3. Оксидтердің қасиеттері, алу жолдары, қолданылуы
Оксидтер дегеніміз екі элементтен тұратын оның бірі оттегі болатын күрделі заттар.
Күрделі қосылыстардың үлкен бір тобы (класы) - оксидтер. Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).
Қышқылдық оксидтерге - қышқылдар, негіздік оксидтерге - негіздер сәйкес келеді. Р2О5→Н3РО4; SО3→H2SО4; Na2О→NaОH; СаО→Са(ОН)2. Ал екідайлы оксидтерге кышқылдар да, негіздер де сәйкес келеді, мысалы,
H2ZnО2 ← ZnO→ Zn(OH)2
Оксидтердің жіктелуі. Бейметалдардың оксидтері - қышқылдық оксидтер, ал белсенді металдардың оксидтері - негіздік болып келеді.
Егер металл айнымалы валенттілік көрсетсе, оның төменгі валенттілігіне сәйкес оксиді - негіздік, аралық валенттілігіне сәйкесі - екідайлы, ал жоғары валенттілігіне сәйкесі қышқылдық оксид болады.
Оксидтердің аталуы. Кейбір оксидтер үшін қарапайым (үйреншікті) атаулары бар, олар ертеден қолданылып келеді. АІ2О3 - глинозем, SiО2 - кремнезем. Егер оксид түзетін элемент әр түрлі валенттілік көрсететін болса, онда оксид түзетін элементтің атынан кейін жақша ішінде рим саны арқылы валенттілігі көрсетіледі. Мысалы, FеО- темір (ІІ) оксиді, Fе2О3- темір (ІІІ) оксиді, Р2О3- фосфор(ІІІ) оксиді.
Оксидтердің алынуы. Оксидтердің алынуының бірнеше тәсілі бар.
1.Жай және күрделі заттарды жағу аркылы:
а) бейметалдарды:
C+O2=CO2
S+O2=SO2
ә) металдарды тотықтыру арқылы:
2Cu+O2=2CuO
2Mg+O2=2MgO
б) күрделі заттарды:
CH4+2O2=CO2+2H2O
2H2S+3O2=2H2O+2SO2
2.Ерімейтін негіздер, тұздар, қышқылдарды айыру аркылы:
2Fe(OH)3→Fe2O3+3H2O
CaCO3→CaO+CO2
H2SiO3→H2O+SiO2
3.Оксидтерді әрі карай тотыктыру аркылы:
2SO2 + O2 = 2SO3
4FeO + O2 = 2Fe2O3
Оксидтердің физикалық қасиеттері. Оксидтер үш агрегаттық күйде болады: мысалы,
• CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;
• CO2, SO2, NO2 - газдар;
• H2O, N2O3(t<0) - сұйық.
Оксидтердің түстері де әр түрлі: Ғе2О3 - қызыл-қоңыр, CuO - кара, Сr2O3 - жасыл, ZnO, MgO - ақ, МnO2 - кою қоңыр, SnO - кою көк түсті, т.б.
Иістері де әр алуан түрлі болып келеді. SО2, SО3, NО2, Р2О5 - тұншықтырғыш иісті. CO, NO, СО2 - иіссіз.
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Оксидтердің касиеттері олардың, қандай элементтердің оксидтері екендігімен анықталады.
Қышқылдық оксидтердің қасиеттері. 1.Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді:
Р2O5 + ЗН2O =2Н3РO4;
SO2 + H2O = H2SO3;
СO2 + Н2O = Н2СO3
Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі
2.Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді
CO2 + CaO = CaCO3
P2O5 + 3Na2O =2Na3PO4
3.Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су түзеді.
SO3 +2NaOH = Na2SO4 + H2O
CrО3 + Ca(OH)2 = CaCrO4 +H2O
Негіздік оксидтердің қасиеттері. 1.Белсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзеді
Na2O + H2O =2NaOH
CaO + H2O =Ca(OH)2
Осы реакциялардың ішінен екіншісін тәжірибе жасап көрсек, яғни сөндірілмеген әкке су құйып, үстіне бір тамшы фенолфталеин тамызсақ, оның түсі таңкурай түске өзгереді, ол әрине сілтінің ерітіндісі түзілгендігіне дәлел болады.
2.Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді
CaO + 2HCl = CaCl2 + H2O
CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O
Екідайлы оксидтердің қасиеттері. Олар негізінен қатты күйде кездеседі.
1)Қышқылдармен әрекеттескенде негіздік оксидтің қасиетін көрсетеді:
ZnO+2HCl=ZnCl2+Н2O
2) Сілтілермен әрекеттескенде қышқылдық оксидтің қасиетін көрсетеді. Түзілген тұздың формуласын жазу үшін оксид формуласына ойша бір молекула су қосып, сәйкес қышқылдың формуласын шығарып аламыз. (ZnО + H2О = H2ZnО2) әрі қарай қышқыл мен негіз әрекеттескен сияқты болады. Олардың қолданылу аясы өте кең:
ZnО + 2NaОH = Na2ZnО2 + H2О
Оксидтердің қолданылуы. Көміртегі (ІV) оксиді–тамақ өнеркәсібінде (копсытқыш ретінде ); өрт сөндіруде; газдалған сусындар өндірісінде қолданылады; CaO - сөндірілмеген әк, құрылыста қолданылады; ZnO - мырыш бояуларын алуда; Сr2O3 - жасыл бояу алуда;.SiO2 - шыны өндірісінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |