін атап, оларды жіктеңіз.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Оқытудың көрнекі және техникалық құралдарын қолдану материалды тиімді игеруге жағдай жасайды. Сонымен қоса оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады, өмірмен байланыстыру қабілеттерін дамытады, байқағыштыққа тәрбиелейді, оқуға деген қызығушылығын арттырады және білім санада ұзақ сақталып, игеріледі.
Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.

Көрнекілік пәнді оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі. Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде, бақылау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді:


- көру көрнекіліктері және есту көрнекіліктері.
Көру көрнекіліктеріне сызба, үлестірмелі кесте қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы сол пәннің қоршаған ортамен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жанжақты мағлұмат алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет