Тұздың тұзбен әрекеттесуі
а) Барий хлориді (не барий нитраты) ерітіндісіне калий сульфаты (не натрий сульфаты) ерітіндісін құйып, тұнба түзілуін байқаңыз.
ә) Барий тұзы ерітіндісіне MgSO4, Al2(SO4)3 ерітінділерін құйып тұнбалардың түсуіне көз жеткізіңіз. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
Металдың басқа металл тұзымен әрекеттесуі
а) Фарфор табақшаға 2–3 мл сынап нитраты (ІІ) ерітіндісін құйып, оған 5 не 10 теңгелік монета салыңыз да 2–3 минуттан кейін монеталарды алып, оны сүзгі қағазбен сүртіңіз. Монеталардың түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңыз. (Тәжірибе дұрыс шығуы үшін монеталарды алдымен азот қышқылында жуып сүрту қажет).
ә) Пробиркаға аздап CuSO4 ерітіндісін құйып, оған 2–3 мырыш түйіршігін салып, пробирканы ерітінді қайнағанша қыздырыңыз. Сонда ерітінді түссізденіп, мыс бөлінгені байқалады. Түссіз сұйықты фарфор табақшаға құйып, жалынға ұстайды. Ол буланғаннан кейін суалтыңыз. Салқындағаннан кейін түссіз мырыш купоросы ZnSO4 · 7H2O кристалдарының түзілуіне назар аударып, реакция теңдеуін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |