Негіздік оксидтің қышқылмен әрекеттесуі
0,5 г шамасындағы қорғасын оксидін пробиркаға салып, оның үстіне тұз қышқылының 10 проценттік ерітіндісін құйып, бірнеше минут қайнатыңыз. Түзілген ерітіндіні басқа пробиркаға тұндырып құйып алыңыз да, хлорлы қорғасынның ақ түсті кристалы түзілуі үшін пробиркадағы сұйықты салқындатып, реакция теңдеуін жазыңыз.
Гидроксидтің қышқылдық оксидпен әрекеттесуі
Пробиркаға 1 – 2 мл ізбес суы Са(ОН)2 ерітіндісін құйып, оған түтік арқылы үрлеңіз, не Кипп аппаратынан көмір қышқыл газын жіберіңіз. Тұнба түзілуін және одан әрі СО2 жібере бергенде алғаш түзілген тұнбаның еруін еске алып, реакция теңдеулерін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |