Негіздердің химиялық қасиеттері.
Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері олардың қышқылдармен, қышқылдық және амфотерлік оксидтермен немесе гидроксидтермен тұз түзе әрекеттесуі. Сілтілік металдар гидроксидтері қыздыруға төзімді.
Барлық негіздерге ортақ қасиет олардың қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзуі.
Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуі
Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін мына тәжірибеден көруге болады. Стаканға шамалап калий гидроксидін құйып алып, оған 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызсақ ол таңқурай түсіне боялады. Енді осы стаканға жайлап шыны таяқшамен араластыра отырып күкірт қышқылының ерітіндісін тамызсақ, ерітіндінің түсі біртіндеп жойылады. Себебі мына реакция жүреді:
2КОН + H2SO4 = K2SO4 + 2Н2О
Суда ерімейтін негіздер де қышкылдармен әрекеттеседі.
Ғе(ОН)3+ЗНСl = ҒеСl3+ЗН2O
Осы реакцияның жүргенін бастапқы қызыл-коңыр түстің біртіндеп сарғыш тартқанынан және тұнбаның еруінен білуге болады.
3. Сілтілердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі
Сынауыққа жаңадан әзірленген әк суынан аздап құйып алып, оған шыны түтікпен үрлесек, біраздан кейін лай пайда болады, себебі біз тыныс алғанда бөлінген көмірқышқыл газы реакцияға түседі:
Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O
Суда ерімтал негіздердің (сілтілер) ерекше қасиеттері - ерімтал тұздармен әрекеттесе алуы.
4. Сілтілердің суда ерімтал тұздармен әрекеттесуі
Бұл реакция жүру үшін нәтижесінде бір зат тұнбаға түсуі керек.
3NaOH + FeCl3 = Fe(OH)3↓ +3NaCl
Ba(ОH)2 + Na2SО4 = BaSО 4↓ + 2NaOH
5. Суда ерімейтін термиялық ыдырауы олардың ерекше қасиеттері болып табылады
Cu(ОH)2t→ СuО + H2О — Q
Екідайлы негіздердің қасиеттері. Олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз және су түзеді, негіздік қасиет көрсетеді.
Zn(ОH)2 + H2SО4 = ZnSО4 +2H20
Ал сілтілермен әрекеттескенде қышқылдың қасиет көрсетеді. Ендеше негіздің формуласын қышқыл ретінде жазып аламыз:
Zn(OH)2→ H2ZnO2
H2ZnO2 + 2NaOH = Na2ZnO2 + 2H2O
5.Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Бейорганикалық қосылыстардыі қандай кластарын білесіңдер?
2.Оксидтер класына қандай бейорганикалық заттар жатады?
3.Негіздер деп қандай қосылыстарды айтады? Мысал келтіріңіз.
4.Қышқылдар класына қандай бейорганикалық заттар жатады?
5.Орта тұздар негіздік және қышқылдық тұздарға өтуі мүмкін бе?
6.Қышқылдық тұздар негіздік және орта тұздарға өтуі мүмкінбе?
7.Амфотерлі гидроксидтер қандай химиялық қасиет көрсетеді?
8.Негіздік оксидтердің қатарын көрсетіңіз :
А) Li2O,K2O,P2O5
B) K2O,Na2O,CaO
C) K2O,ZnO,FeO
D) Fe2O3,SO2,NO2
E) CuO,ZnO,CO2
9.Қышқылдық оксидтердің қатары:
A) Li2O,K2O,P2O5
B) K2O,Na2O, NO2
C) P2O5 ,N2O3,SO3
D)Fe2O3,SO2,CaO
E) CuO,ZnO,CO2
10.Амфотерлі оксидтердің қатары:
A) Li2O, K2O, P2O5
B) K2O, Na2O, NO2
C) ZnO, Al2O3, BeO2
D) Fe2O3, SO2, CaO
E) CuO,ZnO,CO2
11.Берілген CuOHCl негіздік тұзды орта тұзға ненің әсерімен айналдыруға
болады?
А) HCl
В)NaOH
С) H2O
D) Cu(OH)2
Е) Cl2O7
12. Күшті негіздік қасиет көрсететін гидроксид:
А) NaOH
B)Mg(OH)2
C)Al(OH)3
D)Si(OH)4
E) Mn(OH)2
13.Сілтімен реакцияға түспейтін оксид:
A) ZnO
B) MgO
C) P2O5
D) CrO3
E) Mn2O7
14.Қай реакция нәтижесінде қышқыл тұз алынуы мүмкін?
A) CaCO3 + CO2 + H2O =
B) Ca(OH)2 + HNO3 =
C) Ca(OH)2 + HBr =
D) HNO3 + Bi(OH)3 =
E) NaOH + HCl =
15. Натрий гидроксидіндегі металдың массалық үлесі (%):
A) 22,2
B) 39,9
C) 48,2
D)44,0
E)57,5
16. Азот қышқылының ангидриді болатын оксид:
А)N2O3 B) NO C) NO2 D) N2O5 E)N2O
17.Амфотерлі қасиет көрсетеді:
A) KOH
B) Al(OH)3
C) N2O3
D) SiO2
E) Cl2O7
18.Металл натрий сумен әрекеттескенде 0,25моль сутегі бөлінді.Түзілген
натрий гидроксидінің массасы қандай?
A)10 г B) 20 г C) 25 г D) 45 г E) 8 г
19.Тұз қышқылымен әрекеттесетін заттар:1.ZnSO4 2.Fe(OH)2 3.H2SiO3
4.MgO 5.Hg 6.K2CO3 7. Zn
A)1,2,4
B) 2,4,6
C) 2,4,6,7
D) 1,2,3,7
E) 2,4,5
20. Төмендегі заттардың қайсысы суға ерігенде қышқыл түзеді:
A) NаСІ
B) СаО
C) SО3
D) NН3
Е) N2О5
21.Металл натрий сумен әрекеттескенде 0,25моль сутегі бөлінді.
Түзілген натрий гидроксидінің массасы қандай?
A) 10г
B)20г
C) 25г
D) 45г
E) 8г
22. Төмендегі көрсетілген екі жұп реакциялардың қайсысында іс жүзінде
әрекеттесулер болады?
А) NаОН + СuСІ2→ және К2СО3 + НСІ→
В) ВаSО4 + КNО3 → және Zn(ОН)2+ НСІ→
С) NаСІ + Н2SО4 → және АІ(ОН)3+ NаОН →
Д) Са(НСО3)2+ КОН→ және К2SіО3 + СаСІ2→
Е) С) КСІ + NаОН → және НСІ + NаОН →
Достарыңызбен бөлісу: |