59. Периодтық жүйедегі периодтар мен топтар ұғымын қалыптастыру әдістемесін мысал келтіре отырып сипаттаңыз. Периодтық заңның ашылуы және периодтық жүйенің жасалуы біздің дүниені әлемді тануымызға көп ықпал жасады. Периодтық заң химиялық элементтердің өзара байланысуын, олардың ядро зарядтарының өсуін қасиеттерінің өзгеріп отыруын, периодтық жүйе нақтырақ санның сапаға ауысатынын көрсетіп берді нақтылап берді.
Элементердің периодтық жүйесінің химияның дамуында маңызы аса зор. Периодтық жүйе болашақтағы зерттеулердің басты құралы болып табылады. Д.И. Менделеев периодтық заң негізінде кесте құрастырғанда көптеген элементтер аты орны белгісіз болды. Белгісіз элеметтердің және олардың қасиеттерін алдын – ала болжай алдып бос орын қалдырып отырылған. 15 жыл бойы Д.И. Менделеевтің айтқан болжамдары орылған болатын.
Периодтық жүйе кейбір элементтердің валенттілігі мен атомдық массаларының айқын және анық болуына маңызы зор болды. Мысалы, бериллий элементін көп уақыттарға дейін алюминий элементіне ұқсас деп есептеп, оған бериллий оксиді (|||) формуласы сәйкес келеді деп қолданылып келген біраз уақыттардан кейін,бериллий оксидінің пайыздық құрамын толықтай есептей келе бериллийдің атомдық массасы 13,5 екені анық болғандықтан.Ал оның периодтық жүйедегі бериллийдің жалғыз ғана орны бар – ол магнийдің үстінде орналасқан, соған сәйкес бериллий оксиді(|||) формуласы,бериллий оксиді (||)болып өзгерген ал оның атомдық массасы 10 – ға тең болды.
Д.И. Менделеев периодтық жүйені құрастырғанда элементтердің атомдық массаларының өсуін негізге ала отырып жасаған болатын . Бірақ кестеде үш жағдай бұл принциптерге сәйкес келмеді. Аргон (атомдық массасы 39,948) калийге (39,098) дейін орналасқан, ал кобальт (58,9332) никельге (58,70) дейін орналасқан болатын, теллур (127,60) иодқа (126,9045) дейін орналасқандықтан. Сондықтан ол атомдық массаларды ғана ескермей,элеметтердің барлық қасиеттері жиынтығына көңіл аударылды және қазіргі кезде қолданылып жүрген периодтық жүйеге сәйкес келеді.
60. Электролиттік диссоциация үрдісін оқытудағы әдістеменің мәнін ашыңыз. Мысал келтіріңіз. “Электролиттік диссоциация теориясы” тақырыбында мынадай мәселелер: қышқылдардың гидроксоний иондары, тұздардың гидролизі, бейорганикалық қосылыстар электрондық-иондық ұғымдар тұрғысынан қарастырылады.
Электролиттік диссоциация теориясын қарастырудың алғашқы кезеңінде оқушыларға теорияның негізгі жағдайларымен таныстырады:
Су ерітіндісіндегі қышқыл, негіз және тұздар олардың жеке моекула қалпында емес, гидраттанған иондар түрінде болады.
Иондардың атомдар мен молекулалардан айырмашылығы олардың не оң не теріс заряды және атомдардан өзгеше қасиеттері бар.
Ерітіндідегі иондар молекулалар сияқты ретсіз қозғалыста болады.
Электролиттік диссоциациялану теориясының ұғымдарын қалыптастыру Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың сарамандықта қалыптасқан екі әдістемелік тәсілі бар: Бірінші тәсіл- ерітінділердің электрөткізгіштігін сынаудан бастап диссоциацияланудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл-алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғаннан кейін ерітінділердің электр өткізгіштігін сынау. Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары түсіндіріледі.
Осы айтылған екі тәсілді жүеге асырғанда қойылған көрнекі көрсету және зертханалық тәжірибелерді бақылаудан оқушыларда кейбір ерітінділердің электр тогын өткізіп, енді біреулерінің өткізбейтіні, химиялық реакциялардың еріген заттар арасында ғана жүретіні неліктен деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін мына ұғымдар қалыптастырылады: ерітіндіде иондар түзілу механизмі; диссоциациялану дәрежесі және оған сұйытылудың әсері; күшті және әлсіз электролиттер, элемент атомы мен ионның айырмашылығы, электролиттер арасындағы алмасу реакциялары және олардың ақырына дейін жүру жағдайлары; тұздар шидролизі, бейорганикалық қосылыстар қасиеттерінің иондық құрамына тәуелділігі.
Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары түсіндіріледі.
Электролиттер ерігенде оң және теріс зарядталған иондарға ыдырайды, оң иондар зарядтарының қосындысы теріс иондар зарядтарының қосындысына тең болады.
“Ион” гректің “кезеген” деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Иондар-заряды бар атомдар немесе атомдар тобы. Иондар ерітіндіде ретсіз қозғалып жүреді. Тұрақты электр тогын жібергенде оң зарядталған иондар катодқа тартылады, сондықтан катиондар деп аталады, теріс зарядты иондар анодқа тартылатындықтан аниондар делінеді.
Катодта және анодта электр тогының әсерінен тотығу және тотықсыздану әрекеттері жүзеге асады.
Электролиттік диссоциациялану-қайтымды әрекет. Иондардың концентрациясы артқанда иондануға кері әрекет-мольдену жүзеге асады. Электролит ерітінділеріне химиялық тепе-теңдіктің заңдылықтарын қолдануға болады